20 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балабақшада суретке түсіруге тыйым салынуы ата-аналардың наразылығын туғызды

Балабақшада суретке түсіруге тыйым салынуы ата-аналардың наразылығын туғызды
Петропавлда балабақшаға баратын балалардың ата-аналары мектепке дейінгі білім беру мекемесінде сурет пен видео түсіруге тыйым салынуына наразылық білдірді.

Соңғы күндері қалалық пабликтерде балабақшадағы таңертеңгілік мерекелік іс-шарада сурет және видео түсіруге тыйым салынуына қатысты пікірталас қызып тұр.

"Петропавлда таңертеңгілік мерекелік іс-шара мен суретке түсіруге тыйым салып жатыр. Баланы киіндіру, оның өнерін тамашалау үшін балабақшаға кіргізбейтін болды, онымен барлық ата-ана келісті. Бірақ сурет түсіруге тыйым салуды шектен шыққандық деп санаймыз. ПТР-тесті мен вакцинасы бар бір фотографты басты қауіп деп танып отыр. Ал біз адам толы автобусқа күнде отырғанымыз, кезек күтетініміз қауіпті емес пе?", - деп жазды ата-ананың бірі әлеуметтік желіде.

Оның бұл пікіріне жүздеген адам қолдау көрсетіп, пікір жазды.

"Бұл ақылға қонымсыз, бұған тоқтау болатын адам бар ма? Балалар өсіп жатыр, олардың есінде ештеңе қалмайды. Сондықтан естелік сурет түсіруге мүмкіндік беріңдер!"

"Одан да коронавирус жұқтырғандарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын бақыламай ма!"

"Бұл шектеулер адамның күлкісін келтіреді. Балалар дүкенге, секцияларға, ойын-сауық орталықтарына барып, жүздеген адаммен байланысқа түсіп отыр. Ал мына мәселеде бір фотограф қауіпті бола қалыпты".

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мәселесі бойынша өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов балалар арасында ауру таралмауы үшін осындай шара қажет екенін түсіндірді.

"Халықтың эпидемиологиялық ахуалы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер балабақшада сурет және видео түсіруге тыйым салмайды. Бірақ коронавирустың таралуына, жіті респираторлы вирусты инфекцияның өршіп тұруына, тұмау жұқтырғандардың анықталуына байланысты жаппай ауру жұқтырудың алдын алу мақсатында балабақшаға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынды. Эпидемиологиялық тұрғыдан балабақшада бөгде адамдардың болуы балаларға қауіпті. Коронавирус инфекциясынан бөлек ауа арқылы жұғатын тұмау сынды жіті респираторлы вирусты инфекциялар бар. Сондықтан бір ғана вирус сол топта, кейіннен бүкіл балабақшада жаппай инфекция жұқтыруға алып келуі мүмкін. Сондықтан фотографтар, аниматорлардың балабақшаға кіруіне рұқсат жоқ. Таңертеңгілік мерекелік іс-шаралар топтарды біріктірусіз, бір ғана топта сол топ қызметкерлерімен өткізіледі", - деп түсіндірді Күшбасов.

Қалалық білім бөлімі ата-аналар таңертеңгілік жиыннан түсірілген сурет пен видеоны алады деп сендірді.

"Жақында болатын жаңа жылдық таңертеңгілік іс-шараға қатысты ата-аналардың алаңдаушылығын ескеріп, мерекелік жиын балалар үшін қалыпты форматта өтеді деп мәлімдейміз. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары жаңажылдық тосынсый әзірлеп отыр, әкімшілік ата-аналар чаты арқылы фото және видео жолдануын қамтамасыз етеді. Енгізілген шектеу шаралары мәжбүрлі әрекет. Сондықтан түсіністік танытыңыздар", - деді Петропавл білім бөлімінің қызметкерлері.
Просмотров материала: 967

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 046 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 715 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 214 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 249 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 627 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 390 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 423 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 742 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 391 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 460 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 651 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 763 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 855 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 535 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 415 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 645 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 385 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 785 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 586 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 419 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 263 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 118 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 462 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 350 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 116 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 172 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 413 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 800 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 155 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 092 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 229 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 171 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 389 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 540 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31