11 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көлігі ұрланған алматылық қаладан шығар жолдарға таныстарын қойып, ұрыны өзі анықтаған

22 декабрь 2021, 11:10
Көлігі ұрланған алматылық қаладан шығар жолдарға таныстарын қойып, ұрыны өзі анықтаған
Алматы тұрғыны ұрланған көлігін табу үшін жоспар құрып, қаладан шығар жолдарға таныстарын қойып, ұрыны өзі анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 18 желтоқсанға қараған түні мегаполистің солтүстік бөлігінде Қапшағай тасжолына шығар жолда болған. Арнайы операцияны Hyundai Accent автокөлігінің 31 жастағы иесі ұйымдастырған. Көлік дәл сол күні түстен кейін Тастақ шағын ауданындағы мешіт тұрағынан ұрланған.

"Күйеуім жұма намазына барған: ол супермаркет алдындағы ақылы тұраққа көлігін қалдырып, мешітке кіріп кеткен. Ол кіреберісте қалтасында кілттер, банк карталары мен құжаттары бар сырт киімін қалдырған. 30-40 минуттан кейін күйеуім шығып, сырт киімі мен көліктің жоғалғанын көрген. Ол бірден полицияға қоңырау шалды. Маңайдағы камералардан ер адам дабыл арқылы көлікті іздеп жүргені көрінеді. Кейін ол көлікке отырып, күзетшіге ақша төлеместен бірден кетіп қалды", - деді алматылық 27 жастағы әйелі Жазира Смайл.
Көлігі ұрланған алматылық қаладан шығар жолдарға таныстарын қойып, ұрыны өзі анықтаған

Оның айтуынша, оқиға орнына келген полицейлер көлік иесіне Сүйінбай даңғылындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған Hyundai көлігінің суретін көрсеткен.

"Күйеуім қуанып кетті, көлік камераларға түсіп қалса, онда ұсталады деп ойлады. Өйткені бұл қаланың шеті және онда полиция бекеттері көп. Осы уақытта мен үйден мешіт жаққа бардым. Бірақ бізге аудандық Полиция басқармасына бару керек деді. Ол жерге келгенде бізге жедел уәкілдер көлікті іздеп, табатынын айтты. Сондықтан бізді сағат 16.00 шамасында шығарды", - деп қосты әйел.



Осыдан кейін Жазира мен оның күйеуі барлық туыстары мен таныстарына ұрлық туралы ақпарат жібере бастаған. Олар ізін суытпай ұрыны ұстамақ болған.

"Достарымыз арқылы көлік соңғы рет сағат 16.00-17.00 аралығында "Қарасу" ықшамауданында бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білдік. Осы маңда барахолка базары болғандықтан, көлікті бұзуға бере ме деп қорықтық. Бірақ кейінірек ол Hyundai көлігін сатуға жарнама сайтына қойған екен. Біз оны ойламадық", - деді ол.

Сағат 18.00-ге таман көлік иелері әлеуметтік желілерде ұрлық туралы жазба жариялайды. Олар барлық танысынан осы жаңалықты бөлісуді сұраған. Оның барлық танысы мен досы қаладан шығатын жолдарға барып, көлікті іздеген.

"Күйеуімнің інісі мен оның досы Қапшағай көпірі маңында Toyota Corolla көлігімен оны іздеді. Олар оны түнгі сағат 2.00-ден кейін тауып алды: жүргізуші ережелерді бұзбай, жанармай бекеттері мен супермаркет аймағына барған. Олар байқатпай оны ұстауға тырысқан, бірақ үш бұрылыстан кейін ол бірдеңені сезсе керек, қаша жөнелген. Осы уақытта балалар 102-ге қоңырау шалған, бірақ сол жерде олар істі қайта тіркеген.

Осыдан кейін ұры бірнеше шақырымға кетіп, Белинский көшесіндегі мешіттің жанында тоқтап, қашып кеткен", - деді әйел.

Оның айтуынша, жедел уәкілдер таңертең күйеуіне қоңырау шалып, қылмыстың егжей-тегжейін сұрастыра бастаған. Олар ұры болуы мүмкін бірнеше адамды көрсеткен. Нәтижесінде ұры кешкі сағат 17.30-да Жетісу ауданындағы қонақ үйлердің бірінде ұсталған.



Полиция департаменті мәліметінше, ұрланған автокөлік Жетісу ауданындағы Айнабұлақ ықшамауданынан табылған.

"Күдіктіні бөлімшенің криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері ұстады. Бұл қылмысты Алматы облысының 1994 жылы туған тұрғыны жасаған. Оған бірден екі қылмыс бойынша айып тағылған: "Бөтен көлік құралын заңсыз иелену" және "Бөтен мүлікті ұрлау". Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы полковник Есен Ысқақов.

Оқиғаның толық мән-жайын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Просмотров материала: 1 127

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 442 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 138 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 642 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 688 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 044 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 062 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 084 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 428 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 134 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 150 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 350 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 957 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 087 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 583 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 638 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 820 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 576 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 990 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 582 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 433 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 275 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 646 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 511 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 010 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 449 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 327 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 563 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 962 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 310 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 246 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 388 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 324 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 585 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 700 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30