17 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Белгілі қазақстандық ғалым қайтыс болды

28 декабрь 2021, 12:21
Белгілі қазақстандық ғалым қайтыс болды
Белгілі ғалым, еңбек сіңірген дәрігер-офтальмолог, жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы профессор Жанар Мұстафина 86 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті хабарлады.

"Бүгін 86 жасында белгілі ғалым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина қайтыс болды. Университет ұжымы Жанар Ғабиденқызының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз Жанар Ғабиденқызы Мұстафинаны ешқашан ұмытпаймыз!", - делінген университет сайтында жарияланған хабарламада.

Жанар Мұстафина өзін медицина мен ғылымға арнаған, медицина университетінде тәрбие жұмысын қалыптастыруға үлес қосқан. Кейінгі жылдары болашақ дәрігерлерді тәрбиелеумен айналысқан.

Жанар Мұстафина – республикадан тыс жерлерге де танымал қазақстандық офтальмология мектебін құрушылардың бірі. Отыз жылдан астам уақыт басшылық қызмет атқарды. 300-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде алты монографияның, әдістемелік оқулықтардың, оқу құралдарының, сөздіктердің, Қазақстан мен Ресейдегі 50-ден астам өнертабыс пен патент авторы.

Мұстафинаның жетекшілігімен 20 кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды. Көпжылдық ғылыми-зерттеу, педагогикалық, емдеу-алдын алу қызметі үшін ҚазКСР Жоғарғы кеңесі президиумының Құрмет грамоталарымен, "Құрмет белгісі" және "Парасат" ордендерімен марапатталған. "Ұлттық медицина ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары марапаты – "Алтын дәрігер","Ave Vitae" орденінің иегері.

Жанар Мұстафинаның өмірбаяны
Жанар Мұстафина 1936 жылы Новосибирск қаласында дүниеге келген. 1960 жылы Молотов атындағы Алматы медициналық институтын бітірген.

1960 жылдан бастап Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында кіші, кейін аға ғылыми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. Самарқандта кандидаттық диссертация қорғады.

1987-2001 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының көз аурулары ҒЗИ директоры және көз аурулары кафедрасының меңгерушісі болды. ТМД-дағы алғашқы "Офтальмология" оқу-әдістемелік, ғылыми-өндірістік бірлестігінің жетекшісі болды.

Ұзақ жыл бойы бас офтальмолог және республикалық офтальмологтар ғылыми қоғамының төрағасы, диссертациялық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды.

Республиканың ауыл халқына мамандандырылған офтальмологиялық көмекті жетілдіру бойынша үлкен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жүргізді, қызмет көрсетудің кезеңдік-бригадалық әдісін енгізуге белсенді қатысты.

2003 жылдан бастап Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
Просмотров материала: 637

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 595 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 229 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 721 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 783 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 144 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 891 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 947 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 254 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 884 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 959 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 145 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 662 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 693 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 455 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 314 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 984 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 551 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 259 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 657 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 471 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 338 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 170 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 030 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 353 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 252 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 737 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 765 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 089 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 322 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 700 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 074 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 015 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 139 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 088 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 286 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 445 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930