7 января 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Айлықтан бөлек соғым береміз»: Алматы облысының шаруалары мал бағатын шопан таппай жүр

10 декабрь 2021, 16:16
«Айлықтан бөлек соғым береміз»: Алматы облысының шаруалары мал бағатын шопан таппай жүр
Алматы облысының шаруалары мал бағатын шопан таппай жүр. Шаруалар малшыларға айлықтан бөлек, азық-түлік, қысқы соғым беруге дайын болсақ та, малға келетін адам қалмады. Үкіметтің жем-шөпке арналған субсидиясы да түсіп болмайды» деп наразылықтарын білдірді.

Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында орналасқан шаруа қожалық басшысы екі айдан бері малшы таба алмай, мал басында өзі жүр. Жарты ай бұрын Алматының «Алтын Орда» базарынан мал бағамын деп келген 22 жастағы жігіт қажетті заттарын алдырып, қашып кетті, дейді кәсіпкер.

«Қазір малға жанашырлықпен қарайтын малшы табу қиын. Ауылдағы ағайын мал баққысы келмейді, әйтпесе менің шаруа қожалығым ауылдың іргесінен 12 шақырым жерде орналасқан. Күн тоқ арқылы жарық келіп тұр, ауызсу бар. Жаз жайлау, қыс қыстау бір орында отырады, көшіп-қонудың қажеті жоқ. Төрт бөлмелі үй, монша да бар, тек адам аз демесеңіз. Ай сайын қолға жүз мың айлық, қысқа соғым, көктемгі түлікті жақсы алса, бір бұзау беремін. Бірақ осының өзіне адамдар келгілері келмейді. Ауылға түсіп тұрамын, сонда байқайтыным, ауылда отырғандардың аузы аққа тиіп отырғаны аз. Нан мен сүттің өзін дүкеннен сатып алады. Шағын ауылда мектеп пен әкімдіктен басқа жұмыс істейтін мекеме де жоқ. Жастардың көбі қалада, құрылыста істейді. Мал бағуға қазір жастар келмейді ғой, үлкендердің де айтарлықтай құлқы жоқ. Оның үстіне, «біреудің малын біреу ән айтып жүріп бағады» дегендей, көбі қыстап шығатын жылы орын іздеп келеді.

Жақында ұлым Алматының «Алтын Орда» базарына барып, бір жас жігітті әкеліпті. Келерде «бәрін қатырамын, алсаңыздар болды» деп келген. Киімін беріп, қолына телефон әперіп, азық-түлік, темекесіне дейін алып, қалаға кетсем қашып кетіпті. Бір ауыз адам сияқты айтса да ешкім оны ұстамайды ғой. Қазір мал бағуға қаңғыған үй-жайы, құжаты жоқ, араққа салынған, қыстан аман шығудың жолын іздеген адамдар келеді. Оларға сенім жоқ, үйім Алматыда, екі ай болды шаруа басында өзім жүрмін», - деді қожалық басшысы.

«МАЛШЫЛАР БІЗГЕ БАСТЫҚ»

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты ауылдардың бірінде қожалығы бар шаруа (аты-жөнін айтқысы келмеді) да мал басында жүргеніме үш жарым айдан асты дейді. Бір ғана емес, бірнеше түлік ұстап отырған кәсіпкердің малшылардан әбден көңілі қалған.

«Малшыларым туралы бір роман жазуға болады. Мал шаруашылығымен айналысып келе жатқаныма 25 жылдан асты, талай адамды көріп келемін. Бір түсінгенім, мал бағуға оңған адам келмейді. Бәрі жылы үйде аяқты асып, ет жеп, айран ішіп жатқысы келеді. Бірақ, малды өріске ұзатып жаю, жем-шөбін уақытылы беруді білмейді ғой. Тура төбелерінен қарап жүрмесең бірігіп ішеді, төбелеседі. Мен қойға бөлек, сиырға бөлек малшы ұстайтынмын. Қазір бір көмекшім бар, малда өзім жүрмін. Коронавирус кезінде ақ ішеміз деп мал бағуға сұранғандар көп болатын, қазір де келіп-кетіп жатқандар бар. Шынын айтсам, малшы көшіруден шаршадым. Сонау Алматыдан «алып кетіңіз бізді, жағдай жоқ» деп хабарласады. Бәленбай километрге бензин құйып барып, көшіріп әкелесің, азық-түлігін әпересің, бала-шағасын киіндіресің. Екі-үш айдан кейін «ішіміз пысты, қайтайық деп едік» деп отырады. Ұрыссаң әйелдері қарғап, ит-теріңді басыңа қаптайды (күліп). Қазір біз малшылардан қорқамыз, олар бізге бастық. «Айналайын, әкем-көкем, сенікі дұрыс» деп отыратын болдық, кішкене қатты сөйлесең «кетемінге» басады. Қытай, Моңғолиядан келген қандастарды алайын десең, олар өз малымен келеді, жайылымыңа тегін малын жаюы былай тұрсын «айлық төле» дейді. Білмеймін, бұл малшыларды қайдан табуға болатынын… Көрші шаруа қожалығы Алматыдан екі қаңғыбас әкелген екен, ішіп алып екеуі төбелесіп, үйдің терезесін, ыдыстарын шағып тастаған. Танымайтын адамды да әкелуге қорқасың. Өзіміздің ауыл жақта мал бағатын адам қалмады ғой, соған қарағанда халықтың жағдайы жақсы сияқты», - деді кәсіпкер.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ СУБСИДИЯ БЕРМЕЙ ОТЫР

