7 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты: Көшербаев, Тасмағамбетов, Сағынтаев төбе көрсетті

07 февраль 2022, 16:05
Алматыда халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты: Көшербаев, Тасмағамбетов, Сағынтаев төбе көрсетті
Бүгін Алматы жұртшылығы Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет тетатрында өткен қоштасудың ресми бөлімінде Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қоштасу рәсімін мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов жүргізіп, жиналғандарға сөз ұсынды.

«Жан-жақтан Әбеңнің қайғысымен бөлісіп, көңіл айтып жатқандар көп. Күні кеше мемлекет басшысы да арнайы хат арнап, көңіл білдірді. Дегенмен Әбдіжәміл Кәрімұлы елдің ақсақалы, халықтың қалап туған жазушысы. Сондықтан осы қаралы жиынға жиналған көпшіліктің алдында онымен үзеңгілес болған азаматтар сөз сөйлейді», - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Алматыда халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты: Көшербаев, Тасмағамбетов, Сағынтаев төбе көрсетті




«Ардақты ағайын, бүгін аса ауыр қайғыны бастан өткеріп тұрмыз. Көз алдымызда қазақ әдебиетінің ұлт руханиятының тұтас дәуірі көшіп барады. Саналы адамға бұл қайғының салмағын саралау өте қиын. Әбдіжәміл Нұрпейісов төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамыту ісіне өлшеусіз үлес қосқан тау тұлға. Талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие болып, көзі тірісінде классикке айналған қаламгер. Туған халқының ыстық ықыласына бөленген ұлтымыздың біруар перзенті», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.





Қоштасу жиынында жазушы, драматург Дулат Исабеков тебіреніп сөз арнады. Қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісов өзінің ұстазы екенін, өмірдегі ақылшысы, абызы екенін айтты. Халық жазушысымен ғұмырының соңына дейін тығыз байланыста жүргенін және оның өмірге құштар болғанын атап өтті.

«Бұл күнді де бастан кешіруімізге тура келді. Алланың бұйрығы. Адам жүз жасай ма, Лұқпан Кәкім сияқты мың жасай ма, бірақ о дүниеге аттанғанда, бәрі үшін қайғы. Маған телефон соғып, әй бала деп сөз бастаушы еді. Енді олай айтатын адам жоқ. Бізді қартайтып кетті. Нұрпейісов менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым. Замандасым және құрдасым еді. Жанына бататын әзіл айтсаң да күліп қоя салатын еді. Әбекең жаман болса, бүкіл халық болып күңіренбес-ті. «Қан мен терді» қолына ұстамаған, тым болмаса оқымаған қазақта адам жоқ. Ал, Әбең ұлылардың, тұлпарлардың соңғы тұяғы. Ең үлкен астаудан жем жеген, солармен қатар жүрген, солармен дауласып жүрген, сөйтіп жүріп, орыс аудиториясының бетін бері қаратқан, шетел жазушыларын мойындатқан Әбдіжәміл еді», - деді Дулат Исабеков.





Қаралы жиында бұрынғы мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев, Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев және өзге де биліктегі қызметінен кеткен азаматтар төбе көрсетті.





Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы Ә.Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған. Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер: Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алған. Классик жазушы, ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагері.





Есімі аңызға айналған абыз ақсақал адалдықтың ақ жолынан тайған емес. Әрдайым елдіктің сөзін сөйледі. Жұртының бүгіні мен болашағына алаңдаумен өтті. Қаламгер өткен сенбі 5 ақпанда өмірден өткен болатын. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен марқұмды Алматы жұртшылығы Кеңсай зиратында жер қойнына берді
.
Просмотров материала: 803

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 273 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 899 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 391 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 450 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 813 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 822 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 876 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 184 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 806 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 065 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 640 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 672 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 443 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 297 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 924 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 540 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 237 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 637 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 326 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 158 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 336 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 236 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 725 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 703 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 073 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 307 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 687 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 063 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 004 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 124 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 069 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 273 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 427 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930