1 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Депутаттар өз халқына жақын болуы қажет: мәжілістің жаңа спикері не айтты

02 февраль 2022, 10:31
Депутаттар өз халқына жақын болуы қажет: мәжілістің жаңа спикері не айтты
Парламент мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов алдағы уақытта төменгі палата қандай міндеттерге басымдық беретінін айтты.

Спикер жаңа Қазақстан құру жолында парламентке зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

Айтуынша, мұндай сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, президент бастамаларын барынша қолдау – депутаттардың басты міндеті.
"Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап та қашан да жоғары. Әсіресе, кешегі қаңтар оқиғалары бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елімізге қауіп төнген сын сағатта мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өзіне алып, батыл шешімдер қабылдады. Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екенін өз ісімен дәлелдеді. Ендігі жерде бұл талап, әсіресе, біз үшін басты қағида болуға тиіс", - деп бастады Қошанов мәжіліс отырысын.

Спикер бірінші кезекте парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін мәлімдеді.

"Халық сайлаған депутаттар, ең алдымен, өз сайлаушыларына жақын болуы қажет. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты. Сондықтан алдағы уақытта депутаттар корпусының азаматтық сектормен, БАҚ өкілдерімен, әсіресе өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан әрі жандандыратын боламыз. Бұл президент бекіткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың басты ұстанымы", - деді мәжіліс төрағасы.

Айтуынша, мәжіліс алдына қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар мемлекеттік органдардың барлық тармағымен, соның ішінде сенатпен, үкіметпен, сотпен өзара тығыз қарым-қатынасты күшейту қажет.
Қошанов мәжіліс демократия институты ретінде қоғамға ашық бола түсетінін, алдағы уақытта да идея бәсекесі мен конструктивті пікірталасты қолдайтынын айтты.

"Жұртпен қарым-қатынас, олардың мүддесін қорғау – сіз бен біздің күнделікті жұмысымыздың негізі. Депутаттардың сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайды және қосымша мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Мүмкін, мәжілісте халықпен кездесу форматын қайта қарауымыз керек шығар", - деді ол.

Қошанов жұрттың мұқтажын білу үшін және заңдар қабылдау арқылы олардың көкейкесті проблемаларын шешу үшін депутаттар сайлаушылармен жиі кездесуге тиіс екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді
Просмотров материала: 493

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 418 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 043 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 538 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 594 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 958 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 771 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 830 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 134 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 753 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 828 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 016 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 629 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 659 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 437 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 290 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 889 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 625 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 317 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 005 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 327 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 227 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 716 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 655 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 301 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 993 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 115 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 415 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930