30 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қарумен емес, сөзбен". Ұлттық ұлан сарбаздары лаңкестермен қалай шайқасты

18 январь 2022, 10:00
"Қарумен емес, сөзбен". Ұлттық ұлан сарбаздары лаңкестермен қалай шайқасты
Қасіретті қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде елді жауға бермей қызғыштай қорғаған сарбаздар "Антымызға адал болдық" деп еске алды. Олар ел тұтастығына төнген қауіпті еңсеруге барымызды салдық, бірлігіміз бұрынғыдан да беки түсті дейді, - деп хабарлайды Almaty.tv .


Басы кесілген, аяғы гема, қолы көгерген - мұндай жарақаттарды 21 жастағы Бақтияр Шүкенов таяудағы тәртіпсіздіктер кезінде алған. Бақтияр Алматыға 4 қаңтар күні кешке Қостанайдан келген. Ол қалаға келгенде шошып кеткенін айтады - әр жерде жатқан қоқыс, өртенген көліктер. Адамдар бақылаудан шығып, бәрін талқандап тастағандай болды деп есіне алады.

"Ротадағы бір жігіттің басына тас тиіп құлады, мен оны көтеріп жатқанда жұрт бәрімізге шабуыл жасады. Мен оны итеріп жібердім де, өзім адамдардың астында қалдым. Адамдар ұрып, тепкілеп, жұдырықтай бастады - барлығын ұрды. Сосын біздікілер де маған көмектесті", - деді ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің жауынгері Бақтияр Шүкенов.

Медеу Алпыспаев сол кездері мемлекеттік нысандарды қорғауда қызмет етті. Жігіт алаңға он мың адам жиналғанда өз көзіне өзі сенбегенін айтады. Сарбаз наразылық білдірушілер арасында психотроптық заттардың әсерінен адреналинде болған адамдар бар деп болжайды. Қиын жағдайға қарамастан, ол әріптестерімен бірге олармен сөйлесуге тырысқан.

"Мен оларды қарумен емес, сөзбен тоқтатқым келді. Оларға бір-бірін тонау дұрыс емес екенін, өздері сияқты қарапайым халықтың жеп отырған нанына зиян келтірмеу керек екенін түсіндіргім келді", - дейді ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Айбат Алпысбай.

Жастары небәрі 18-20-дағы жігіттердің таным, көзқарастары бірден есейіп кеткендей. Бұл тосыннан тұтанған қырғын әрбір әскери қызметкердің, сарбаздың елінің қорғаны екенін айқындай түсті.

"Қолын, басын емдегеннен кейін "қайтадан шығайықшы, майор мырза, қайтадан барайық, балаларымызды алып қайтайық, менен пайда болады" деген сарбаздар болды. Олар сыр бермеді. Өзім сол кезде сарбаздардың намысшыл екенін көрдім. Өзім соған қуанып, ондай солдаттарға разылықпен қарадық", – деді Ескендір Мамытбеков.

Ұлттық Ұланның бұл бөлімінде 900-ден астам сарбаз болса, соның барлығы дерлік ұрыстарда асқан айбындылық танытып, жігері мұқалмады. Бастысы, адам шығыны болмады, соған шүкір етеміз дейді мұндағылар. Бүгінде жауынгерлер бұрынғы күн тәртібіне оралған. Ал зардап шеккендер дертінен айығып, қатарға қайта қосылған.


Просмотров материала: 692

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 784 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 197 388 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 896 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 947 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 197 314 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 517 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 598 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 898 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 433 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 528 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 774 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 552 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 620 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 412 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 261 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 765 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 499 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 194 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 589 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 389 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 290 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 123 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 970 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 280 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 189 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 688 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 539 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 040 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 274 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 651 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 028 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 969 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 069 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 034 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 230 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 386 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930