27 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда балабақшада таяқ жеген баланың әкесі мәлімдеме жасады

30 декабрь 2021, 9:41
Алматыда балабақшада таяқ жеген баланың әкесі мәлімдеме жасады
Алматыда балабақшада қатарластарынан таяқ жеген баланың әкесі барлық мән-жайды өз аузымен айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен баланың әкесі Амангелді Әскеновтен КТК телеарнасы сұқбат алды.Баласын сабап жатқанын көріп жыларман болған жігіт ағасы бір топ баланы тәрбиеші «арандатқан» деп топшылайды. Өйткені қуып жүріп ұрған ұл-қыздардың өзі осылай деп тәптіштеп тұрып, мәселені жайып салған.

Қазір осы келеңсіз жайтқа жол берген №58 балабақшаның меңгерушісі мен тәрбиешісі жұмысынан босатылды. Ал төрт жастағы Абылай психологтың көмегіне зәру.

Балам қазір "шок" жағдайда. Көзге жас алмай, айта алмайсың. Көрген адамның өзі жылайды. Айтатын адам сол күні осындай жағдай болды деп айтатын еді. Тәрбиешісі келе сала, бізге хабарласатын еді. Бірақ олай болмады. Ол телефонын шұқылап отыра берді. Балабақшаның бәрі білді, сондай шу болғанын. Апайдың өзі балаларды үйіне жіберіп жатқанмын дейді. Оның бәрі өтірік. Негізінде ол жиналыста отырған адам. Балаларды тастап кеткен.
Амангелді Әскенов
Оқи отырыңыз: Алматыда бір балаға топ бала жабылған балабақша тәрбиешілері жұмыстан қуылды

Амангелді кішкентай балаларды ондай қатігездікке ешқандай ата-ана үйретпейтініне сенімді. Сондықтан ол ұл-қыздарды тәрбиеші «арандатқан» деп топшылайды. Бұл болжамды жабылып кеткен топтағы бүлдіршіндер де растапты.

Бір-екеуінен сұрадық. Ұрыспай-ақ. Мұғалімдер сол жерде болды. Қандай себеп болды деп сұрадық. «Бізге апай айтты, Абылай тұрса ұрыңдар» дегендей. Кішкентай бала бәрін сіңіріп алады, айтқанды істейді. Бала дұрыс тәрбие көрмеді дегеннің өзінде, барлығы жабылып, ойлары бір жерден шыға қоймас. Мен балаларды кінәлай алмаймын. Себебі, баладан мен ондай күтпеймін. Ата-анадан да күтпеймін. «Барып жабылып ұрыңдар» деп ешқандай ата-ана жасамайды деп ойлаймын.
Амангелді Әскенов
Күні кеше әлеуметтік желіге таралып кеткен видеодан жалғыз баланы ұлы да, қызы да жабылып аяусыз төпелеп жүргенін байқауға болады. Соққылардан бала арлы-берлі қашып, бір кезде жерге құлайды. Соның өзінде бірі басынан, екіншісі ішінен теуіп жатыр. Бұл бөлмеде не тәрбиеші, не бала күтуші көрінбейді. Осы жайттан зардап шеккен төрт жастағы Абылай қазір психологтың көмегіне зәру, - дейді жыларман болған әкесі.

Балам шошынып қалған. Қорқады. Балабақшаға барғысы келмейді. Психологтармен жұмыс істеу керек енді. Психологты олар беру керек, солардың міндеті деп санаймын. Себебі, білім басқармасының кесірінен бала сондайға ұшырап отыр. Жауапты адам болу керек. Мен қайдан білемін, балам дұрыс бола ма, болмай ма. Бұндайға дейін барады, басымыздан осындай жағдай өтеді деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген.
Зардап шеккен баланың әкесі
Көпшіліктің талқысына түскен бейнекадрлерден кейін білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, №58 мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі мен балаларды қараусыз қалдырып кеткен тәрбиеші жұмысынан босатылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің және Әуезов ауданының білім бөлімі басшысына тәртіптік жаза қолданылған.

Бірақ «ұлымның жүйкесі зақымданды» деп шыр-пыр болған Амангелді Әскенов полицияға арыз жазған. Ол мәлімдеме жасап, кінәлілер заң алдында жауап беруін талап етті. Ашынған әке соңына дейін күресуге бекініп отыр.
Просмотров материала: 997

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 419 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 249 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 872 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 919 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 209 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 151 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 288 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 515 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 551 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 714 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 424 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 897 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 371 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 218 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 038 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 238 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 311 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 981 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 370 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 093 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 107 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 938 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 773 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 035 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 491 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 958 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 809 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 087 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 417 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 825 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 784 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 831 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 787 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 013 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 156 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031