23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Қаңтар қасіретіне» халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы әсер етті

21 январь 2022, 10:27
«Қаңтар қасіретіне» халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы әсер етті
Елімізде болған «Қаңтар қасіреті» халықтың әлеуметтік жағдайының мәз еместігін көрсетті. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек. Бұл өзгермейтін аксиома біздің жағдайымызда жұмыс істемей тұр», - деді. Яғни, елімізде болған соңғы қайғылы оқиғаларға әсер еткен басты факторлардың бірі – халықтың әлеуметтік жағдайы дегенге сайып келеді.

Осы орайда Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақстандықтар әлеуметтік тұрғыдан қаншалықты қорғалған, «қаңтар қырғынан» кейін елдің экономикалық ахуалында өзгерістер бола ма, соңғы оқиғалардан кейін қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалы қай бағытта өзгеруі мүмкін деген сұрақтар аясында Әлеуметтік ғылымдар докторы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатовамен сұхбаттасты.

- Ләззат ханым, елдегі негізгі әлеуметтік проблемалар қандай және оларды тиімді шешудің қандай жолдары бар?

- Негізгі әлеуметтік проблемалардың бірі – жұмыссыздық және төмен жалақы. Аталған проблемаларды шешу үшін бүкіл әлеуметтік-еңбек саласын сапалы жаңарту қажет. Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайының төмен болуы «Қаңтар қасіретінің» болуына әсер етті. Қазір әлеуметтік даму индикаторларының кең спектрінде азаматтардың жаппай наразылықтарын тудыру себептерін әлеуметтік-экономикалық тұрғысынан түсініп, бұған ықпал еткен факторларды дереу жою қажет. Қолданыстағы модель шеңберінде әлеуметтік қорғау жүйесі азаматтың әлеуметтік проблемаларын айқындауға қабілетті болғанымен, толыққанды қолдау көрсете алмайды. Салдарынан көптеген адам өздерінің әлеуметтік қиындықтарымен бірге-бір қалып, әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздың күнін кешеді.

Мемлекет басшысы нақты іске көшу және «есеп үшін» жасалатын жұмыстарды аяқтау қажеттігін атап өтті. Осындай нақты істердің бірі – әлеуметтік қолдау мен халыққа көмек көрсету жүйесінің өтініш беру моделінен проактивті модельге көшуі болуы тиіс. Мемлекеттің өзі адамға немесе отбасына қандай да бір өмірлік жағдайда қажетті қызмет алуды ұсынады. Әлеуметтік қызметтерді «барлығы үшін» тең қолжетімділік қағидаты бойынша дамыту қажет. Бұл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің негізгі тетіктерін қайта қарауды және әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуді талап етеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік саясаттың экономикалық орындылығы халықтың әлеуметтік әл-ауқатымен тікелей байланысты. Іс жүзінде азаматтардың мәселелерін уақтылы және жедел шешу үшін әлеуметтік жұмыстың әртүрлі технологиялары бар. Оларға клиникалық тәжірибе, жағдаймен жұмыс (кейс-менеджментті) қосуға болады.

- Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында билік «Әлеуметтік кодекс» тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын және оны 2023 жылы қабылдайтынын мәлім етті. Жалпы Әлеуметтік кодекс дегеніміз не және оның міндеттері қандай?

- Әлеуметтік кодекс – бұл әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт. Кодекстің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қамқорлық жасай отырып, әділ әлеуметтік саясатты дамытудың тұрақты моделін іске асыруды қамтамасыз ету.

Әлеуметтік кодекстің негізгі міндеттеріне келсек, біріншіден, әлеуметтік саладағы құқықтық актілерді шоғырландыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірыңғай құқықтық база құру болып табылады. Мәселен, бүгінгі таңда 14 заңның күшін жою жоспарланып отыр және олардың барлығы Бірыңғай құжатта біріктірілетін болады.

Екінші міндет – әлеуметтік төлемдерді жүйелеу және әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету арқылы әлеуметтік саланы дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету болып табылады. «Қасіретті қаңтар» оқиғалары халыққа қажетті заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар халықтың қолдауға мұқтаж санаттарын толық қамти алмағандығын көрсетті. Әлеуметтік кодекс жаңа «қоғамдық шарттың» негізгі элементіне айналуға тиіс. Мемлекет басшысы айтқандай: «Жобаның мәні мемлекет жаңартылған әлеуметтік міндеттемелердің кепілді орындалуын өзіне алуында. Алайда, қазақстандықтар да өз тараптарынан болашақтары туралы ойланып, жауапкершілік пен міндеттемелерді өздеріне алуы тиіс. Әлеуметтік жаңғыртудың барлық құралдары азаматтар мен бизнес үшін пәрменді, түсінікті болу қажет».

- Жалпы біздің әлеуметтік жағдайымыз туралы нақты зерттеулер немесе нақты қандай да бір көрсеткіштер бар ма?

