9 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бас прокуратура төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті

05 январь 2022, 13:07
Бас прокуратура төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев ТЖ режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделетінін ескертті. Төтенше жағдай Маңғыстау және Алматы облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласына енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының аумағында 2022 жылғы 5 қаңтар сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес төтенше жағдай қолданылатын кезеңде ол енгізілген жерде мынадай негізгі шаралар мен уақытша шектеулер көзделген:

еркін жүріп-тұруға, оның ішінде көлік құралдарының кіруі мен шығуына шектеулер белгіленді;
тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру;
бейбіт жиындарға, ереуілдерге және басқа да жаппай іс-шараларға тыйым салынды.
Қосымша уақытша шектеу шаралары ретінде сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, этил спиртін және алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған, жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрілерді уақытша алып қою көзделген.

Қазақстан Республикасы «Төтенше жағдай туралы» Заңының 20-бабына сәйкес коменданттық сағат қағидаларын бұзған жеке тұлғаларды полиция қызметкерлері немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал өзімен бірге олардың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды – олардың жеке басын анықтағанға дейін, бірақ ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша 48 сағаттан асырмай ұстауға тиіс.

Ұсталған адамдар және олардың алып жүрген заттары мен көлік құралдары тексерілуі мүмкін.

Төтенше жағдай режимінің көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын атап өтеміз.

Осылайша, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде тыйым салынған ереуілге басшылық ету және ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі – ҚК) 379 және 401-баптары бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату ҚК-нің 274-бабына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Төтенше жағдай кезінде қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру 10 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді (ҚК-нің 459-бабы).

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 476-бабы), төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін (ӘҚБтК-нің 478-бабы) тиісінше 15 және 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Бұл ретте төтенше жағдай кезінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау ауырлататын мән-жай болып табылады (ҚК-нің 54-бабы, ӘҚБтК-нің 57-бабы) және неғұрлым қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.

Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабын басшылыққа ала отырып, азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, ішкі істер органдары мен уәкілетті органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға, оларға қажетті жәрдем көрсетуге шақырамыз.

Сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылыққа берілмеуге және төтенше жағдай режимін бұзбауға, ресми дереккөздерде орналастырылған елдегі ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз», - делінген Бас Прокуратура хабарламасында.
Просмотров материала: 405

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 693 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 283 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 799 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 856 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 207 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 333 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 429 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 163 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 273 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 616 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 458 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 579 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 226 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 711 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 473 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 563 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 339 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 099 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 242 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 663 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 473 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 627 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 005 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 947 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 996 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 201 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 358 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930