3 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемқызметте адал жұмыс істегісі келетіндердің ынтасын тежейтін жемқорлық – Әлихан Байменов

18 январь 2022, 16:59
Мемқызметте адал жұмыс істегісі келетіндердің ынтасын тежейтін жемқорлық – Әлихан Байменов
Бұл пікірді Мемлекеттік істер жөніндегі өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов айтты.

Комитет төрағасының сөзінше, Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына » деген игі бастамасының кейбіреулер өңін айналдыруға тырысып жатыр.

Жер қойнауының қызығын , жекешелендірудің рахатын көріп , халық қазынасын сорып жүргендер әліптің артын бағып отырғандай үнсіз. Осының өзі оң өзгерістерге қарсылас күштердің әлі де берілгісі келмей отырғанын көрсетуде. Бұл жағдайда президенттің басты тірегі - азаматтық жауапкершілік пен жанашырлық үлгісін көрсетіп , сын сағатта әділет пен теңдік , тәуелсіздік пен мемлекеттігімізді ту еткен , қазір жүйелі өзгерістерді күтіп , сабырлық танытып отырған халық . Тәубешіл халқымыздың тәуекелшіл де бола алатынына реформа мен өзгерістерге қарсы күштердің де көзі жеткен болар, -деді Ә.Бәйменов.

Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, Президент өз баяндамасында тығырықтан шығудың бірден бір жолын ұсынған.

Баяндамадағы экономикаға қойылған диагноз Үкімет бағдарламасында ескеріліп , жариялылық пен ашықтық , әділ бәсеке мен жемқорлыққа қарсы күрес басымдықтар болады деп үміттенеміз. Президент ұсынатын саяси реформалар азаматтар хақын қорғау , сөз бен жиналыс бостандығы , әділ сайлау , билік тармақтары тепе - теңдігі секілді демократияның іргетастарын және әкімшілік жүйені адам мүддесіне жұмыс жасату тетіктерін қамтиды деп сенемін. Саяси реформалар мемлекеттік басқару сапасын да көтеруге жағдай туғызады. Өйткені билік пен мемлекеттік аппарат сапасы тек мамандардың білігіне емес , лауазым иелерінің тағдырын халық пікірімен байланыстыратын, олардың құлқын қалыптастыратын саяси жүйеге де тәуелді, -деді Мемлекеттік істер жөніндегі өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Ә.Бәйменов.

Бәйменовтың пікірінше, саяси реформа мен жемқорлыққа қарсы күрес , экономика мен қаржы ағындарының жариялылығы мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келетін мамандар ынтасын арттырады.

Қалыптасқан жүйеде мемлекеттік қызметте адал жұмыс істегісі келетіндердің ынтасы мен жігерін тежеп отырған жемқорлық , лауазым иелерінің ел мүддесі емес қарақан бастың қамымен кетуі екені көпшілікке мәлім. Таза жұмыс істеп келгендер соған қарап та мемлекеттік қызметке келгісі келмейді. Қазақстанда кез келген лауазымда сапалы жұмыс атқара алатын мамандар жеткілікті. Мемлекеттік басқару мәдениеті өзгеріп , азаматтар мен қатардағы қызметкерлердің абыройы , еңбегі , уақыты мен хақы бағаланатын , жемқорлық ауыздықталған жүйе құрылса , сол мамандар білімі мен білігі ел мүддесіне жұмыс істейтініне сеніп ,мемлекеттік қызметке құлшына келер еді. Көптеген азаматтар қажетті өзгерістерді жүзеге асыру жолдарын біледі. Соны ескере келе Үкімет осы ұсыныстарды жолдайтын арнайы сайт ашса ортақ іске пайдалы болатыны сөзсіз, -деді Бәйменов.

Әлихан Бәйменов атағандай, мемлекеттік реформаларда шешуші фактор саяси жігер екені мәлім.

Ең қиын сәтте президент Тоқаев жауапкершілік алып , мемлекеттік пен тәуелсіздікті сақтау үшін батыл шешім қабылдай алатынын дәлелдеді . Енді сын сағатта өзіне тірек болған елі оң өзгерістерді жүзеге асырып , жаңғырған Қазақстан құруға жол бастағанда да әділ де батыл шешімдер қабылдайды деп күтуде, -деді Мұхамедияұлы.
Просмотров материала: 620

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 776 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 351 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 876 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 934 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 284 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 274 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 377 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 664 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 093 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 207 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 567 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 436 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 566 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 212 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 684 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 457 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 148 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 549 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 319 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 257 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 934 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 227 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 151 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 653 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 450 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 242 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 616 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 997 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 939 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 025 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 981 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 192 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 347 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930