22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер жұлдыздарын заң аясында жазалау бастамасына әншілердің өздері не дейді?

10 февраль 2022, 11:19
Қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер жұлдыздарын заң аясында жазалау бастамасына әншілердің өздері не дейді?
Осы аптаның басында Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты прокуратураға ұсыныс жолдады. Себебі, соңғы жылдары әлеуметтік желіде оқырманы көп өнер жұлдыздарының жарнамасына сеніп, алданып қалған қарапайым тұрғындар қатары көбейген.

Жұлдыздарды жауапқа тарту мәселесі бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін де жұртты оңай ақша табуға үгіттеген әншілер мен артистерді жазалау мәселесі бірнеше рет көтеріліп, бастама аяқсыз қалған еді. Azattyq Ruhy тілшісі сол эстрада өкілдеріне хабарласып, ІІМ көтерген мәселеге қатысты пікір сұрады. Қаржы пирамидалары мен заңсыз лотереяларды жарнамалап басы дауға қалған жұлдыздардың көбі телефон қоңырауына жауап берген жоқ. Олардың қатарында Ернар Айдар, Бүркіт, Жанболат пен Жазира бар. Ал, актер Асылхан Төлеповтің көмекшісі оның журналистермен сөйлеспейтінін айтты. Сұрағымызға тек Роза Әлқожа мен Ақбота Керімбекова және Қыдырәлі Болманов жауап берді.

«ЕШҚАНДАЙ ЖАРНАМАҒА ЖОЛАМАЙТЫН БОЛДЫМ»

Ақбота Керімбекова:

- Былтыр инвестициялық компанияның жарнамасын жасаймын деп басым дауға қалған. Әрине, кез келген мұндай дүниенің заң аясында болғаны дұрыс. Жарнама жасаған қаржы компаниялары бізге лицензиясын көрсетіп, бәрі заңды деп сендірді ғой. Сол қаржы компанияларына лицензия беретін мемлекеттің өзі емес пе?! Бәлкім, мұндай күмәнді компанияларды елге кіргізуге тыйым салу қажет. Басымыздың дауға қалатынын білгенде, болмайтын жарнама үшін қасықтап жинаған абыройымызды төкпейтін едік. Сол оқиғадан кейін ешқандай жарнамаға жоламайтын болдым.

«ЕРНАР АЙДАР АҒАСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚҰТЫЛЫП КЕТТІ»

Роза Әлқожа:

- Қаржы пирамидасының жарнамасы маған дейін де болған, менен кейін де өтіп жатыр. Әрбір саналы адам кез келген нәрсенің жарнамасы болатынын, оның маркетинг тәсілі екенін білуі керек. Өз еркімен ақша салып, оны екі есе өндіріп аламын деген – адамның ішкі сараңдығы, масылдық психологиясы.

Өткен жылы басымнан өткен оқиғаны есіме көп ала бермеймін. Дегенмен, халыққа түсінікті болу үшін айта кетсем, сіз сұрап тұрған дауға қатысты маған полиция хабарласпады және ешқандай да қылмыстық жауапкершілікке тартылмадым. Ол жерде мен ешқандай инвестицияға жауап бермеймін, тек ұтыс ойынына жауапты болдым. Мұны көпшілік дұрыс түсінбеді. Қылмыстық жауапкершілікке мен тартылмадым, қылмыстық жауапкершілікке тартатын болса карантин кезінде ұтыс ойынын ойнатқан Ернар Айдар тартылуы керек еді. Оны ағалары барып шығарып алды да, мені жауапкершілікке тартпақшы болды.

Желідегі ұтысқа, түрлі қаржылық ұйымға кірген кезде әр адам жауапкершілікті өзі арқалайды. Біз ешкімді күштеп кіргізген жоқпыз, заңды келісімшарт арқылы тек жарнама қызметін көрсетіп, ұтыс ойынына жауапты алдым. Ұтыс ойынымды дұрыстап өткізіп кеттім. Сол себепті жауапкершілікті толықтай өнер адамдарының мойынына асып қоюмен келіспеймін.