- Біздің еліміздегі әртүрлі ғылыми-зерттеу институттары үнемі әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Мәселен, 2021 жылы еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша ҚҚДИ «Ауыл отбасының әлеуметтік портреті» әлеуметтік зерттеуін жүргізді. Зерттеу барысында «ауылдық отбасылар қандай көмекке мұқтаж» деген сұраққа респонденттердің басым бөлігі мемлекеттен материалдық көмек қажет екенін (37,9%) атап өтті. 16,7% жұмысқа орналастыру бойынша көмекке мұқтаж. 13,7% тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша көмекке мұқтаж. 12,4% мемлекеттен әлеуметтік қолдауға зәру, 7,8% кәсіпкерлікті жүргізу және бизнесті дамыту бойынша қолдаудың қажеттілігін атап өтті. Пайыздық жағынан ең азы тұрғындардың – қоғамдық ұйымдар мен қарапайым азаматтардан киім, азық-түлік түрінде көмекке мұқтаждығы (3,8%). Әрбір үшінші (27,0%) отбасы ешқандай көмекке мұқтаж емес екенін атап өтті.

- Кейбір сарапшы мамандар халыққа берілетін әлеуметтік көмектер мен қолдау масылдыққа, яғни жұмыс жасауға деген ынтаны төмендету мүмкін деген пікірде. Сіздің ойыңыз қалай?

- Масылдық психологиясы жайлы айтпас бұрын, шын мәнінде Қазақстанда өмір сүруге болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің, ең төменгі жалақының, зейнетақының, өзге де әлеуметтік төлемдердің объективті шекті көрсеткіштерін, елдегі жалпы жалақыны және оны көтеруге қанша миллион жұмсағанын есептеу қажет. Біз сыбайлас жемқорлықты заманымыздың ең үлкен жауы ретінде сипаттаймыз. Ал, сыбайлас жемқорлықты жоюдың басты іргетасы – жақсы жалақы. Айлығы жақсы адам мемлекеттен «масылдық» қызметтер пакетін алу үшін қулық әрекеттерге бармайды. Жұмыс істеу тиімді болу керек. Қазақстандықтардың көп бөлігі аз ғана айлыққа өмір сүретін жағдайда масылдық феномені туралы айту ерте және азаматтарға деген құрметсіздік. Бірақ, еуразиялық менталитетте әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақылар алу мақсатында ұқыптылық пен іскерлік танытудың өзіндік үлгісі бар екенін атап өткен жөн. Мұндай әлеуметтік қолдаудың неғұрлым ұзақ болғаны жақсы.

- Әлеуметтік кодекс идеясы бойынша әр азамат мемлекеттің әлеуметтік қорғауында болуға тиіс. Әлеуметтік мемлекеттің қызметі деген де сол – әлеуметтік қорғау. Дәл бүгін қазақстандықтар әлеуметтік тұрғыдақаншалықты қорғалған?

- Алматы трагедиясы жаудың ұйықтамайтынын және халықтың әлеуметтік проблемаларын кез-келген жойқын мақсатта пайдаланатынын айқын көрсетті. Адамға бағытталған модель жаңа әлеуметтік саясат бір күннің жұмысы емес және оның әсері ұзақ мерзімді болуы керек!

Қоғамның бүгінгі үміті – шешім қабылдау кезіндегі әділдік, әсіресе жаңа әлеуметтік институттар құруды талап ететін әлеуметтік маңызы бар мәселелерге әділ қатысу. ҚР Президентінің жолдауында азаматтардың дамуы мен әл-ауқатының негізі ретінде шағын және орта бизнесті өсіруге ерекше көңіл бөлінген, бүгінде бизнес қоғам алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетті. Жаңа үкіметке ШОБ-қа жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттің негізгі басымдығы қоғаммен диалог, ашық және айқын шешім, қолжетімді және сапалы білім, бизнестің адал бәсекелестігі, өңірлердің теңгерімді дамуы, мемлекеттік қолдаудың даму қажеттілігі, нақтылығы мен атаулылығы арқылы мүмкін болатын әлеуметтік әділеттілік болып табылатынын атап өтті.

Әлеуметтік Кодекс жобасын әзірлеушілердің назарында адамдардың өмірі туралы, оның ішінде жергілікті жерлердегі әлеуметтік қызметтердің бұрмаланған түсінігін жою, отбасының қажеттіліктерін анықтамастан қызметтерді тиімсіз көрсету, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жою мәселелері болуы тиіс. Мемлекет тарапынан көңіл бөлінбеген әлеуметтік проблемаларды деструктивті күштер әрдайым өздерінің утилитарлық мүдделеріне пайдаланып, айла арқылы наразы топтардың агрессиясын тудырады. Кез келген елдегі оң өзгерістердің стратегиялық маңыздылығы мен басты мақсаты – ұлттың гүлденуі мен бақуаттылығы. Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралардан орнықты дамуға, ауқымды, жалпыұлттық міндеттерді ілгері жылжытып және озыңқы шешу мүмкіндіктеріне жол ашу.

- Сұхбатыңызға рахмет.
Просмотров материала: 2 077

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 394 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 209 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 865 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 883 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 191 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 672 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 842 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 920 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 160 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 305 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 673 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 399 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 678 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 381 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 502 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 682 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 354 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 693 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 458 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 456 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 291 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 141 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 385 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 321 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 846 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 206 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 172 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 392 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 734 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 147 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 156 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 196 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 132 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 357 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 508 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031