7 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Балағы қысқа, сақалы ұзындар қызметте тез өседі» – Қазақтелеком қызметкерлері намазхандарға ерекше жағдай жасайтын басшыға ашулы

04 февраль 2022, 12:40
«Балағы қысқа, сақалы ұзындар қызметте тез өседі» – Қазақтелеком қызметкерлері намазхандарға ерекше жағдай жасайтын басшыға ашулы
Алматыдағы Қазақтелеком қызметкерлері өткен жылдың желтоқсан айынан бері жалақы мәселесін көтеріп, бейбіт митингке шығып, талаптарын айтып келеді. Басшылықтың бейберекет әрекетінен шаршадық деген қызметкерлер Azattyq Rýhy тілшісіне басшының «ерекше қамқорындағы» діндар әріптестері туралы айтып, өкпесін жеткізді.

Аты-жөнін ашық жарияламауды сұраған қызметкерлер басшылыққа Тимур Худайбердиев келуінен кейін, намазхандарға деген ерекше қамқорлық басталды дейді.

«Тимур Тельманұлының бізге басшылыққа келуімен намазхандарға деген ерекше қолдау басталды. Қазір ол «Қазақтелеком» АҚ төрағасы Қуанышбек Есекеевтің орынбасары. Бұрын ол кісі сатып алу дирекциясында бас директор болған, аталған филиалдағылар Тимурдың келуінен кейін намаз уақытында дәлізде қаз-қатар жайнамаз жайып, құлшылығын орындайтын болып кетті. Біреулер «құлшылық жасай берсін, онда тұрған не бар?» дейтін болар. Бірақ олардың барлығының дерлік балағы қысқа, сақалы ұзын. Сосын Алматының әр филиалындағы діндарлардың жалақысын көтеріп, жанына жинай бастады. Мәселен, бес жыл жұмыс тәжірибем бар мен және екі жыл жұмыс өтілі бар намазхан тұрсақ, лауазымды қызметке бірінші соны қояды. Себебі, ол сол жамағаттан. Сол дирекцияда кемінде 50 намазхан жұмыс істейді», - деді ол.

Елдегі рушылдық пен жершілдіктен шаршаған мамандар енді бұл тізімге кімнің намаз оқып оқымайтыны қосылды деп отыр.

«Қарапайым инженер болып жүрген намазхан жігітті Тимур мырза бірден бас менеджер етіп тағайындады. Негізі ол орынға бірнеше жылдық тәжірибесі бар маман сайланғалы тұрған еді, Тельманұлы бір телефон қоңырауымен діншіл жігітті сайлап жіберді. Кез келген мекемеде кәсіби шеберлік, жұмыс өтілі бірінші кезекте болуы керек емес пе?! Намаз, құлшылық ол адамның жеке шаруасы. Басшылардың рушылдық, жершілдігі аздай, енді кім намаз оқиды, кім оқымайды деп мамандарды бөлер болсақ, онда біз несіне бәленбай жыл ЖОО-да оқу оқыдық», - дейді ашынған қызметкерлер.

Соңғы кезде қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп жатқан Қазақтелеком директорларының қызығы мұнымен бітпейді. Шағымданушылардың сөзінше, кеңседегі жиналыс кезінде басшы талап қойғандарды тілдепті.

«Бірінші ақпан күні Желі дивизоны бірлестіктерінің облыстардағы техникалық директорларымен онлайн жиналысы өтті. Аталған жиналыста бас директор алкоголь ішіп алғандай көрінді, себебі этикаға сай емес сөздер айтып, өзін біртүрлі дөрекі ұстады», - деді Қазақтелеком қызметкері.

Сондай-ақ, қызметкерлер «Қазақтелеком» АҚ филиалы бас директоры Болат Ерланұлына «Алматытелеком» ТБС ұжымы жалақы мен басқа да проблемаларына қатысты жазбаша өтініш жазған. Басшылық қызметкерлердің талап-тілектеріне қатысты шараларды келесі апта айтуға уәде беріпті.

«Біз «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Алматытелеком» ТБКБ-нің техникалық блогы қызметкерлерінің ұжымы лауазымдық жалақылардың кемінде екі есе өсуін талап етіп отырмыз. Себебі, кәсіпорындағы қызметкерлердің штаттық санының қысқаруына байланысты орындайтын жұмыс көлеміміз ұлғайды. Міндеттеріміз бен жауапкершілік өскенімен, жалақының өсетін түрі болмай тұр. Біздегі қатардағы инженерлердің алатын айлығы – 66 мың теңге. Ойлаңызшы, оны қайда жеткізуге болады. Елде күн сайын азық-түлік, пәтер бағасы қымбаттап жатыр. Одан бөлек, арнайы мамандардың жұмыста киетін қызметтік киімдері, аяқ киімдері, техникалық құралдарының барлығы ескі. Қызметтік көліктеріміз ескі, жаңа көліктерді тек басшылық қызметтегілер қолданады. Өлшеу құралдары да жеткіліксіз. Алматыдағы Панфилов көшесі бойында орналасқан ғимараттың жартысын жекеменшікке сатып жіберіп, сыймай қалған қызметкерлерді станцияға жібере салды. Бір сөзбен айтқанда, біз сияқты қатардағы қарапайым қызметкерлерге жұмыс істеуге жағдай мүлдем жасалмаған. Біз елдегі өзгерістермен бірге жағдайымыздың да өзгергенін қалаймыз. Басшылық «9 ақпан күні жиналыс ашып, бізге бір жауабын айтамыз» деді. Бірақ бұл мәселені біздің көтеріп келе жатқанымызға бірнеше уақыт болды, енді елдегі өзгерістермен бірге біздің де жағдайымыз өзгеріп қалар деген үміттеміз», - деді қызметкерлер.

Еске салсақ, 31 қаңтар күні Алматыда «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылықтарын білдірді. Техникалық бөлімнің қызметкерлері бір күн жұмысқа шықпай қойған.
Просмотров материала: 6 168

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 287 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 913 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 405 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 464 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 827 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 823 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 877 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 185 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 807 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 879 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 067 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 640 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 672 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 443 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 297 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 924 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 540 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 237 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 637 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 326 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 158 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 336 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 236 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 725 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 703 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 073 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 307 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 687 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 063 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 004 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 124 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 069 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 273 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 427 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930