20 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экспорт артса да, теңге нығаймады. Неге? Ұлттық банк жауап берді

29 декабрь 2021, 12:59
Экспорт артса да, теңге нығаймады. Неге? Ұлттық банк жауап берді
Нарықтағы тенденциялар мен экономиканы әртараптандырудың маңызы туралы Төлем балансы департаменті сыртқы секторға анализ жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 9 айдың қорытындысы бойынша, қазіргі төлем балансының тапшылығы өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 40,9%-ға қысқарып, (-)3,0 млрд АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Бұған экспорттың айтарлықтай өсуі ықпал еткен.

Экспорт жыл басынан бері (2020 жылдың 9 айында +20,6%) ұлғая бастады. Қазақстан шет елге мұнай, мыс, ферроқорытпа, темірден жасалған, темір және мыс кендерінен шыққан тегіс прокаттар, концентраттар, бидай, мұнай өнімдерін, алюминий, күміс пен цинк өнімдерін көптеп сата бастады.

Төлем балансы департаменті сыртқы секторға анализ жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова
Оның айтуынша, белгілі бір тауарлар экономиканың өсімін тежеп тұрды. Бұл – уран (0,8 млрд АҚШ долларына дейін 36,9%-ға қысқарды), газ (1,6 млрд АҚШ долларына дейін -20%-ға қысқарды), бағалы металдардың кендері мен концентраттары (0,5 млрд АҚШ долларына дейін -9,0%-ға дейін қысқарды).

Жалпы алғанда, әртараптандыру деңгейі төмен болғанда экспорт әлемдік тауар нарығындағы жағдайға жығылып отырады: экспорттағы мұнайдың үлесі 51,5%, металл үлесі – 19,1%, газдың үлесі – 3,6%, уранның үлесі – 1,9% құрады.
Меруерт Алмағамбетова

Басқарма бастығының айтуынша, елдердің ОПЕК+ келісімі аясындағы міндетіне, яғни, мұнай экспортын төмендету туралы келісіміне қарамастан, қара алтынға деген әлемдік бағаның өсімі мұнай мен газ конденсантының экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берген (2020 жылдың 9 айына қарай +19%). Алайда, ресми статистикадағы есептің ерекшелігін ескерсек, ІІІ тоқсандағы мұнай бағасының өсімі толығымен ІV тоқсанда байқалады.

Қазақстан мұнайын көбіне Италия (6 млрд АҚШ доллары), Нидерланд (2,8 мдрд АҚШ доллары), Франция (1,7 млрд АҚШ доллары) Үндістан (1,3 млрд АҚШ доллары) мен Қытай (1,2 млрд АҚШ доллары) елдері сатып алады.

Біздің мұнайды көп сатып алатын ел бұрынғыдай Италия болып қалды, мұнай экспортының 27% үлесі осы мемлекетке тиесілі. Ал өзге елдер арасында экспорт көлемін арттырған мемлекеттер – Нидерланд (12,6%-ға дейін), Франция (7,7%-ға дейін), Түркия (5,3%-ға дейін), Сингапур (2,8%-ға дейін) және Бруней (2,3%-ға дейін).

Сондай-ақ ол металл экспортындағы жағдайға тоқталып өтті.

Әлемдік сұраныс қалпына келе бастағанда, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қара және түсті металл экспорты былтырға қарағанда 54% және 33%-ға, ал, 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда, сәйкесінше 35% және 27%-ға өскен.

Көбіне-көп Қытай мен БАӘ-ге – мыс, Ресейге, АҚШ пен Жапонияға – темірден жасалған тегіс прокат, Түркия мен Хорватияға – алюминий, Ұлыбританияға – күміс, Қытай мен Ресейге – мырыш экспорты артты.
Меруерт Алмағамбетова

Ал, түсті металды көбіне Қытай елі сатып алса, қара металды Ресей импорттаған. Айта кететін нәрсе, темір кендері мен концентраттар, күкірт, мыс кендері мен концентраттарының сатылымы айтарлықтай өскен соң өзге де экспорттардың өсімі байқалған.

Ол уран мен газдың экспорты неге төмендеп кеткеніне де тоқталып өтті.

Шет елге сатылатын уран мен газ көлемі азайып, бұл өз кезегінде тауарлар экспортын ұстап тұруға ықпал етті. Қазақстанның уран экспорты 2021 жылдың 9 айында 37%-ға төмендеп кетті. Қытайға (-443 млн АҚШ доллары), Үндістанға (-74 млн АҚШ доллары), Франция (-11 млн АҚШ доллары) мен Канадаға (-6 млн АҚШ доллары) экспортталатын радиоактивті элементтер көлемі азайған соң, уран мен газ экспорты да осындай көзге көрінетін деңгейде қысқарды.
Меруерт Алмағамбетова

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан уранын Ресей мемлекеті сатып алып отыр (+23,8 млн АҚШ доллары), уран экспортындағы Ресейдің үлесі 21%-дан 37%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, газ экспортының азаюындағы тағы бір себеп – елімізде газға деген ішкі сұраныстың артуы болды. Әсіресе, Қытайға экспортталатын газ көлемі едәуір азайған, сондай-ақ, Швейцария, Украина, Ауғанстан мен Германияға да шығатын экспорт азайып отыр.

Ұлттық банк өкілі экспорттың артуы неліктен теңге бағамының нығаюына әсер ете алмағанын түсіндіріп өтті.

Экспорттан түскен ақшалай табыстың өсуі үнемі ішкі валюталық нарықта валютаның ұсынысын арттыра бермейді. Бұның себебі, өнімді бөлу туралы келісім негізінде ірі мұнай-газ кен орындары инвесторлармен бірге әзірленеді. Ішкі валюта нарығында түсетін валюталық табыстың көлемі осы келісімнің шарттарына тәуелді болады.
Меруерт Алмағамбетова

Оның айтуынша, уағдаластықтарға сәйкес, экспорттан түскен валюталық түсімдер алдымен инвестордың кен орнын әзірлеуге кететін шығындарын жабады, содан кейін ғана қалған қалдығы шарттағы үлесіне сай жобаға қатысушылар арасында үлестіріледі.

Просмотров материала: 476

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 132 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 770 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 260 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 321 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 685 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 917 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 972 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 985 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 171 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 668 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 699 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 317 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 003 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 262 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 663 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 477 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 341 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 175 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 035 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 357 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 256 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 785 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 326 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 704 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 143 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 292 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930