15 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шет тілін 1-2 айда үйретемін дейтін курстар көбейді, бұл – алаяқтық

29 декабрь 2021, 12:18
Шет тілін 1-2 айда үйретемін дейтін курстар көбейді, бұл – алаяқтық
Тіл білу барысында адамның қарым-қатынас жасау, әлеуметті тану, білімін арттыру мүмкіндігі екі-үш есеге артады. Әр тіл – өзінше бір тұтас әлем. Қазір Қазақстанда туған сәбилердің барлығына жуығы ана тілімен қатар орыс тілін де еркін меңгеру қабілетіне ие. Қазақ жастары бұған қоса ағылшын, түрік, араб, жапон т.б тілдерді үйреніп, мемлекеттің дамуына өз пайдасын тигізіп жүр.

Azattyq Rýhy тілшісімен сұхбаттасқан Мәди Бәзілбек 7 тілді меңгерген. Жапонияда білім алған 23 жастағы полиглот тіл үйренуде қолданатын маңызды әдістерімен бөлісті.

Мәдидің негізгі мамандығы – шығыстанушы.

«Қазір 7 тілді әр түрлі деңгейде білемін. Жақында француз және араб тілдерін оқуды бастадым. Қазақ, орыс тілдерімен қоса, жапон, ағылшын, испан тілін жетік білемін. Ал, түрік және француз тілдерін орта деңгейде меңгергенмін. Негізгі мамандығым – саясаттанушы және шығыстанушы. Қазақ Ұлттық университетінде бір жарым жыл оқып, Жапонияның Цукуба университетінде оқуымды жалғастырдым. Шығыстану мамандығы бойынша магистратура бітірдім.

Тіл үйренуге деген қызығушылықты саналы және санасыз түрде деп екіге бөлемін. Санасыз түрде бұл балабақша кезеңінен бастау алады. Кішкентай кезімде орысша балабақшаға барып, кейін мектепті қазақ тілінде бітірдім. Соның арқасында екі тілді де еркін меңгеріп шықтым. Саналы түрдегі қызығушылық белгілі мақсатпен, тілдің қажеттілігін түсініп үйрену. Ағылшын тілін 14-15 жасымнан бастап қолға алдым. Екі жыл тұрақты түрде курсқа қатыстым. Себебі, Қытайға оқуға түсетін ой болды. Сол кезден бастап тіл білуге деген қызығушылығым ашылды. Сондай-ақ, музыкаға қатты қызығатынмын. Америкалық, голливудтық әндер, поп-музыка тыңдау арқылы тілге деген махаббатым ашылды», - дейді ол.

Мәди тіл үйрену кезінде өзіне қиын түскен жапон тілі екенін айтты. Полиглот жапон тілін қаншалықты жоғарғы деңгейде меңгерсең де қате жібересің дейді.

«Әр тілдің өзіне тән қиындығы мен ерекшелігі болады. Оны осынша уақыт аралығында үйренесің деп дөп басып айта алмайсыз. Мысалы, маған қиынға түскені жапон тілі болды. Тілді әлі меңгеру үстіндемін. Студенттік жылдарымды қосқанда бұл тілді оқып жүргеніме 5 жыл болды. Әлі күнге дейін қиын. Мәселен, ағылшын, испан, француз тілдері үйренуге жеңілірек. Өйткені бұл тілдерді меңгерудің көптеген тәсілі бар. Ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ойыңды оңай жеткізу үшін кем дегенде жарты жыл керек. Ал, қытай, жапон, араб тілдері күрделірек. Толық үйренуге 2-3 жылдай уақыт кетуі мүмкін. Бәрі адамның өзіне, үйрену талпынысына байланысты.

Жапон тілі өте кең, әрі әлемдегі ең қиын тіл деп айтар едім. Себебі, екі алфавитімен қоса, 5 мыңға жуық иероглифі бар. Жапондардың тілінде сыпайы формалар өте көп. Менталитеті, адамдармен сөйлесу ыңғайы қиын. Сен жапон тілін қаншалықты көп оқысаң да бәрібір қате жібересің. Қарапайым шетелдіктер түсінбейтін дүниелер өте көп», - дейді полиглот.

«Мнемоника», «Пимслер», «Мишель Томас» әдістері

Мәди Бәзілбек тіл үйрену кезінде қолданатын әдіс-тәсілерімен бөлісті.

«Тілді үйренуде ең маңызды алғашқы әдіс – тыңдап үйрену. Кез-келген істі бастағанда қызығушылық болмаса, үйрену процесі ұзаққа созылады. Жанды диалогтарды тыңдау арқылы адам өзінің қабылдауын жақсартады. Соның арқасында тілге бейімделеді. Тілдің әуезділігі, дыбысталуына үйренеді. Сабаққа кіріспес бұрын, тіпті түсінбесеңіз де 1-2 апта жәй ғана өзіңіз үйренгіңіз келетін тілді тыңдап жүру керек.

Тіл үйренуде әдістер өте көп. «Мнемоника», «Пимслер», «Мишель Томас әдісі» сияқты оқудың түр-түрі бар. Адам өз ыңғайына келетінін таңдау қажет. Мен өзім «Мишель Томас» әдісін көп қолданып жүрмін. Бұл кішігірім күрделілік еңгізу арқылы тілдің құрылымын дамыту. Мысалы, бардым сөзіне «мен мектепке бардым», «мен кеше мектепке бардым» деп сөйлемді күрделендіре бересіз. Өз оқушыларыммен осы әдіс арқылы жұмыс істегенді жөн көремін. Сөздердің қолданысы тез есте қалады», - дейді маман.

