6 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Тозған краннан құлап кету үрейі күшейді»: Алматыда мұнаралы кран жүргізушілері наразылыққа шықты

27 январь 2022, 17:50
«Тозған краннан құлап кету үрейі күшейді»: Алматыда мұнаралы кран жүргізушілері наразылыққа шықты
Алматыдағы құрылыс алаңдарында кран басқарушысы болып жұмыс істейтін бірнеше адам наразылыққа шықты. Олар осыдан төрт күн бұрын мұнаралы кранның құлауы кезінде қайтыс болған әріптестерінің өліміне құрылыс компаниясын айыптайды. Биыл 23 қаңтарда Алматыдағы құрылыс алаңында 49 жастағы Бақыт Майынов есімді жұмысшы көз жұмған болатын. Ол жексенбі сағат 10:40 шамасында Әуезов ауданы Науаи көшесіндегі «NAVOI 3.0» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеу кезінде жарақат алған. Жедел жәрдем қызметі келгенше жұмысшы оқиға орнында көз жұмған.

Полиция «құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ал тұрғын үй кешенін салып жатқан RAMS Qazaqstan компаниясы комиссия құрылғанын мәлімдеген. Кейбір деректерге қарағанда, «Мирас Констракшн» ЖШС мердігерлік ұйымы «Star Rent» компаниясынан кранды жалға алған.
«Тозған краннан құлап кету үрейі күшейді»: Алматыда мұнаралы кран жүргізушілері наразылыққа шықты

Қайтыс болған краншы Бақыт Майыновтың әріптестері құрылыс компаниясы жауапкершіліктен жалтарып отыр дейді. Компания иелері жүк көтеретін құрылғының құлауына жұмысшы кінәлі деген болжам айтып отыр. Бұл әдеттегі тәжірибе. Шын мәнінде елдегі құрылыс алаңдарындағы мұнаралы крандардың 70-80 пайызы тозған, дейді жұмысшылар.



«Осы мұнаралы кранды басқарып жүргеніме биыл 12 жыл болды. Осы 12 жыл ішінде кранға шығып, бір тексеріп жүрген комиссия көрген емеспін. Қағаз жүзінде Төтенше жағдай департаментінен және басқа да тексеру органдарынан келгендер қағаздарын жасап қояды. Іс-жүзінде ешкім ештеңе тексермейді. Бұл жерде жақында (жексенбі – авт.) Бақыт Майынов деген ағамыз қайтыс болды. Алайда, құрылыс компаниясының өкілдері кран жоғары жылдамдықпен салдарынан құлады деген болжам айтыпты. Қауіпсіздік мақсатында кез-келген уақытта шұғыл тоқтауға болады. Тіпті 5-ші жылдамдықтың өзінде тоқтатып алуға болады. Мұндағы басты себеп – кран шіріп, әбден тозып кеткен. Алматыдағы құрылыстағы крандардың 70 пайызы 20-25 жыл жұмыс істеп тұрған, уақытында қызмет көрсетілмейтін, жөнделмейтін кранда», - дейді Жалғас Сәметов.

Айгүл Файзоллаева «Медеу Кран» компаниясында краншы болып жұмыс істейді. Ол апаттық жағдайларға құрылыс мекемелерінің үнемдеу саясаты мен немқұрайлылығы себеп деп есептейді. Оның айтуынша, ірі құрылыс корпорацияларының өзі жеке кәсіпорындардан кранның сапасына қарамай жалға алады екен. Ал тәуекелдің барлығы жұмыс істейтін жекелеген жұмысшыларға артылған. Ортада жағдайды бақылауы тиіс механик немесе өзге делдалдарды қауіпсіздіктен бұрын ақша қызықтырады, дейді кран басқарушысы.

«Жалпы, біздің бұрыннан жанайқайымыз бар. Мына RAMS Qazaqstan компаниясының басшыларына айтарымыз: жағдайға шынайы қарасын. Біздің әріптесіміз Бақыт Майынов қанша жылдан бері жұмыс істеді, тәжірибелі маман еді. Негізі ол басқарған бұл кранның пайдалану мерзімі 2017 жылы бітіп қалған. Алайда, оның сақтандыру полисін 25 мың теңгеге создырып алады да қайтадан жұмысқа салады. Олар шіріген. Бірақ, кімнің қандай ақиқаты бар деп комиссия келгенде кран айдаушылармен сөйлесіп, жалпы жағдайды сұрамайды. Оны қарайтын механиктер болады. Оларға айтсақ, фирма ақша бөлген жоқ, жұмыс істеңдер дейді. Арты міне өлімге әкеліп соқтырып жатыр. Соңғы уақытта біздің бригадан 5 адам осындай жағдайда қайтыс болды», - дейді А.Файзоллаева.








Марқұм Бақыт Майыновтың әріптестері әрбір жағдайды «жабулы қазан» күйінде қалдыру белең алды дейді. Құрылыс алаңында қайтыс болған жұмысшының отбасына өтемақы төлеуге келгенде жұмыс берушілер комиссия жұмысына арқа сүйейді екен. Алайда, ол комиссия құрамына қарапайым жұмысшылар, жағдайды білетін адамдар емес, кеңседе отыратын қызметкерлер ғана тін көрінеді.





«Енді қайтыс болған адамның артында қалған отбасына көмек бола ма деген сұрақ туындады. Сөйтсе фирма басшылары комиссия шешеді дейді. Комиссияның қандай шешім шығаратыны бізге мәлім. Егер мені тыңдап отырса, мұндағы қателік RAMS Qazaqstan компаниясына бағытталады. Біз жанайқаймызды тыңдаса айтуға дайынбыз.

Крандарды тексеру кезінде пара бермеуді, жұмысшылардың өмірімен ойнамауды сұраймыз. Сіздерден сұрайтынымыз: өлген адамды өлді деп бәрін жылы жауып қоймай, алдағы уақытта осындай жұмыста жүрген құрылысшылардың да жағдайына назар аудару. Біздің жалақымыздың ең көбі 250 мың теңге. Біз осындай ақшаға бола өмірімізді қауіпке тігіп, аспанда тұрып кран басқарамыз. Егер жаңа, қауіпсіз болса бір жөн. Бәрі ескірген. Енді біздің шындыққа құлақ асса деп сұраймыз. Бұл жұмыстар қауіпті болып барады. Марқұм Бақыт Майыновтың 5 баласы бар. Өзі пәтер жалдайтын еді. Егер құрылыс компаниясының басшыларында адамгершілік болса, мерт болған жұмысшының отбасына көмектесуі керек. Бәрін комиссия шешеді деп қарап отыруға болмайды», - дейді Айгүл Файзоллаева.





Өзін RAMS Qazaqstan құрлысы компаниясының Сату бөлімінің қызметкері деп таныстырған Тұран Кожач қайтыс болған Бақыт Майыновтың отбасына көмек болатынын айтты.

«Ол тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген мердігер компанияның жұмысшысы. Олардың өкілдері Жамбыл облысында марқұмның жерлеу рәсіміне қатысты. Алдағы уақытта біз де өз атымыздан көмек береміз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Құрылған комиссия бар. Кранның құлау себебін міндетті түрде анықтайды», - деді кәсіпорын өкілі.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz.

Просмотров материала: 1 350

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 177 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 756 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 281 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 338 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 686 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 301 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 401 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 692 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 126 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 234 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 592 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 447 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 572 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 384 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 221 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 701 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 465 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 155 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 559 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 327 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 262 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 234 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 156 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 658 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 465 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 990 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 247 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 620 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 001 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 943 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 029 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 988 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 197 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 353 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930