13 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттер қандай медициналық көмек ала алады

28 январь 2022, 11:53
МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттер қандай медициналық көмек ала алады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттердің қандай медициналық көмекке сенім арта алатындығы және ол қызметтің қалай көрсетілетіні туралы мәлімет таратты.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің бірыңғай сатып алушысы болып табылады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді.

МӘМС тізбесіндегі қызметтер «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға ұсынылады.

Сақтандырылмаған пациенттер қандай көмек күте алады? Оларға ТМККК-де көзделген медициналық көмектің түрлері ұсынылады.

ТМККК кімге тиесілі?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражатынан төленеді және олар:

Қазақстан Республикасының азаматтарына,

қандастарға,

босқындарға,

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге,

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК алуға құқығы бар.

ТМККК-ге не кіреді?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып (яғни шұғыл көмек қажет болған жағдайда пациентке оның сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан көрсетілуі тиіс);

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметтері (МСАК, яғни бұл негізінен сіздің емханаңыздың учаскелік қызмет деңгейінде көрсетілетін негізгі қызметтер), оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;

4) иммундау (вакцинация);

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек (бұл емхана деңгейінде, оның ішінде есепте тұрғандар үшін және шұғыл жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметтер):

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;

2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;

3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (айтпақшы, бұл коронавируспен ауырған науқастарды үйде емдеуді де қамтиды):

1) әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кезінде;

2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;

3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

5. Стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек (пациенттердің белгілі бір санаттары үшін ауруханада емдеу):

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

4) жоспарлы тәртіпте.

6. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;

2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

7. Паллиативті медициналық көмек;

8. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

9. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;

10. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;

11. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету. (Әлеуметтік маңызы бар, созылмалы аурулары бар динамикалық есепте тұрған адамдар үшін қарастырылған. Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 нозология қамтамасыз етіледі. Тізбе ҚР Денсаулық сақтау министрінің №75 бұйрығымен бекітілген).

Аталған барлық жағдайларда сақтандырылмаған азаматтар мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде оларға көрсетілетін қажетті көмекке сене алады.

Егер сізге шұғыл көмек қажет болса, ал сізге МӘМС-де сақтандырылу мәртебесінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, оны көрсетуден бас тартылса, дәрігерге пациенттің өз құқықтары туралы мәлімдеу және олардың сақталуын талап ету қажет. Қорға осындай өтініштер жиі келіп тұрады, сондықтан азаматтарды өз құқықтарын білуге шақырамыз.
ӘМСҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан
Егер МӘМС үшін жарналар төлемесе, пациенттер тіпті емханаға жүгінбейтін де фактілер бар. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған жағдайлар бойынша тегін көмектен сізге бас тартпау керек.

Сонымен бірге, Қор медициналық қызметтердің кең тізімін пайдалану үшін МӘМС жүйесінің қатысушысы болуды ұсынады. Атап айтқанда, бұл тар бейінді мамандардың консультациялары, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар, соның ішінде қымбат тұратын операциялар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда оларды емхананың анықтама қызметіне қоюға немесе жағдайды шешу үшін Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады. Егер сол жерде түсіністікке қол жеткізу мүмкін болмаса, сіз үшін ыңғайлы байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласуыңыз керек: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Просмотров материала: 640

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 488 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 021 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 185 587 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 185 637 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 185 958 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 877 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 995 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 251 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 530 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 668 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 190 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 501 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 324 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 156 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 404 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 092 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 495 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 231 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 204 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 038 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 875 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 159 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 094 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 591 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 248 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 911 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 546 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 937 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 887 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 949 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 915 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 133 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 276 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728