18 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шенеуніктің былығын әшкереледім, ол мені өлтірмек болды

26 январь 2022, 9:17
Шенеуніктің былығын әшкереледім, ол мені өлтірмек болды
«Түркістан облысында шенеунік киллер жалдап, журналисті өлтірмек болды» деген жаңалықты өткен аптада БАҚ жарыса жазды. Хабардың елді елең еткізгені анық. Тәуелсіз басылымның бас редакторы Амангелді Батырбековтің «жанын алу» мақсатында үйіне жіберілген жендет қателесіп, оның баласын атқан. Күдікті ретінде ұсталған шенеуніктен бөлек, іске қатысы бар деген 4 адам қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Төртінші билік өкілі шенеунікке қандай кедергі келтірді? Адамды өлтіруге оқталу фактісіне журналистік қызмет себеп болды ма, әлде жеке бас араздығы ма? Azattyq Rýhy сайтының тілшісі Амангелді Батырбековпен сұхбаттасып көрді.

– Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Сізді өлтіруге оқталу фактісі бойынша басты күдікті ретінде қамауға алынғанын айттыңыз. Шенеуніктің мұндай қадамға баруына не түрткі болды деп ойлайсыз?


– Оған газетте және әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар себеп болды деп ойлаймын. Мен ұзақ жылдан бері Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Майриховтың заңға қайшы әрекеттерін әшкерелеп, бұқаралық ақпарат құралдарында жазып келемін. Соңғы мақала қараша айында «Аты бар, заты жоқ» деген тақырыппен жарық көрді. Онда Сарыағаштағы балабақша туралы жазылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі тек қағаз жүзінде рәсімделген. Құжат бойынша 110 бала баруы керек. Әр тәрбиеленуші үшін мемлекеттік тапсырыс ретінде айына қазынадан 25 мың теңге аударылады. Есептеп қарасақ, айына 2,7 млн теңгеден астам қаржы болса, жылына 33 млн теңге. Білім бөлімінде балабақшаларға жауапты маман мен Майрихов екеуі бірігіп, ортақ танысын директор етіп қояды. Мақалада көрсетілген фактілер тергелуде. Ақпан айында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Мен бұл шаруаны соңына дейін жеткізбекпін. Күдіктінің киллер жалдаудағы мақсаты – мені өлтіріп, осы фактіні жылы жауып қою. Өйткені әлі қылмыстық іс қозғалған жоқ.

– Өзіңіз айтқандай, заңды белшесінен басатын адамның бірнеше жыл бойы басшылық қызметте отырғаны қалай? Заң органдары материалдарыңызға назар аудармады ма?

– Майриховтың заңсыз әрекеттері жайында мақалалар сериясы жарық көргеннен кейін Түркістан облыстық Білім басқармасының басшысы оны өткен жылдың 24 қыркүйегінде қызметінен алып тастады. Өйткені мақалалар нақты дәлелмен жазылды. Сол материалдар негізінде тыңдаулар өтті. Әділетсіз шешім шығаратын судьялардың бірінің арқасында Майрихов көп ұзамай қызметіне қайта келді. Түркістан қалалық сотының төрағасының туған бауыры Сарыағаш ауданының салық органын басқарған болатын. Ол да мен жазған мақалалардың бірінің кейіпкері еді. Заңсыз әрекеттері әшкереленіп, қызметінен кетті. Содан судья кек сақтап қалса керек. Өйткені туысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қызметінен айрылды. Облыстық сот төрағасы Бауыржан Майриховтың анықтамасына мән беріп, оның қызметке оралуына себепші болды. Осы шенеунікті 5 жылдан бері сынап келе жатырмын. Бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Газетте тек осы білім бөлімінің басшысы туралы ғана емес, талай заңбұзушылық жайында материалдар жарық көріп жатады.

– Өлтіруге оқталу оқиғасы қалай болғанын айтып өтсеңіз. Қазір балаңыздың жағдайы жақсы ма?


