14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Пәтер жалдау төлемі: кім және қалай төлейді?

09 февраль 2022, 14:16
Пәтер жалдау төлемі: кім және қалай төлейді?
"Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова пәтер жалдау төлемдерін кім және қалай төлейтінін түсіндірді. Ол Facebook-тегі парақшасында көп қойылатын сұрақтарға жауап беретін жазба жариялады.

Ибрагимованың айтуынша, биыл мамырда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдау төлемдерін субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылады. Сондай-ақ, ол жаңа ережелер жуырда бекітілетінін, банк қазір өтінімдерді қабылдау үшін онлайн-платформа әзірлеп жатқанын айтты.

1. Бұл не?
Бұл төлемдер - тұрғын үй жалдайтын жекелеген отбасыларға бюджет қаражаты есебінен өтеусіз негізде берілетін, өтемақы түріндегі мемлекеттік қолдау. Бірақ бұл төлемдер коммуналды төлемдерді қамтымайтынын ескеру қажет. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй төлемдері тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады, 50 пайызы - бюджет қаражаты есебінен, 50 пайызы төлем алушының өз есебінен. Осылайша, мұқтаж отбасы пәтерді 120 мың теңгеге жалға алса, онда 60 мың теңгені өз қаражаты есебінен төлейді және 60 мың теңге бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

2. Не үшін?

Бірінші мәселе - қазақстандық отбасыларды үймен қамту мәселесі. Кейінгі үш жылда, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, жыл сайын 20 мыңға жуық отбасы бастапқы жарна түрінде 10 пайыз өз қаражатын қолданып, несиеге тұрғын үй алды. Тұрғын үйді жалға алатын азаматтардың жекелеген санаттары бар және олардың негізгі қажеттілігі - лайық жағдайда тұру. Олардың табысы бастапқы жарна жинақтау үшін аз. Қазақстан бойынша орташа құны 10 миллион теңге деп есептесек, 50 миллиард теңге қаражатқа жалға беру мақсатымен жылына 5 мың пәтер салуға болады. Жаңа құрал ай сайын орта есеппен 120 мың теңгеге баспана жалдап тұратын 70 мың отбасын қамтып, олардың жалдау ақысын 50 пайызы өтемақы арқылы жабуға мүмкіндік береді. Қамтылған саны 12 есе артты.
Қазірдің өзінде басталып үлгермеген бағдарламаға: «Бөтен тұрғын үйді неге жалға алу керек, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салуға рұқсат етілсін» - деген сарында түрлі сын айтылып жатыр.

Жылына 50 миллиард теңгеге ие болып, белгілі бір қатаң шарттар шеңберінде таңдалған 5000 отбасыны немесе 70 мың отбасыны қамтуға болады. Таңдау жоғары қамту пайдасына сай жасалады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Отбасы банк" АҚ-на әкімдіктер қалыптастыратын, бірыңғай республикалық электрон базадағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін банк сұрауы бойынша 3 жұмыс күні ішінде жібереді.

3. Кім үшін?

Өтініш берушілер - бірыңғай республикалық электрон базада тұрғын үй кезегінде тек төмендегі төрт санат бойынша тұрған азаматтар.

1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Үміткерлердің ЖАО-да (әкімдіктерде) тұрғын үйге мұқтаждар есебінде және мәртебесінің болуын "Отбасы банк" АҚ мемлекеттік деректер базасымен бірігу арқылы айқындайды. Өтініш берушіге (үміткерге) қойылатын негізгі талап - отбасының төмен табысы. Отбасының (азаматтың) кейінгі 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Осылайша, отбасының бір мүшесінің табысы айына 36 018 теңгеден аспауы шарт.

Мысалы, жұмыс істейтін әкесінің жалақысы 250 мың теңгеге тең көп балалы отбасы бар. Жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын төлегеннен кейін, жан басына шаққандағы отбасы табысы шамамен 33 мың теңгеге тең. Бұл - отбасы төлемдерді талап ете алады деген сөз. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде соңғы 6 айда алынған табыс ескеріледі және табыстың үш тобы қамтылады:

еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімдік, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар, сондай-ақ ынталандырушы ақша түріндегі және өтемақы төлемдері. Олардың мөлшері БЖЗҚ-на аударымдар негізінде айқындалатын болады;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, зейнетақы төлемдері және әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер;
кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер салық декларациялары негізінде айқындалатын болады.

4. Бұл қалай іске асады?


Электрон цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, электрон өтініш бергеннен кейін "Отбасы Банк" мемлекеттік деректер базасын пайдалана отырып, үміткердің белгіленген шарттарға сәйкестігін аз уақыт аралығында тексеріп, төлемді тағайындау немесе бас тарту туралы жауап ұсынады. Бұл ретте "Отбасы Банк" АҚ-ның ұсынылған құжаттарды қарау және тексеру мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды.

Жалға алу келісімшарты арнайы үлгі бойынша "Отбасы Банк" АҚ платформасында жасалады және оған жалға алушы мен жалға беруші қол қояды. Жалға алу келісімшарты бұзылған немесе тоқтатылған кезде, жалға алушы "Отбасы Банк" АҚ-на жүгініп, келісімшарт бойынша төлемдерді басқа жалға берушіге тағайындау туралы өтініш жолдай алады.

Төлем мына жағдайларда тағайындалмауы мүмкін:

өтініш берушінің отбасы мұқтаж топтардың төрт санатының ешқайсысына жатпаса және/немесе отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс 36 018 теңгеден асып кетсе.
Мақұлдау алғаннан кейін өтініш берушінің мәртебесі төлемді алушыға ауыстырылады.
Мақұлдау алынғаннан кейін "Отбасы Банк" АҚ төлемдерді тағайындап, оны жалға берушінің келісімшартта көрсетілген шотына аударады.
Алайда бұл әрекет орындалуы үшін жалға алушы жалдау ақысының 50 пайыз арнайы шотта болуын қамтамасыз етуі қажет. Төлемдер жалдау шартының әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын, қолма-қол ақшасыз аударылады.

Назар аудару қажет:

Үйді жақын туыстары мен жұбайларынан, оның ішінде бұрынғы жұбайлардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан жалға алуға болмайды. Жақын туыстарға: ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер жатады. Жалға берілетін тұрғын үйдің отбасының құрамына қарай төлем жасауға рұқсат етілген жалпы алаңдары:

саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін - 40 шаршы метрден артық емес;
саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін - 60 шаршы метрден артық емес;
саны 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін - 80 шаршы метрден артық емес.
Үлкен аумақты жалға алу кезінде, жалға берілетін тұрғын үйдің ауданына көрсетілген өлшемдердің 50 пайызы ғана төленеді. Төлемдер осы тармақта көрсетілген жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы мен отбасының сандық құрамының өлшемдерін ескере отырып жүргізіледі.

5. Қанша өтеледі?

Өтініш беруші (үміткер) жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 шаршы метр жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен қалаларға белгіленген коэффицентіне байланысты есептеледі. Тұрғын үйді жалға алудың 1 шаршы метрінің құны АЕК мөлшеріне байланысты жыл сайын қайта есептеледі және тиісті күнтізбелік жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін жарамды. Жалдау ақысының жоспарлы мөлшері аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты.

Кестеде 2022 жылға жоспарланған жалдау ақысының жоғары төлемдері көрсетілген.



Просмотров материала: 720

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 213 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 716 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 306 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 657 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 088 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031