30 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"27 шабуыл жасалды": Салтанат Әзірбек полицияға жасалған шабуылдан қалай аман қалғанын айтты

12 январь 2022, 15:19
"27 шабуыл жасалды": Салтанат Әзірбек полицияға жасалған шабуылдан қалай аман қалғанын айтты
Алматыдағы қайғылы оқиға тұрғындардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Қала бірте-бірте әдеттегі өмірге қайта оралып жатыр. Соған қарамастан төтенше жағдай мен коменданттық сағат сақталады. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбекпен тілдесіп, лаңкестік әрекеттен қалай аман қалғанын сұрады.

4 қаңтарда полиция бөлімшесінің бүкіл ұжымы дабыл қақты. "Алматы Аренада" жаппай тәртіпсіздіктер басталып, бүкіл халық қаланың орталық магистральдарымен алаңға қарай жылжығанда, "Камал" ("бекініс" дегенді білдіреді) жоспары жарияланды. Әзірбектің айтуынша, бұл жоспар барлық әкімшілік ғимараттарды, полиция бөлімшелерін сол жерде сақталған қару-жарақты жауып тастауды көздейді.

"Кешке қарай Полиция департаментіне қарай бір топ адам келе жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті, бірден біздің алаңдағы үш әкімшілік ғимарат қорғалды. Әрине, тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін бізде үлкен ресурстар болды, бірақ департаментте болған кейбір бөлімшелердің жеке құрамы 100 пайыз қарулы және шабуылға тойтарыс беруге дайын болды.
"27 шабуыл жасалды": Салтанат Әзірбек полицияға жасалған шабуылдан қалай аман қалғанын айтты



Негізгі соққыны Масанчи көшесінде орналасқан жедел бөлімшелер, тергеу бөлімі, анықтау бөлімінің қызметкерлері алды. Олардың жанқиярлық әрекеттерінің арқасында қылмыскерлер біздің ғимараттарға жақындай алмай, артқа шегінді. Қарақшылар ірі техника мен жүк көліктерінің көмегімен қақпаны соғу әрекетін жасады. Менің білуімше, криминалдық полиция қызметкерлері жүк көлік жүргізушісін жойып, кейін КамАЗ өртеніп кеткен.



Шайқас қаңтардың 5-нен 6-ына қараған түні кешкі сегізден таңғы беске дейін жалғасты. Лаңкестер ғимаратымызға 27 рет шабуыл жасады. Тіпті кадр саясаты бөлімінің жігіттері де позиция алып, бұл арамзаларға қарсы оқ жаудырды. Айтпақшы, олар ғимаратқа басқа жақтан, Никольский базарынан, Қарасай батыр көшесі жағынан кіруге әрекеттенді, бірақ бұл әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталды.

Біздің қару-жарақ қоймалары күшейтілген қорғанысқа алынды, жедел әрекет ету отрядының жауынгерлерінің көпшілігі алаңда болғандықтан санаулы ғана адам болды. Қару-жарақты сақтап қалу үшін лаңкестерді атуға бұйрық берілді. Заң бойынша шабуылды тойтару кезінде полиция қызметкерлерінің атуға құқығы бар. Оның үстіне, ол кезде бізге қарай бет алған топтың жақсы дайындалған, арнайы киімдері мен техникасы бар қарулы адамдар екені хабарланған болатын.

Лаңкестер арасынан 20-дан аса адам қайтыс болды. Олар жараланғандардың бір бөлігін өздерімен бірге алып кеткен. Жақын маңдағы тұрғындар үшін алаңдадым. Жақын жерде тұрғын үй бар, медициналық орталық айтарлықтай зардап шекті. Ол біздің жанымызда. Оның кіреберісінде де болды.

