26 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек

01 февраль 2022, 15:52
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Президент соңғы жылдары бірқатар маңызды қадам жасалғанына назар аударды. Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді.

Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың талап-арыз түскен. Соның тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шыққан. Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ. Басқа да бірқатар институционалдық шаралар жүзеге асырылды.

Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде.


Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын бекітетінін мәлімдеді. Бірақ жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу құқық қорғау органдарының жұмысынсыз мүлде мүмкін емес деп санайды. Көп жыл бойы олар мәселені терең зерттемей тұрып, пара алушыларды қылмыс үстінде ұстап келді. Әртүрлі адам бір лауазымды атқарып отырып, бірдей мәселелерді шешкені үшін кінәлі деп танылған.

Жемқорларды тұрақты түрде ұстап, түрмеге тоғытып отырған. Ал сыбайлас жемқорлықтың белең алуына қатысты себептер мен жағдайлар ешкімді қызықтыра қоймаған. Тек соңғы жылдары ғана осы мәселеге назар аударыла бастағаны байқалады.
Просмотров материала: 986

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 969 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 637 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 136 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 178 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 549 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 436 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 470 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 793 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 448 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 510 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 703 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 777 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 547 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 421 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 660 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 401 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 799 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 600 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 429 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 358 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 841 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 136 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 181 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 419 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 808 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 106 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 240 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 181 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 555 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31