9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көлігі өртенген Алматы тұрғыны: жағдайдың тынышталғанын күттім

13 январь 2022, 10:02
Көлігі өртенген Алматы тұрғыны: жағдайдың тынышталғанын күттім
Алматыдағы бүлік кезінде бүлінген, өртенген көліктердің санын полиция әлі есептеп жатыр, деп хабарлады КТК арнасы.

Салоннан шыққанына тоғыз ай да болмаған Рафаэль Абдрашитовтің жаңа көлігі түгі қалмай жанып кеткен. Дәл Республика алаңының артындағы ауланы да аттандағандар ылаңдаған. Отқа оранған сәті осы жерден өтіп бара жатқандардың камерасына түсіп қалыпты.

"Таңертең атыс сәл саябырлаған кезде көлікті келіп көрдік. Түгі қалмай жанып кеткен. Сол күні полицияға хабарластым, ешкім жауап бермеді. Араға үш күн салып бір-ақ келді. Көрші үйде тұрамын. Атыс басталғанда көлікті басқа жаққа қойсам ба деп ойладым. Бірақ темір адам жанынан қымбат емес қой. Не де болса жағдайдың тынышталғанын күттім", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Рафаэль Абдрашитов.
Өртенген көліктер қаланың орталығында ғана емес, шеткі жақтарында да көп. Осы күндер аралығында үреймен үйінде отырғандар кешеден бері жанып кеткен темір тұлпарының қаңқасын көруге шықты.

Алматыдағы Райымбек пен Сайын көшелерінің қиылысы. Куәгерлердің айтуынша, 5-6 қаңтарда бүлікшілердің бір бөлігі осы жаққа шоғырланып жолдың бір бетін жауып тастаған. Одан кейін қарсы беттегі жанармай бекетіне от қойған. Артынша жапсарлас орналасқан көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығына лап берген. Ә дегенде ішке кіргенде сол жақ қанатта далада тұрған көліктердің түгі қалмай, күлі қалған.

Бұл ғимаратқа от қоймас бұрын сыртта тұрған дүкенге кіріп заттарын үптеп кеткен. Тек содан кейін от қойған. Бүлік болған уақытта бұл аумақта 11 көлік болған. Оның екеуін ұрласа, қалған тоғызын жағып жіберіпті.

"Ғимаратты есепке алмайтын болсақ, тек өртенген көліктер мен іштегі құрылғы, заттардың құны 120 миллионнан асады. Жалпы 11 көлік болды. Полиция департаменті мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына арыз жаздық. Ары қарай не істеу керек екенімізді айтады, олардың нұсқаулығын күтіп отырымыз", - дейді Техникалық қызмет көрсету орталығының қожайыны Кирилл Нагиев.

Сақтандыру мәселесіне келер болсақ, жауап әзірге екіұшты. Елдегі жүргізушілердің көбі стандартты келісімшартқа отырған. Ол сақтандыру қағазы тек жол апаты болып, оны полиция тіркегенде ғана жарамды. Ал ерікті жасалатын сақтандыру қызметін алғандар көп емес. Өйткені құны қымбат. "Бірақ осындай оқыс жайттар келісімшартта көрсетілуі мүмкін" дейді мамандар.

"Егер көлігі өртенген адамда ерікті түрде жасалған КАСКО атты сақтандыру келісімшарты болса, бірінші кезекте қандай жайттарды сақтандыру өтейтінімен танысуы қажет. Әр келісімшарттың тармағы әртүрлі. Сондықтан өзі тіркелген сақтандыру компаниясына барып арыз жазуға тиіс. Егер олардың ұсынысымен келіспесе, құзырлы органға арыз жаза алады", - дейді Сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкин.

Рафаэль Абдрашитов та бүгін өзі тіркелген сақтандыру компаниясына жүгінді. Бірақ әзірге сақтандыру компаниялары әліптің артын бағамыз деген сыңайда ешкімге ешқандай уәде беріп жатқан жоқ.
Просмотров материала: 1 007

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 079 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 752 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 254 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 298 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 669 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 546 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 584 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 906 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 573 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 625 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 819 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 806 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 909 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 262 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 582 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930