Лаңкестер терезелерге оқ жаудырды, Масанчидегі ғимараттың фронт-офисін толық қиратты. Мақсатты түрде атыс болды. Олардың арасында мергендер көп, өздерімен бірге қару-жарақ, әскери гранаталар, пулеметтер алған. Терезелерге, қызметкерлерге, ғимаратқа оқ жаудырды. Бұл оқиғада әріптестеріміздің ешқайсысын жоғалтқан жоқпыз. Осы оқиғалар нәтижесінде үш полиция қызметкері, жалпы 176 адам жарақат алды, олардың 8-і ауыр халде жатыр.

Бұлтартпас деректер олардың жоспарлы түрде әрекет еткенін көрсетеді: бір мезгілде бірнеше аудандық басқармаларға шабуылдар ұйымдастырылды. Оның ішінде Әуезов ауданының полиция басқармасы, Алмалы ауданының ПБ жанындағы полиция бөлімі, Медеу АІІБ бар. Бұл жерлердегі оқиғалар бір мезгілде болған.

Таңертеңгі сағат 5-те шабуыл аяқталды, бірақ біз үш-төрт күнде үйге жеттік. Қазір есімде жоқ. Бұл уақыт аралығында осында болдық. Шабуылдың белсенді кезеңі басталғанға дейін отбасыммен телефон арқылы хабарластым. Ол кезде интернетте ақау шыққан еді. Әйтеуір үйде жұбайым бар екен. Балаларымды, біріншіден, Құдайға, екіншіден, оған сеніп тапсырдым. Балалардың сенімді адамның қолында екенін білгенде тынышталдым. Айтпақшы, осы уақытта өмірдегі көп нәрсені қайта ойлайсың. Неге балаларға көп уақыт жұмсамадым деп ойладым, бірақ қызметтің аты - қызмет. Оның үстіне, адам жұмысқа жүрек қалауы бойынша келсе, солай болады.

Төрт балам бар, кішісі үш айлық. 13 жастағы үлкен қызым әкесіне бала күтіміне көмектеседі. Ортаншы ұлым 12 жаста, одан кейін екі жасар қызым мен үш айлық ұлым бар. Күйеуім екеуміз ата-анама шабуыл болып жатқанын айтпадық, кешке анама звондап бəрі жақсы, əзірше жұмыста боламыз деп айттым. Тек бәрі тұрақталған кезде мен оған телефон соғып, осындай жағдай болғанын айттым.

Жергілікті атқарушы орган қолдауы арқасында жеке құрамға азық-түлік ұйымдастырылып, уақытында жеткізіліп, полиция қызметкерлеріне ғана емес, кейін көмекке келген әскери қызметке де жеткізілді. Олар әлі күнге дейін біздің алаңды күзетіп отыр. Бізді бітімгерлер емес, қазақстандық әскер күзетеді. Терактілер кезінде мен өз кабинетімде болдым. Біздің міндетіміз олардың қару қоймаларына жетуіне жол бермеу болды", - деп еске алады Алматы қаласы ПД ресми өкілі.

Тілшінің "Салтанат Әзірбек қайғылы оқиғалар кезінде өзі үшін, балалары үшін қорққан жоқ па?" деген сұрағына, ол әрқашан мемлекет мүддесін жеке басынан жоғары қоятынын айтты.

"Иә, ондай ой келді, бірақ бірден сейілді, өйткені мен мемлекеттік қызметшімін, ант бердім, мен үшін бірінші кезекте мемлекетті қорғау, азаматтардың құқықтарын қорғау бірінші орында тұр.

Антитеррорлық операция әлі жалғасып жатыр, қаланың кейбір жерлерін қылмыскерлерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың бәрі қазір жалдамалы үйлерде жасырынып жүр, сондықтан тазалау міндетті саналады".
Просмотров материала: 380

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 124 420 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 124 250 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 895 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 921 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 124 225 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 534 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 705 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 778 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 975 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 124 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 496 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 344 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 660 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 555 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 366 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 472 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 665 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 334 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 678 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 441 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 439 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 276 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 124 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 366 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 304 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 831 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 182 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 154 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 375 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 702 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 126 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 142 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 182 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 109 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 491 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930