Аталған заңға қатысты бейтарап пікірдемін. Әншілер болмаса, басқа саланың адамдары жарнамалайды. Блогерлер, вайнерлер, миллиондаған аудиториясы бар БАҚ саласының өкілдеріне барып, қомақты қаржы ұсынып жатса, олар да жарнама жасамайтынына кім кепілдік бере алады? Мұнда кінәнің бәрін әншілерге жаба беру қате пікір. Түптеп келгенде біз ешкімнің қолынан жетектеп «мына қаржы компаниясына ақша салсаң да саласың, салмасаң да саласың» демедік. Сондықтан мұндай жеңіл ақша табудың жолын ойлайтын адамдар да ойлануы тиіс.

«ӘНШІЛЕР ДЕ АҢҚАУЛЫҒЫНАН АЛДАНЫП ҚАЛАДЫ»

Қыдырәлі Болманов:

- Дінде де несие алу, өсімі бар ақша харам саналады. Қаржы пирамидасын жарнамалағандарға заңмен тыйым салу заңгерлердің айналысатын мәселесі. Өнер адамдарына жарнама жасатуға келгендер қомақты ақша, заңды келісімшарт ұсынып, лицензияларын көрсетеді. Құжаттары қолдарында тұрған соң, әріптестерім ол компанияларды жан-жақты тексеріп жатпайды. Оқырман саны көп болған соң, түрлі жарнамаласық ұсыныстар келеді, оның қайсыбіріне талдау жасап отырсын... Дайындық, концерттер, гастрольдік сапарлармен уақыт тапшы. Талай әнші кейбір ұйымның қаржы пирамидасы екенін білмей, аңқаулықпен өздері де сеніп қалады. Маған да талай қаржы пирамидасының жарнамасын ұсынғандар болды, бірақ мен өзім түсінбейтін нәрсеге жауапкершілік алмаймын.

«Кінә кімде?» деген сұрағыңыздың екі жағы бар, халық дейін десең өзің, әнші дейін десең тағы өзіңнің әріптестерің. Екінші жағынан халықты ешкім мәжбүрлі түрде қаржы пирамидасына кіргізген жоқ. Алатын, жазатын нәрсесін адам алдын-ала зерттеп, зерделеуі керек емес пе?! Жарнама жасалса да, жасалмаса да қаржы пирамидасы, желілік маркетинг өнімдеріне халық бұрыннан сеніп, жүз мыңдаған ақшасын салып кіріп, түксіз күйіп жатты. Соның бәрін көре тұрып, пайда таба қоямын деу кейбір адамдардың қараңғылығынан, сауатының жоқтығынан.

Халықтың қаржы пирамидаларына кіруіне тоқтау салу – әншілерді заңмен жазалаумен тоқтамайды, ол үшін елдің сауаттылық деңгейін көтеру қажет. Аталарымыз «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп айтып кеткен. Он мың салып, жүз мыңды ешкім үстіне тегін бермейтінін түсіну соншалық терең білімді қажет етпейтін сияқты. Мұндай ұйымдардың заңды немесе заңсыз жұмыс істеп отырғанын хабарласып, анықтайтын Колл-орталықтар да жоқ. Бәлкім, сондай халықты ақпараттандыратын орталық қызметін іске қосуды қолға алу керек шығар.

Қаржы пирамидасына халықтың жаппай кіруіне өнер жұлдыздары ғана кінәлі емес, таяқтың екі ұшы бар. Жеңіл ақша тауып, лезде байып кетемін деген масылдық түсініктен арылу керек.

Айта кетейік, 10 ақпанда журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында вайнер Мейіржан Төребаев пен оның серіктері ұсталғанын мәлімдеді. Оларға қаржы пирамидасын құрды деген айып тағылған екен.
Просмотров материала: 1 204

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 225 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 041 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 696 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 716 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 023 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 663 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 150 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 294 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 662 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 394 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 499 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031