9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Самұрық-Қазына» қарызы 7,5 трлн теңгеден асады

26 январь 2022, 12:06
«Самұрық-Қазына» қарызы 7,5 трлн теңгеден асады
Қоғамда «Самұрық-Қазына» Қорының тағдыры туралы қызу пікірталастар басталды. Қор басшылығының асығыс және күтпеген шешімдер қабылдай бастағаны байқалып отыр. Мұның соңында тиісті нәтижеге қол жеткізе алмай қалуымыз мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов төменгі палатаның жалпы отырысында мәлім етті.

Спикердің айтуынша, қорды жаңғыртуға қатысты жоспарлы, қадамдық жұмысқа қайта оралу қажет. Бұл ретте ол қордың өз міндетін дұрыс атқармағанын сынға алды.

«Бүгін біз «Самұрықтың» мемлекеттік бюджетке дивидендтер сомасы осы уақыт ішінде бюджеттен олардың инвестициялық жобаларына жұмсалған қаражаттан едәуір аз болғанын көреміз. Мысалы, 2019 жылы «Самұрық» бюджетке 120 млрд теңге көлемінде дивидендтер төледі. Алайда оған түскен таза пайданың сомасы 1,4 трлн теңге. Осы жылдар ішінде Үкіметтің функцияларын алмастырған Қордың құрылымы қолайсыз болды. Қор қаражаттың басым бөлігіне билік ету бойынша да, қарыздарды тарту бойынша да дербес саясат жүргізді» – деді ол.

Сондай-ақ, Аманжан Жамалов бүгінде қордағы үлесті әрбір азаматқа беру туралы ұсыныстар туралы да айтты. Депутат бұл идеяның орынды екенін алға тартып, алайда ондағы қаражатты үлестірген жағдайда әрбір қазақстандыққа небәрі 500 теңгеден тиетінін мәлімдеді. Сол себепті ол Премьер-министрге жолдаған сауалында Қордың қаражатын тиімді пайдалану үшін алдымен талдау жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын жеткізді.

«Біріншіден, қордың бейінді және бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізіп, бейінді емес компанияларды бәсекелес ортаға беру жөнінде шешім қабылдау керек. Екіншіден барлық мамандандырылған компаниялардың тиімділігін бағалау қажет. Олардың қаржылық тұрақтылықтарын тексеріп, осыдан кейін ғана қор нарығы арқылы, оның ішінде Халықтық IPO арқылы қаржыландыру туралы шешім қабылдау. Мұндай бағалау мен ашық түрде жарияланым болмаған жағдайда азаматтар қордағы үлестерді иелену кезінде өздеріне не ұсынылғанын білмеуі мүмкін. Яғни ол не табысқа кенеледі, не қарызға батады. Өйткені, «Самұрық-Қазына» қарызы 7,5 трлн теңгеден асады, бұл шамамен 18 млрд АҚШ доллары», - деді депутат.

Сондай-ақ өз сауалында Мәжіліс депутаты қордың ұйымдық құрылымын өзгерту кезінде сырттан қарыз алу мәселесіне назар аудару керектігін алға тартты. «Самұрықпен» шығарылған еурооблигациялар мен ұлттық компаниялар алған сыртқы қарыздар негізгі берешекті уақытылы қайтаруға, пайыздарды, айыппұлдар мен өсімпұлды өтеуге бағытталған.

«Егер қорды реформалау бойынша шешімдер ойластырылмаған болса, бұл кредиторларды алаңдатады. Олар кез-келген уақытта пайыздық мөлшерлемені көтере алады немесе қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап ете алады. Сондай-ақ, кез келген жағдайда бұл міндеттемелер бойынша мемлекет Үкімет атынан жауап беретін болады. Қордың барлық аударымдары орталықтандырылуға және кейіннен мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бөліне отырып, республикалық бюджетке түсуі тиіс. Жобаларды іске асыруға ұлттық компаниялардың барлық тікелей аударымдарын алып тастау керек. Барлық қаражат тек республикалық бюджетке түсуі тиіс», - деді Аманжан Жамалов.
Просмотров материала: 473

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 076 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 749 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 249 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 294 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 665 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 546 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 584 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 906 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 572 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 625 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 819 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 806 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 909 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 262 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 582 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930