Мәди тіл бағытындағы жобалар, тілдік курстармен айналысады. Ол қазір тіл үйрету маркетинг құралына айналып бара жатқанын, пайдасы жоқ курстардың көбейгенін айтты.

«Тіл – инемен құдық қазғандай ұзақ процесс. Қазір «бір-екі айда тіл үйрен» деген жалған түсініктер қалыптасқан. Мұның бәрі өтірік. Қайталап айтамын, тілді үйрену ұзақ уақытты талап етеді. Бұл процесте адамға қойылатын бір ғана талап – сабырлық. Тіл үйретуде нарықтың ұлғайып, дамуымен қатар өтірік ұстаздар, алаяқтар көбейді. Сондықтан, жеңіл жол таңдамаңыздар дегім келеді.

Өзім тіл бағытындағы жобалармен айналысамын. Біздің орталық араб, түрік, ағылшын тілдерін үйретуді ұсынады. Біз ешқашан бір-екі айда тілді толық меңгеріп шығасың деп кепілдік бермейміз. Инстаграм желісінде блогымыз бар. Әр адамның мүмкіндігіне қарай жұмыс істейміз», - дейді ол.

Қазақстандықтардың тіл білуге деген қызығушылығы қандай?

Мәди тіл білудің мүмкіндігі шексіз екенін айтып, қазақстандықтардың көп тіл білу деңгейіне баға берді.

«Осы уақытқа дейін тіл білгеннің зиянын көрген емеспін. Қазақ қоғамында жәй ғана қазақ және орыс тілін жетік деңгейде білсеңіз, алдыңыздан көп жол ашылады. Ал, оған ағылшын, қытай, түрік және басқа да тілдер қосылса, мүмкіндігіңіз шексіз болады. Тіл білу арқылы кәсіби аудармашы болып жұмыс істедім. Синхронды аудармашы болдым. Тіл білгеннің арқасында орта кеңейіп, біраз адамдармен таныстым. Әсіресе, саяхаттаған кезде қиналмайсыз. Тіл білу коммуникация қабілетін арттырады.

Осыдан жарты жыл бұрын «Әлемнің ағылшын тілін білу деңгейі» деген рейтинг шықты. Ол жерде Қазақстан соңғы орындарда тұр. Ағылшын тілінде курстардың көп болуы, елдің бәрі ағылшын тілінде сөйлеп кетті деген сөз емес. Керісінше, ағылшын тіліне сұраныстың көп екенінің көрінісі. Халқымыз ағылшын тілі деңгейі жағынанан әлі де төмен. Қызығушылық бар, бірақ, қынжылтаныны қазақ жастары ойын-сауық дүниелеріне тез еріп кетеді. Мағынасыз, пайдасы жоқ вайн, тикток түсіретіндер көбейді. Оның орнына жеке даму, тіл үйрену сияқты пайда әкелетін бағытты ұстанған абзалырақ. Білім-ілім жолына түскен дұрыс», - деді, жас маман.

Қорыта келе Мәди Бәзілбек Қазақстанның әлемдегі орны, елдегі тұрақтылық формуласы жайында ойын білдірді.

«Қазақстан деген елдің барын, қазақ деген ұлттың бәрін қазір әлем халқының біразы біледі. Десе де, білмейтіндер одан көп. Еуропа елдеріне шығатын болсаңыз, Қазақстан жайлы көп адам біле бермейді. Елімізді әлі де жақсы жағынан таныту керекпіз. Көбі біздің елді аты ұқсас болғандықтан Ауғанстан, Пәкістан сияқты елдермен салыстырып, соғыс болып жатқан мемлекет есебінде көреді. Жақында шыққан «Борат 2» кинокартинасы да біраз теріс түсініктерді қалыптастырып жатыр. Өз басым мұндай нәрселерге көңіл бөлмеймін. Керісінше, барған жерімде қазақ екенімді айтып, елді таныстырып жүремін.

Біздің елде тұрақтылық бар. Дегенмен, даму өте баяу жүріп жатыр. Бұл нақты жүйенің қалыптаспағанымен байланысты деп ойлаймын. Мысалы, жапондарда «Кайдзен» жүйесі (жақсыға өзгеру), шведтерде «Лагом» (қажетті мөлшер, артық не кем емес) қағидасы, америкалықтарда «Agile (құндылық) жүйесі бар. Бізде жоқ. Ысырапшылыққа қарсы жүйенің қалыптаспауы баяу дамуға, тұрақсыз экономикаға алып келеді. Тұрақтылық бұзылмас үшін әр адам жеке басына жауап беруі керек. Өкініштісі, біздің қоғамда бір кісі басқа адамның дүниесіне, ісіне араласып кетеді. Әркім өз жағдайын ойлап, дамуға ұмтылуы керек. Айыптау, сыртынан жалған айту сияқты жағымсыз қасиеттерден арылу керекпіз. Көп нәрсе жеке тұлғадан басталады», - деп қорытындылады полиглот жігіт.
Просмотров материала: 2 353

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 148 163 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 147 971 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 147 629 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 147 653 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 147 957 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 744 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 897 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 047 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 631 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 835 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 829 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 008 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 899 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 779 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 601 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 892 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 558 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 925 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 656 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 660 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 503 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 346 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 598 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 541 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 052 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 383 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 621 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 972 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 380 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 363 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 407 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 348 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 576 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 723 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031