20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

13 декабрь 2021, 13:42
«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Екі күнге созылған жыр аламаны «Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында суырыпсалма ақындардың 11 жұбы екі күн бойы айтыссүйер қауымды өрелі өнері, өрнекті сөздерімен сусындатты. Олар Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетiстiктерiн, елдегі ауызбіршілік пен саяси тұрақтылықты, Тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен тұлғалар туралы жырлады. Арасында әдемі әзіл мен жарасымды қалжың да айтылды.

Ақындардың өнеріне көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы баға берді. Сондай-ақ, қазылар құрамында айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және өзге де өнер, қоғам қайраткерлері болды. Аламанды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстың шырақшысы атанған Жүрсін Ерман ата-бабаларымыздан мирас болып жеткен төл өнерімізге қолдау білдіріп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алғысын жеткізді.

Қазақтың бекзат өнері айтысты «Nur Otan» партиясы қанатының астына алғалы 3 жылдан асты. Еркіндікті, кеңдікті, қуатты қолдауды сезініп жатырмыз. Сондықтан, осы айтысқа қолдау білдіріп отырған еліміздің бас партиясына ақындардың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жүрсін Ерман

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен мерекелік айтыста ақындардың ешқайысы да жүлдесіз қалмады. Ынталандыру сыйлығына Арғынбек Қалбаев, Төлеген Жаманов, Бауыржан Ширмедин, Нұрзат Қару, Рауан Қайдаров, Қалижан Бірдәш ие болды. Қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімовтің ұсынысымен тағайындалған арнайы жүлде Бөкен Жігерге берілді. Үшінші орынға екі ақын лайық деп танылса, оны Рүстем Қайыртай мен Жансая Мусина еншіледі. Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісі Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал бас жүлде – «Алтын домбыра» және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағайындаған темір тұлпар жыр аламанында шашасына шаң жұқтырмаған Бекарыс Шойбековке бұйырды.



Дүбірлі доданың бас жүлдесін тапсырған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұлттық өнерімізді ұлықтауға атсалысып жүрген азаматтарға және жыр бәйгесінің аламанына қатысқан барша ақындарға ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

«Айтыскерлеріміз екі күн бойы өте жақсы өнер көрсетті. Қаншама тұщымды ой, қанатты сөз айтылды. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді жан-жақты көрсетіп, жырға қосты. Біз шын мәнінде Мәңгілік ел боламыз десек, онда айтысты қолдауымыз керек. Неге десеңіз, ол – алдымен ана тілімізді қолдау. Содан соң, өнер жарыстырып, сөз сайыстыру болған кезде ақындардың шеберлігі шыңдалады. Қазіргідей пандемия жағдайында концерттер бұрынғыдай көп өте бермейтіндіктен, шығармашылық адамдарының табысына әсер етуде. Осының бәрін ескеріп, оның үстіне жас ұрпақ ұлттық өнерімізді ұмытпасын және ана тіліміздің абыройы асқақтасын әрі халық айтыс көріп, айызы қансын деген мақсат болды», – деді
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол кіл мықтылар жиналған аламанда нағыз жүйрікті анықтау қазылар алқасына оңай болмағанын айта келе, інілік ізетпен ағасына жол берген түркістандық ақын Еркебұлан Қайназаровқа ризашылығын білдірді.

Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасы бойынша Түркістан шын мәнінде Түркі әлемінің рухани орталығы ретінде дамып келе жатқанын білесіздер. Қаншама құрылыс жүргізілген киелі шаһар бүгінде қайта түлеп жатыр. Осы жолы «Алтын домбыраның» иесі – Бекарыс Шойбеков. Енді «Алтын домбыра» да Түркістанға кетеді. Түркістан жұртын құттықтаймыз! Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!
Бауыржан Байбек

Өз кезегінде, бас жүлдені қанжығасына байлаған Бекарыс Шойбеков лебізін өлеңмен жеткізді:

Атыңнан айналайын, Алты Алашым,

Саған келіп, кеңіді-ау арқа-басым.

Азаттық алған күні басталған той,

Қазақ аман болғанда тарқамасын!

Біз енді Түркістанға бет аламыз,

Бұйырса бірер күнде жете алармыз.

Ол біздің төрт қақпалы қаламыз ғой,

Танытпай оны қалай жата аламыз?!

Ашып қой төрт қақпаңның төртеуінде,

Арамызда жоқ біздің шекарамыз.

Еркебұлан екеуміз қатарласып,

Саған «Алтын домбыра» апарамыз!
Просмотров материала: 6 477

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 701 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 524 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 493 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 428 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 411 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 666 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 737 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 295 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 442 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930