1 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сириядан оралғандардың алғашқы легі бостандыққа шыға бастады

21 январь 2022, 11:05
Сириядан оралғандардың алғашқы легі бостандыққа шыға бастады
Сирия сергелдеңін көргендердің алдыңғы легі бостандыққа шыға бастады. Петропавл әйелдер колониясында жазасын өтеген екі адам үйіне оралды. Жат ағымның жетегінде кеткендер қайтадан қоғамға қауіп төндіруі мүмкін бе? Оларды темір тор түзете алды ма?


ӘЙЕЛДЕР ҚАРУ ҰСТАУ ДАҒДЫСЫН МЕҢГЕРГЕН

6 кезеңмен ұйымдастырылған «Жусан» операциясы барысында елге Сирия мен Ирактан 157 әйел қайтарылған еді. Оның 18-і қолдарына қару алып, террорлық ұйымға мүше болғаны үшін сотталған. Жазасын өтеушілердің қатарында үй шаруасындағы әйелдерден бастап, қаржыгер, психолог сынды мамандар бар. Түрлі тағдырлардың түрмеде тоғысуына себеп болған дүние – соқыр сенім.

Сириядан оралғандардың алғашқы легі бостандыққа шыға бастады


Алматылық Жазира Асанованың балаларын көрмегеніне екі жылдан асты. Түрмеге түскелі ұл-қыздарымен телефон және анда-санда бейнебайланыс арқылы сөйлесіп тұрады. Ол перзенттерімен қауышатын күнді аңсайды. 8 жыл мерзімнің әлі алтауы бар. Жазасын өтеуші – О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің түлегі. Жоғары оқу орнына түскенімен, аяқтамаған. Тұрмыс құрып, күйеуімен бірге Египетке барған, одан кейін Сирия асқан. Шам елінде өзі сынды қыз-келіншектермен бірге өзін-өзі қорғау және қару ұстау дағдыларын меңгерген. Қазір сол күндері есіне түссе бармағын тістейді. Алайда уақытты кері қайтару мүмкін емес.

«Сирияға барып көп нәрсені жоғалттым. Біріншіден, адастық. Шынайы діннің қандай болатынын білмей қалдық. Екіншіден күйеуімді жоғалттым. Ол мен үшін орны толмас қаза. Сол жақта ең жақын құрбым қайтыс болды. Шам еліне бірге барған едік. Екі баласы жетім қалды. Бастапқыда перзенттері менің жанымда болды. Кішкентайы сырқаттанып, ол да дүние салды. Тұңғышы бізбен бірге Қазақстанға оралды. Сирияда көптеген елдердің өкілдері болды. Барлығы интернет арқылы таныстықпен барған. Өз Отанына қайта алмағандар ендігі бұл дүниеде жоқ шығар деп ойлаймын. Күн сайын қаншама адам өмірмен қош айтысып жатты. Елге оралғаныма қуаныштымын. Түрмеде отырсам да балаларыма қауіп төніп тұрмағанын сезінудің өзі бақыт», - дейді жазасын өтеуші Жазира Асанова.



Түзету мекемесінде еңбек арқылы оңалту жақсы жолға қойылған. Жазасын өтеушілер түрлі тігін цехтары мен жылыжайларда жұмыс істейді. Жазира Асанова – жұмсақ ойыншықтар жасайды. Бостандыққа шыққан соң осы ісін жалғастырғысы келеді.

Аяғын шалыс басқандардың тағы бірі – Жансая Таңатарова. Радикалдардың ықпалымен зорлық-зомбылық акциясын ұйымдастыруды жоспарлаған. Террорлық ұйым өкілдерімен байланыс орнатып, Шам еліне кетіп бара жатқан кезінде шекарада ұсталған. 2017 жылы Сирияға жетпестен, түрмеге түскеніне қуанады. Тар қапаста әлі 6 жыл отырады. Жазасын өтеп шыққан соң жоғары білім алғысы келеді.



«Осының барлығы білместіктің кесірінен болды. Менің басымнан өткен жағдайға ешкім душар болмаса екен деп ойлаймын. Теолог болғым келеді. Жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрмін. Мұнда бос уақыт көп. Алған білімімді жастарға үйреткім келеді. Әсіресе әйелдерге. Адастым, сүріндім, құладым. Бірақ қайта тұрдым. Бостандыққа шығып, тұрмыс құрып, балалы болсам олар есейгенде басымнан өткеннің барлығын айтып беремін. Бұл жағдай басқаларға сабақ болуы тиіс», - дейді Жансая Таңатарова.

«ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫМДАР ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ СЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ...»

Петропавл түрмесінде терроризм бабы бойынша сотталған 3 әйел жазасын өтеп жатыр. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылған. Олармен психолог, теолог мамандар жұмыс істейді. Жазасын өтеушілердің бұрынғы өмір салтына қайта оралмасына ешқандай кепілдік жоқ.



«Сотталғандардың санасын жаңғырту үшін жылдар қажет болуы мүмкін. Бостандыққа шыққаннан кейін барлығы адамның өзіне, түскен ортасына байланысты. Егер айналасында радикалды дінді ұстанатындар болса, солардың ықпалымен кетуі мүмкін. Олар түрмеден шыққан соң да оңалуы керек. Түзету мекемесінде әйелдер белгілі бір күн тәртібіне үйренді. Бұйрықпен жүріп-тұрды. Енді басқа өмірге, қоғамға бейімделеді. Жазасын өтеушілер түрлі тесттен өтіп, олардың радикалды көзқарастан қаншалықты арылғаны анықталады. Зерттеу нәтижесіне байланысты жұмыс жүргізіледі. Жастардың мұндай жолға түсіп кетуіне көбіне ақша себеп. Себебі ұйымға қаржылық пирамида сияқты, неғұрлым көп адам шақырғандарға соғұрлым көп қаражат төленеді», - дейді теолог Әйгерім Қасенова.

Қазақстан өз азаматтарын соғыс аймағынан қайтарған санаулы мемлекеттердің бірі. 2019 жылдан бері «Жусан» операциясы бойынша 607 адам елге оралды. Оның 50-ге жуығы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатса, екеуіне қатысты тергеу жүргізілуде. Елге оралған 413 баланың 34-і – жетім. Ал содырларға еріп, жат жерде опат болғандар жайында есеп жоқ. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Сирияда әлі де Қазақстан азаматтары бар.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz
Просмотров материала: 607

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 953 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 766 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 412 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 154 446 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 741 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 134 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 278 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 461 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 168 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 358 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 237 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 255 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 027 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 895 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 723 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 871 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 009 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 675 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 045 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 773 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 781 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 622 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 462 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 724 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 666 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 176 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 604 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 499 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 752 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 092 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 504 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 480 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 520 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 461 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 701 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 841 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031