13 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәжіліс депутаты мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды

26 январь 2022, 13:04
Мәжіліс депутаты мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды
Мәжіліс депутаттары үкіметке мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді және мүгедектік бойынша жәрдемақыны зейнетақымен қоса төлеуді ұсынды.

Мәжіліс депутаты, ҚХП фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков премьер-министрге жолдаған сауалында мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді.

"Неліктен зейнетақы жүйесін мүгедектігі бар адамдар үшін ерекше жағдай жасау үшін өзгертпеске? Адамдар жүйе үшін емес, жүйе адамдар үшін емес пе? Мүгедектігі бар адамдар физикалық тұрғыдан анықталған теңсіздіктен зардап шегеді, ал зейнетке шығу жасындағы жасанды теңдік – оларды қорлау және әділетсіздік", - дейді Ахметбеков.

Депутат мүгедектік бойынша тағайындалған жәрдемақының зейнетке шыққан кезде тоқтатылатынына қарсы.

"Адамның жасы ұлғайған сайын денсаулығы жақсармайды және мүгедектігі жоғалып кетпейді. Мүгедектігі бар зейнеткерлер міндетті түрде зейнетақыны да, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны да алуға тиіс. Біздің елде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері ғана зейнетке ерте шығады. Мүгедектігі бар қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде осындай тәсіл қолданылуға тиіс деп есептейміз", - деді ол.

"Біз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қабылдануға тиіс шаралар мен шешімдер туралы айтқанда үкімет әдеттегідей: "Бұл – бюджетке қосымша ауыртпалық әкеледі" деп жауап береді. Бұл тәсілге қарсы бірнеше объективті дәлел бар. Біріншіден, көтерілген мәселе азаматтардың шағын тобына ғана қатысты. Қазақстанда жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мыңнан аз. Жұмыс істейтін 50 мың мүгедектің орташа жасы 45 пен зейнет жасы аралығын құрады. Яғни олардың саны көп емес. Бұл жерде зейнетке белгіленген мерзімнен бұрын шығатын азаматтар сөз болып тұр. Осындай жүктемені көтере алмайтындай Қазақстанның бюджеті соншалықты әлсіз емес", - дейді Ахметбеков.

Екіншіден, депутаттың айтуынша, Есеп комитетінің 2021 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің қорытындысы бойынша анықталған қаржылық бұзушылық сомасы 384,4 миллиард теңгені құрады. Ал тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері триллион теңгеден асқан.

"Яғни мемлекеттің ақшасы бар. Қалай болғанда да, бюджет қаражаты қажетсіз шығындарға жұмсалмауы керек. Бұл өзгеруі мүмкін және өзгеруі тиіс жағдай", - деп санайды мәжілісмен.

Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары:

үкіметке мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді;
мүгедектердің зейнетке шығу жасын төмендетудің және айқындаудың нақты өлшемдерін (мүгедектік тобын, денсаулық жағдайын, ауруын, еңбек сипатын және т.б.) ескеріп, сондай-ақ, мүгедектердің мүддесіне сай келетін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін әзірлеуді;
мүгедектер проблемасын, оның ішінде жұмыс істейтін мүгедектер жасының еңбекке қабілеттілігіне әсері туралы қажетті ғылыми зерттеу жоспарын даярлауды;
әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекске мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету мәселесін енгізуді ұсынады.

Просмотров материала: 699

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 208 534 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 194 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 207 680 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 207 728 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 102 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 105 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 146 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 446 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 092 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 173 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 354 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 706 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 754 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 481 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 350 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 148 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 582 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 296 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 702 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 510 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 362 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 205 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 064 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 398 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 283 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 763 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 945 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 119 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 354 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 735 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 094 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 037 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 172 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 111 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 324 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 482 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031