30 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Перуашев олигархтар ұрлаған ақшаның көлемін жариялады

19 январь 2022, 12:47
Перуашев олигархтар ұрлаған ақшаның көлемін жариялады
Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы президенттің "олигархтар халықпен бөлісуі керек" деген бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.


"Деолигархизация Қазақстандағы саясаттың бір бөлігіне айналуы керек. Бірақ шағын бизнеске салықтық қысым жасау арқылы олигархтарды іздеудің қажеті жоқ, құрметті салықшылар! Ол адамдар бюджеттен ештеңе ұрлаған жоқ. Офшорда жеке ұшақ пен яхтаны тығып отырған жоқ. Мыңдаған кәсіпкердің басын қатырып, халықтың банк картасымен аударатын тиын-тебенді бақылаудың орнына миллиардап ақша ұрлайтындармен айналысқан дұрыс", - деді депутат Азат Перуашев мәжілістің жалпы отырысында.


Оның ойынша, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын бизнеске кассалық салық салудан бас тарту қажет. Қосарланған құн салығының шегін төмендетуді де тоқтатқан жөн.

"Соның бәрін кәдімгі патентпен алмастыру қажет. Ондайда салық органдары бір жылда төленетін салықты анықтайды. Ал кәсіпкер ол патентті сатып алады, болды, оған ешкім тиіспейді. Тексеріс жасап, басын қатырмайды. Кассалық есепшоттарды Ashyq-пен салыстырмайды. Мейлі, 5-500 теңгеге артық пайда тапсын, онда тұрған ештеңе жоқ. Есесіне миллиондаған адам ешбір кедергісіз және бюрократиясыз өз ісін аша алады. Міне, кедейшілікті осылай азайтуға болады. ", - деп атап көрсетті Перуашев.

Депутат ұсақ және шағын бизнесті патентке ауыстыру арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылады деп санайды. Тіпті, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жасалмаған жұмысты тындыруға болады.

Мәжіліс депутаты айыппұлды адамның жеке табысына қарай белгілеуді ұсынды

"Ол бағдарламаларға миллиардтаған ақша бөлінген. Бірақ басым бөлігі ұрланып тұрған. Бизнесті патентке ауыстырса, салықшылардың қолы босайды. Олар нақты жемқорлар мен олигархтарды ұстап, ұрланған ақшаны қайтаруға тиіс. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ол ақшаның көлемі 160 миллиард долларды құрайды және Қазақстанның бір жылдық ішкі жалпы өніміне тең. Міне, бюджет кірістерінің резерві сонда жатыр. Үкімет пен фискалдар сол жерде өз табандылығын танытуы шарт", - деді Перуашев.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, соңғы кезде салық салу саласында әділетсіздік анық байқалады. Кәсіпкерлерден қажетсіз қағаздарды талап етеді, есепшотты бұғаттайды. Ақыр соңында табысты бизнесті банкротқа ұшыратады.

"Банк карталарынан жасалатын төлемдер де қатаң бақылауға алынды. Ал қосарланған құн салығының шегін төмендеткеннен кейін инфляциялық процестердің салдарынан ұсақ бизнеске, тіпті, көшеде шөп-шалам сататындарға да салық төлеуге тура келеді. Демек, іс жүзінде бизнеспен айналысу тиімсіз және қауіпті болады", - деді Перуашев.
Просмотров материала: 6 006

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 456 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 979 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 552 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 601 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 918 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 771 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 894 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 138 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 399 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 543 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 077 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 184 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 308 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 136 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 413 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 384 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 074 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 473 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 208 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 190 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 015 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 859 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 140 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 070 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 571 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 180 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 891 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 530 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 919 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 868 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 929 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 893 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 113 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 256 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031