Сондай-ақ, шаруалар Алматы облысы әкімдігінің жергілікті бюджетінен малдың қысқы жем-шөбіне берілуі тиіс субсидияның әлі берілмей жатқанын айтты.

«Сыбаға» бағдарламасымен несие алған шаруалардың әр аналық басына облыстық бюджеттен ақша бөлінеді. Жем-шөп маусымы өтіп кеткелі қашан, қыстың көзі қырау болды. Субсидиямызды әлі ала алмай отырмыз. Хабарлассаң «биыл аласыздар, құжаттар дайын болмай жатыр» деп айтады. Ол не деген бітпейтін құжат екенін біле алмадық. Өздері жем-шөп жинап көрмеген шенеуніктерге біздің жағдайды түсіну қайда?! Жыл аяқталайын деп қалды, біз «күнде ертеңмен» келе жатырмыз. Жаңалықтардан «субсидияның бәрін өздері жеп қойған» деп айтып жатыр, біздің ақша да сол біреудің қалтасында жүрген болар... Естуімізше, олар миллиондаған қаражатты банкке салып қойып, пайызын өсіреді. Кейін жылдың соңы таяғанда көңілдері түссе береді, көңілдері түспесе «биыл сіз тізімге енбей қалдыңыз» деп бар кінәні өзіңе жаба салады. Ал, сосын дәлелдеп көр.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі облысқа әміріміз жүрмейді дейді, облыстағыларға бірдеңе десең басың бәлеге қалады. Сол үшін сізге атымды жазбасаңыз деп отырмын. Ертең қыр соңыма түсіп алады. Үкімет ауыл шаруашылығын дамытайық дейді, бірақ бізге қарайласып жатқан шенді жоқ. Жылда сол субсидияның дауымен жүреміз. Қазір одан үміттенбейтін де болдық. Біз несиенің уақытын кешіктірсек күніне пайыздық мөлшерлеме қосылады, ал олар кешіксе ештеңе болмайды», - дейді шаруалар.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА 1,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Алматы облысының шаруалары не себепті жем-шөп азығына бөлінген субсидияны әлі күнге ала алмай отырғанын АШМ баспасөз қызметі мен облыстың Ауыл шаруашылығы бөлімінен сұрадық.

«2021 жылдың 29 қазанында бюджетті нақтылау кезінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау үшін 2021 жылға жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына жем-шөп шығындарының құнын арзандатуға қосымша 1,8 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бойынша қағида жобасы әзірленіп, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда келісілуде және қаулы жобасы ашық НҚА порталында және облыс әкімінің сайтында талқылануда. Осылайша, қаулы жобасы бекітілген соң, тиісті субсидия төленетін болады», - деді Ауыл шаруашылығы баспасөз қызметі. Ал, облыстың ауыл шаруашылығы бөлімі құжаттар әлі күнге дейін қарауда жатқанын алға тартты.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz.
Просмотров материала: 923

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 129 476 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 129 285 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 128 946 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 128 963 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 129 274 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 776 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 947 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 027 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 301 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 453 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 793 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 452 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 703 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 589 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 403 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 525 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 701 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 372 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 716 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 476 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 474 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 312 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 157 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 403 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 341 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 862 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 230 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 191 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 412 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 756 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 170 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 173 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 218 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 153 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 377 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 530 Просмотров





Опрос


«    Январь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031