19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Науқасты екі шақырым көтеріп келді": жас фельдшер әкімнің қолынан сыйлық алды

24 декабрь 2021, 10:00
"Науқасты екі шақырым көтеріп келді": жас фельдшер әкімнің қолынан сыйлық алды
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдемнің фельдшері Сая Ақпароваға "Ертіс дарыны-2021" сыйлығы табысталды. Ол боран кезінде науқасты ауруханаға жеткізу үшін екі шақырым бойы көтеріп келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жедел жәрдемге Жетекші кентінен қоңырау түскен. Ауыл тұрғыны инфаркт алып қалды. Дәрігерлер бірден сол үйге аттанды. Бірақ жаңадан салынған үйлерге жақындай алмады. Себебі бораннан кейін қар үйіліп қалған. Содан Сая Ақпарова әріптестерімен бірге қарды омбылап, науқастың үйіне жеткен.

"Ол кісінің үйіне жеттік те, медициналық көмек көрсеттік. Тексеріс кезінеде инфаркт расталды. Сосын өкпесі ісіп кетті. Біз науқасқа алғашқы көмек жасадық. Жағдайы сәл түзелді. Бірақ ауруханаға жатқызу қажет болған. Шанамен апарайық десек, қарға түсіп кете береді. Ол кісінің өз салмағы бар. Оған қоса, өкпені жасанды желдету аппараты болды", – деп еске алды Сая.

Осыдан кейін жедел жәрдем қызметкерлері науқасты зембілмен апаруға бел байлайды. Сөйтіп, сырғанайтын жағын төмен қаратып, науқасты жатқызады да, көлікке апарады. Боран да күшейіп кетті. Бірақ медицина қызметкерлері қиындыққа қарамастан, науқасқа жылы сөз айтып, моральды тұрғыда қолдау жасауға тырысты.

"Таңғы сағат бестің кезінде науқасты ауруханаға жеткіздік. Оған шунттау жасалды. Төрт күннен кейін біз кардиоорталыққа бардық. Қарасақ, біздің науқасымызда үйге жіберіп жатыр екен. Ол бізді көріп таныды. Бәрін еске алып, толқып кетті. Біз болсақ, бас айтып, жүрекке салмақ түсіруге болмайтынын айттық", – дейді фельшер.

Медицина қызметкерлері де ем-дом алды. Екеуіне суық тиген. Ал Сая белін ауыртып алды. Содан ота жасауға тура келді.

"Ондай жағдай қайталанса, тағы баратын едім. Мен бала кезімнен медицинаны жақсы көремін. Адамдарға көмектескім келіп тұрады. Сол себепті қазір жедел жәрдемде жұмыс істеген қатты ұнайды. Біз кей кезде қауіпсіздік техникасы бойынша кіруге болмайтын жерге барамыз. Бірақ ол жерде адам көмек күтіп отырады ғой. Сондықтан ештеңеге қарамай, кіріп кетесің", - деп атап өтті ол.
Просмотров материала: 482

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 157 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 756 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 267 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 316 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 674 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 419 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 511 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 805 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 293 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 388 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 740 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930