29 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында құрылыс материалдары өндірісі 9,2 пайызға өсті

28 декабрь 2021, 12:31
Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында құрылыс материалдары өндірісі 9,2 пайызға өсті
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.



Үкімет басшысы Қазақстан экономикасының құрылыс саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Жалпы, ішкі өнім құрылымында құрылыс үлесі 2020 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 6,1 пайыздан 2021 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 6,25 пайызға дейін өсті.

Аталған сала ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен өсу драйверлерінің негізгі көздерінің бірі. 2021 жылғы 11 айда құрылыс саласының өсу қарқыны 6,2 пайызды құрады, бұл экономика бойынша өсудің орташа қарқынынан айтарлықтай жоғары.

Биыл Қазақстанда шамамен 17 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 163 мыңнан астам азаматты жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді пайдалануға беру 1,6 миллион шаршы метрді құрайды, осылайша, 29 мыңға жуық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады.

Сондай-ақ, елімізде жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері көптеп салынып жатыр.

Әлемдегі инфляцияның жоғары деңгейіне және құрылыс шығындарының құрылымында құрылыс материалдарының жоғары үлесіне (50 пайызға дейін) байланысты Үкімет отандық өндірісті дамыту бойынша белсенді шараларды іске асырып жатыр. Осылайша, биыл 76 миллиард теңге сомасына құрылыс материалдарын өндіру бойынша 34 ірі жоба іске асырылды, 2,2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Іске асырылып жатқан шаралар аясында құрылыс материалдары өндірісі саласында жоғары қарқын байқалады. 11 айдың қорытындысы бойынша өсім 9,2 пайыз құрады.

Нарықты отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай 1 триллион теңгеден астам сомаға құрылыс индустриясының 165 жаңа жобасы іске асырылатын болады. Кеңінен пайдаланылатын құрылыс материалдарының, оның ішінде табақ шыны, керамикалық плитка, санфаянс, қасбеттік плиталар, жылу оқшаулағыш және басқа да материалдар өндірісі ұйымдастырылады. Бұл 2025 жылға қарай импорт үлесін 42 пайыздан 27 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

"Жаңа өндіріс орындарын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту құрылыс материалдары бағасының қолжетімділігін қамтамасыз етеді және импортқа тәуелділікті азайтады. Бұл жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек", - деді А.Мамин.

Үкімет басшысы бір ай ішінде Құрылыс индустриясы жобаларын іске асырудың 2025 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеуді тапсырды. Нарықта делдалдардың жұмысына жол бермеу және құрылыс материалдарының құнын арзандату мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен бірлесіп, 2022 жылғы 1 наурызға дейін "Маркетплейс" онлайн алаңын өнеркәсіптік пайдалануға беру тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, әкімдіктермен бірлесіп құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсу фактілері бойынша уақытылы әрекет ету шараларын қабылдау және тұрақты бақылау тапсырылды.
Просмотров материала: 587

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 500 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 206 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 698 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 736 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 098 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 958 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 986 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 321 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 015 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 040 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 238 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 927 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 051 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 677 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 558 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 594 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 786 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 547 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 957 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 740 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 552 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 400 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 244 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 617 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 491 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 976 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 413 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 304 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 541 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 279 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 222 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 366 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 303 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 552 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 678 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031