– 3 қаңтар түнде біреу терезені ұрды. Қызым шығып, терезені ашады. Ар жақтағы адам өзін Абылай деп таныстырып, көлігіне дөңгелек аламын деген сылтаумен атымды атап, мені шақыртады. Үйдің жанында қосалқы бөлшектер сататын шағын дүкеніміз бар. Балам екеуміз сондағы кабинетте газеттің келесі санының материалдарын топтастырып жатқан болатынбыз. «Тұтынушыны» дүкен жаққа шақырттым. Балама Абылай есімді жігіттің келіп көліктің дөңгелегін сұрап тұрғанын айтып, оның сыртқа шығуын өтіндім. Ұлым шыны есікті аша бергенде қара киім, бетіне маска киген адам тұтқаны өзіне қарай қатты тартып қалады. Балам іші сезгендей есікті қайта жауып үлгереді. Ол бір қадам жасап үлгермей, ар жақта тұрған белгісіз адам шолақ мылтығын шалбарының ышқырынан алып шығып шүріппені басып үлгереді. Жүрек тұсын көздеген болуы керек. Қашып бара жатқанда оқ оң жақ қолына тиеді. Соңынан қуып жүріп екінші рет атады. Баламның қансырап жатқанын көріп өлетініне сенімді болса керек, қаша жөнеледі. Мен гүрсілді естіп, орнымнан тұрып жүгіргенше екінші рет оқ атылды да, күдікті көлікке мініп қаша жөнелді. Ештеңе көріп үлгермедім. Тек дыбыстар анық естілді. Дереу баланы ауруханаға жеткіздік. 2 күн жансақтау бөлімінде жатты. Ота жасалды. Сол мезетте судай аққан қанды әзер тоқтаттық. Адам шошырлық көрініс. Қазір баламның жағдайы жақсы. Киллер оны менімен шатастырып алса керек. Өйткені екеуміз қатты ұқсаймыз.

– Атыс оқиғасы болғаннан кейін күдікті ретінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Давлетияров және Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майриховтардың есімін атапсыз. Депутаттан не үшін күдіктендіңіз? Қазір күдігіңіз сейілді ме?

– Депутат жалған кәсіпкерлікпен айналысқан. Салық инспекциясы оны тексеріп, мемлекетке 250 млн теңге көлемінде залал келтіргенін анықтады. Қылмыстық іс қозғалды. Ол жауапкершіліктен жалтару мақсатында өзінің қоластында жұмыс істеген көлік жүргізушісін қылмыскер ретінде көрсетпек болған. Бірақ уәде еткен ақшасын төлемей қойған. Осылайша көлік жүргізуші прокуратураға арызданады, бізден де көмек сұрады. Депутат делдалдар арқылы маған қаржы ұсынды. Бірақ, мен оған келіспей, мақаланы жарияладым. Жалпы, Давлетияровқа қатысты күдік сейілген жоқ. Тергеу әлі алда.

– Өміріңіз 5 млн теңгеге бағаланыпты. Бұл сома Сіз үшін көп пе, аз ба?

– Адам өмірі 5 млн теңгемен бағаланбайды. Мейлі ол журналист болсын, басқа болсын. Адамның жанының қасында бұл сома түк емес. Сонымен қатар, бұл тапсырыс берушінің маңдайтермен тапқан ақшасы емес деп ойлаймын.

– Бұған дейін өміріңізге қауіп төнген, біреулер бопсалаған сәттер болды ма?


– Болды, әрине. Қағаз жазып кетеді. Белгісіз нөмірлерден телефон соғып, материалдарды шығармауды талап етеді. Қорқытпақ болады. Ақша бергісі келеді.

– Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, сот оған қатысты қандай шешім шығарғаны әділ болады деп ойлайсыз?

– Қазақстанда ату жазасы жоқ. Ондай адамдарға ату жазасы кесілсе, қарсы болмас едім. Сондықтан заң шеңберінде қабылданған шешіммен келісемін.

– Уақыт тауып сұқбаттасқаныңызға рахмет!
Просмотров материала: 2 980

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 964 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 562 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 072 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 122 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 477 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 406 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 503 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 794 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 277 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 378 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 681 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 491 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 597 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 399 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 243 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 736 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 484 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 177 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 575 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 354 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 277 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 111 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 959 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 263 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 175 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 676 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 508 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 013 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 264 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 639 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 015 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 051 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 014 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 211 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 369 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930