22 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Елді әуреге салды»: сарапшылар зейнетақы жинағының шекті межесіне қатысты пікір білдірді

10 декабрь 2021, 12:55
«Елді әуреге салды»: сарапшылар зейнетақы жинағының шекті межесіне қатысты пікір білдірді
«Отбасы банкі» басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтың шекті межесінен асқан қаржыны депозитке аударуға болатыны туралы мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда оператор банктегі депозитін зейнетақы жинағымен толықтыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Банк жетекшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті ережелерді бекітетін бұйрықты қабылдауын күтіп отырмыз дейді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Біз депозиттерді толықтыру тетігін 2021 жылдың 16 желтоқсанында басуға дайын отырмыз. Тәуелсіздік мерекесіне орай төрткүндік демалыста тұтынушылар үшін арнайы есепшоттар мен депозиттер ашуға барынша көмектесеміз. Мерекелік дастархан басында отырып, үйдегі компьютерден бір реттік зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіне аударуы үшін техникалық қолдау көрсетіп, байланыста болуға жағдай жасайтын боламыз», - дейді Л.Ибрагимова.

Банк басшысы ақпараттық қауіпсіздік үшін платформаға қазақстандық IP-мекенжайлардан кіруге және планшеттер мен стационарлық компьютерлермен ғана жұмыс істеуге мүмкіндік береді, дейді.

Отбасы банк пен БЖЗҚ біріккен арнайы платформасындағы (www.enpf-otbasy.kz) 2 желтоқсаннан бастап зейнетақы қорынан арнайы есепшоттарға қаражат аудару күрт өскен. Банктің берген статистикасына қарағанда, өткен сейсенбіге дейін күнінен орта есеппен 2 мың адам аударым жасап келіпті. Ал одан кейінгі жағдай төмендегідей:

3 желтоқсан - 21 мың 500 адам
4 желтоқсан – 15 мың адам
5 желтоқсан – 7 мың 789 адам
6 желтоқсан – 38 мың 478 адам
7 желтоқсан –34 мың 417 адам
8 желтоқсан – 31 мың 441 адам
9 желтоқсан – 20 мың 699 адам зейнетақы қорындағы шектік межеден асқан соммасын арнайы шоттарға аударып үлгерген. Осылайша бір аптада еңбек етуге қабілетті 170 мың қазақстандық арнайы платформада зейнетақы қорындағы ақшасын алу туралы өтініш қалдырған.

Бұдан бұрын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтардың зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаражатын депозитке аудару 2022 жылы жүзеге асады деп мәлімдеген еді. Жалпы бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте кезекті халыққа жолдауында айтқан болатын.

Айта кетейік, Президент кеше, яғни 2021 жылдың 9 желтоқсанында зейнетақы жинақтарының шекті межесін 2022 жылдың сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды. Бұдан бұрын шекті меже елдегі төменгі жалақының өсуіне байланысты артатыны туралы және ол 1 қаңтардан бастап жүзеге асатыны жайында ресми ақпарат тарады.

Azattyq Rýhy тілшісі Ақорда қабылдаған кешегі шешімге байланысты сарапшылардың пікірін сұрады. Белгілі экономист Жарас Ахметов бұл қадамды қоғамның теріс реакциясына жауап деп ойлайды.

«Мемлекеттің алдында екі тапсырма тұрды. Бірінші міндет – ковидтен жапа шеккен халық үшін әлеуметтік төлемдерді арттыру болатын. Мемлекет бюджеті есебінен мұны ақырындап жүзеге асырды. Әлемнің көптеген елдері осындай қадамға барды. Ал екінші нұсқа – халықтың зейнетақы қорларда жинаған қаржысын пайдалануына мүмкіндік беру болады. Осылайша дағдарыстың негативтік салдарының алдын алу жоспары құрылды.

Енді әлеуметтік салада кішкене жағдай тұрақталды деген үкімет зейнетақы қорындағы шектік межені көтеруге шешім қабылдап, қордағы ақшаның шығысын тежеуге әрекеттеніп көрді. Алайда, биліктегілер ойлағандай болмай шықты. Халық дүрбелең арқасында зейнетақы есепшотындағы қаржысын алып қалуға әрекеттенді. Яғни, кері реакция берді. Десе де, кешегі үш айға ұзарту бастамасы мәселені толық шешпейді», - дейді Жарас Ахметов.

Ал, экономист Дәулетбек Тоқтасынұлының пікірінше, зейнетақы қорындағы қаржыны осы күнге дейін кейбір шетелдік инвесторлар, квазимемелкеттік компаниялар, тіпті шетелдік банктер пайдаланып келген. Халық өз еңбегімен жиған қаражаттың пайдасын көруге құқылы. Сондықтан үкіметтің қабылдаған шешімін көптеген сарапшы дұрыс деп бағалаған еді. Алайда, оны сауатты әрі ойластырып жүргізу жағы бізде кемшін болып шықты, дейді.

«Мен мұны басынан айтқан болатынмын. Бұл бастама, яғни шекті межеден асқан қаржыны халыққа үлестіріп берудің механизмдерін сауатты жасау үшін сарапшылар, депутаттар, банкирлер көптеп тартылуы керек еді. Басынан олай болмады. Шикі болған соң, халықты әуреге салды. Мысалы желтоқсанның 2-сі күнгі шешімнен соң ары-бері сапырылысқан тұтынушы, нотариус, емханалар мен оператор банк үшін қосымша жұмыс болды. Ал, кешегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімінен соң, енді қаражат арнайы есепшоттарда «асылып» тұр. Ол БЖЗҚ есепшотында тұрса, бір күн болса да инвестициялық табыс әкелер еді. Сондықтан біздің үкіметке жеті рет өлшеп, бір рет кесу керек деген қағида жетіспей тұр.

Халық мұқтаж болған соң, осы қаражатты алғысы келді. Экономикалық-әлеуметтік жағдай төмендеген соң, сол мекемелерге жаппай жүгірді. Естуімізше бір аптада 200 мыңға жуық адам қаражатын БЖЗҚ есепшотынан шешіп үлгерген. Бұл біздің Үкіметтің экономикалық тұрғыдан талдау жасамай, атүсті шешім қабылдауының кесірі деп ойлаймын. Экономикалық жоспардан экономикалық даму жасай алмаудың салдарын көріп отырмыз. Бір шешімнің үстінен бір шешім қабылдау осының айғағы, дейді Д. Тоқтасынұлы.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz.
Просмотров материала: 946

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 633 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 462 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 088 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 135 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 420 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 108 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 467 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 488 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 653 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 374 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 867 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 357 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 205 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 026 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 301 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 970 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 356 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 076 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 091 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 926 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 759 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 024 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 963 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 478 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 948 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 797 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 074 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 398 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 813 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 770 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 820 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 771 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 998 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 144 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031