7 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Байбек қызметтен кету туралы өтініш жазды

02 февраль 2022, 16:08
Байбек қызметтен кету туралы өтініш жазды
Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеді.


"Елбасы айтқандай, "біздің еліміз жаһандық трансформация, күрделі және жауапты шешімдер дәуіріне қадам басты. Олардың табысты болуы саяси ерік-жігерге, айқын мақсаттарға және ең бастысы, халықтың қолдауына байланысты болады. Барлық қажетті ресурстарға ие Nur Otan партиясы Мемлекет басшысының бағытын іске асыруда сенімді көмекші болуға тиіс".

Съезде ел Президенті, Nur Otan партиясының жаңадан сайланған төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияны реформалау, жұмыстың әдістері мен мазмұнын жаңарту, партиялық бақылауды күшейту, қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ жаңа формациядағы адамдарды тарту жөнінде нақты міндеттер қойды", - деді Байбек.

Оның айтуынша, ел Президенті белгілеген жүйелі реформаларға кең ауқымды қоғамдық-саяси қолдауды қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні Nur Otan-да қажеттінің барлығы, яғни адамдар, тәжірибе, ресурстар және инфрақұрылым бар.

"Nur Otan алдына жаңа көзқарастар мен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан мен партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы тиісті өтініш бердім. Бүгін менің өтінішім қанағаттандырылды", - деді ол.

Байбек мемлекеттік және партиялық қызметте 20 жылдан астам еңбек еткенін: екі рет, жалпы алғанда 6 жылға жуық – Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары, 3 жылға жуық – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарында, 4 жыл Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істегенін айтты.

"Қандай қызмет атқарсам да, қай салаға жауапты болсам да, мен әрқашан Отанымыздың Тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда ішкі саяси тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Өз жұмысымда ашықтық және жауапкершілік қағидаларын басшылыққа алдым. Ар-намыс, сөзге беріктік және іске адалдық деген ұғымдар мен үшін әрқашан бірінші орында болды", - деп жазды Байбек.

Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

"Барлық жұмыстарды атқаруда маған зор сенім білдіргені үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғыс білдіргім келеді. Мемлекет басшысы, Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа осы жылдары жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шынайы алғыс айтамын.

Партия аппаратының қызметкерлеріне, сондай-ақ орталықтағы және жергілікті жерлердегі барлық партия мүшелеріне ерекше алғыс білдіремін. Олар – жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпайтын іскер жандар, Қазақстанның болашағы үшін күн сайын қажырлы еңбек ететін нағыз патриоттар. Сіздермен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды!" - деді ол.

Байбек сөзін қорытындылай келе, ел үшін тағдыршешті кезеңде әрбір азамат Мемлекет басшысының айналасына топтасып, оны қолдауы тиіс екенін айтты.

"Сөз соңында айтарым, еліміз үшін осы тағдыршешті кезеңде әрбір азамат өзінің көзқарасы мен сеніміне қарамастан Мемлекет басшысының айналасына топтасып, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен біздің балаларымыздың лайықты болашағы үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар бағытын қолдауы тиіс деп санаймын! Nur Otan бұл жұмысқа өз үлесін қоса алатынына кәміл сенемін. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!", - деп қорытындылады ол.
Просмотров материала: 481

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 299 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 925 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 417 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 476 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 839 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 823 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 877 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 185 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 807 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 879 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 067 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 640 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 672 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 443 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 297 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 924 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 540 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 237 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 637 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 326 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 158 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 336 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 236 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 725 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 703 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 073 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 307 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 687 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 063 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 004 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 124 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 069 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 273 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 427 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930