22 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Си Цзиньпин Президентімізді «Қытай халқының досы» деп атады

10 февраль 2022, 11:27
Си Цзиньпин Президентімізді «Қытай халқының досы» деп атады
Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі қоғамдық-саяси тақырыптарға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қамтитын «Qogam live» атты жаңа жобаны ұсынады. Жоба интервью мен комментарий форматында жарыққа шығатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғам өміріндегі өзекті мәселелерге қатысты бүгін өз ойын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана Қытай мемлекетінде өтіп жатқан 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқан болатын. Мемлекет басшысының осы сапары туралы айтып өтсеңіз.

– Бұл сапар өте жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің дүйсенбідегі санында «Олимпиадалық дипломатия немесе Президент Қытай еліне қалай барып қайтты» деген мақаламда жан-жақты жаздым. Шыны керек, сапардың символикалық мәні өте зор. Оның үстіне Қытайдың күнтізбесі бойынша бұл сапар Жаңа жылмен сәйкес келді. Көрші мемлекеттің Президентімізге деген құрметі айрықша сезілді. Ол туралы мақалада жан-жақты айтылған. Си Цзиньпинмен болған кездесуден кейін Мемлекет басшысы Қытай еліне Олимпиаданың ашылуына барған біраз шет мемлекеттердің Президенттерімен бейресми кездесу өткізді. Біз оны ресми релизге, ақпаратқа бере алмағандықтан осы мақаламда толық қамтыдым. Мысалы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Антонио Гутьерреспен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, сол сияқты Польша, Сингапур, Пәкістан Премьер-Министрімен, Катардың Әмірімен, көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің президенттерімен жылы шырайлы жақсы кездесулер өткізді. Мемлекет басшысының «Қасіретті қаңтар» деп аталған қаңтар оқиғасы кезіндегі жағдайда тоқталған шешімдеріне барлығы бірдей қолдау білдіргендерін атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы биылғы алғашқы шетелге шыққан іс-сапарына көңілі толғандығын айтты. Жалпы, Мемлекет басшысының 2019 жылы «ССTV» арнасына берген сұхбаты бар, осы кезде Қытай жұртшылығы бір көтеріліп қалған болатын. Өйткені өзге елдің басшысы қытай тілінде сұхбат бергенін өте жылы қабылдаған. Жалпы, Си Цзиньпин бүкіл Қытайлық халық жиналысының зәулім ғимаратында өткен келіссөздердің басында біздің Президентімізді «Қытай халқының досы» деп атауының өзі де Мемлекет басшысына берген құрмет бағына болса керек.

– Жалпы, Қазақстан халқы ассамблеясы жайында айтып өтсеңіз...

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты екі рет қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағыттарын күшейту мәселелері қаралды.

Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, ассамблеяның Қазақстан халқын азаматтық біртектілік пен бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды.

Екінші кездесуде Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындылары туралы есебін тыңдады. Жалпы, ассамблеяға қарасты барлық құрылымдардың нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттілігі де айтылды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлуі керектігін атап өткен болатын.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыруды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Марат Әзілхановқа тапсырған еді.

Жұмыстардың барлығын Әзілханов мырза пысықтап, ойдағыдай жүргізіп жатыр деп ойлаймын.

– Мемлекет басшысының келесі жұмыс сапары қай елде болмақ? Жалпы, тағы да қандай жағымды жаңалықтарыңызбен қуанта аласыз?

– Мемлекет басшысы ертең Ресей Федерациясына қысқа мерзімді жұмыс сапарымен бара жатыр, оны мен халыққа арнайы анонс ретінде жарияладым.

Яғни, 10 ақпанда, Қазақстан Президенті Ресей Федерация Президенті В.Путиннің шақыруымен келіссөз жүргізеді.

Кездесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасында көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланып отыр, сол сияқты бірқатар ел арасындағы құжаттарға қол қояды. Содан кейін, 11 ақпан күні Президент жұмыс сапарымен Қазан қаласына барады. Ол жақта Татарстан Президенті Рустам Нургалиевич Миннихановпен кездеседі.

Сондай-ақ, Татарстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралайды деп жоспарланып отыр.

Өздеріңіз білесіздер, жуырда ғана Татарстан Президенті Қазақстанға келіп, Президенттің қабылдауында болған. Сол кезде Татарстан басшысы біздің Президентті шақырған болатын. Көптеген бірлескен жобалар талқыланады, ары қарай ірі өндіріс орындарына барады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы да сапардан кейін нақты толық мағлұматты халыққа беретін боламыз.

– Арнайы уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Просмотров материала: 2 529

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 686 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 516 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 143 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 185 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 473 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 709 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 921 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 769 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 952 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 732 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 532 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 169 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 027 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 849 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 017 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 130 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 798 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 174 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 904 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 916 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 747 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 591 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 846 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 795 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 299 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 750 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 627 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 888 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 220 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 629 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 602 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 641 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 593 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 825 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 965 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031