10 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балғынбек Имаш, «Өнер барысын» ұйымдастырушы: «Орын толып қалды» дегенді түсінбейді

10 декабрь 2021, 11:32
Балғынбек Имаш, «Өнер барысын» ұйымдастырушы: «Орын толып қалды» дегенді түсінбейді
Қазақша күресті насихаттауға бағытталған «Өнер барысы» жобасының кезекті кезеңі Тараз қаласында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы, NEGE. Жоба ұйымдастырушыларының бірі Балғынбек Имаштың айтуынша, сайыс 5 сағат бойы тікелей эфирден көрсетіледі.

«Қазақстан барысы» жобасын қолға алып, қазақ күресін насихаттауды мақсат еттік. Бұл жоба арқылы еленбейтін, көзге көрінбейтін қазақ күресіне қызығушылық артты, жастар күрестің әдіс-тәсілін меңгере бастады. Бастапқыда «Еуразия барысы», артынан «Әлем барысы» деп өтті. Содан кейін неге өнер адамдары арасында қазақ күресінен жарыс өткізбеске деген ой келді», – дейді Балғынбек Имаш.

Айтуынша, «Өнер барысы» жобасының мақсаты – жастардың арасында ерлік, батырлық, жігіттікті насихаттау.

«Қазақ күресі арқылы біреудің атағын шығару емес, аты шыққан, танымал адамдар арқылы ұлттық спортты насихаттағымыз келді. «Жұлдыздарды» қай жерге араластырмадық? Олар журналистердің орнына әртүрлі шоу жүргізіп кетті, тамақ пісіріп жүрді. Қазір «жұлдыздардың» араласпаған саласы қалмады. Оларды сынай бергенше, жақсы бағытта да, ұлтымызға пайдасы тиетін бағытта да пайдаланғымыз келді. Әртүрлі әлеуметтік желіде «жұлдыздардың» жұлдызы жанып тұр. Осындай сәтте жақсы дүниені насихаттап қалу керек», – дейді Балғынбек Имаш.

«Жұлдыздардың» арасында әртүрлі сырға таққан, шашын бояған, қазақтың салт-дәстүріне жат белгілер белең ала бастаған кезде, олардың арасынан нағыз ер азаматтарды іріктеп алдық. Біздің азаматтарымыздың бәрі қызға ұқсап нәзік болып кетпегенін көрсетсек дедік. Сол азаматтардың арасында кешегі Балуан Шолақ, Қажымұқан сияқты жеті өнерді өзіне жолдас қылған, бес қаруы сай, білегінің, жүрегінің күші бар азаматтардың бар екенін көрсетуді мақсат тұттық, дейді ол.

Оның сөзінше, жобаға қатысушылар үш талап бойынша таңдалады.

«Өнер барысына» қатысуға жүздеген талап-тілек түседі. Ұйымдастырушылар демеушілермен бірігіп өнер адамдарының рейтингіне қараймыз, көбіне «мега жұлдыз» болуы керек. Әрине, ондай деңгейге жетпегендерді де қатыстырамыз. Дәстүрлі өнерді насихаттаушылар, айтыскерлер, жазушылардың саны көп емес. Себебі тағы бір талап – желіде оқырманы көп болуы керек. Тағы бір маңызды талап – қатысушы бұрын спортпен айналыспаған болуы керек», – дейді Балғынбек Имаш.

Айтуынша, жобаның алғашқы кезеңінде ұйымдастырушылар тарапы танымал адамдарға хабарласып, ұсыныс жасаған. Алайда кейін келе жобаға қатысуға ниет білдіргендер саны артқан.

«Бірінші жоба сәтті өткеннен кейін, қатысушыларды таңдау қиындай түсті. Бір орынға бірнеше адам таласып, әртүрлі адамдар арқылы байланысқа шыққысы келді. Кей адамға қоңырау шалдырып, жобаға қосылғысы келді. «Орын толып қалды» дегенді түсінбейді. Біреуді шығарып, өздері қатысқысы келген болар. «Өнерге әркімнің де бар таласы". Сондықтан бұл талпынысты түсінеміз», – дейді ол.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бұл сайыста жүлде қоры 16 миллион теңге. Өнер адамдары 4 салмақ бойынша бақ сынайды.

«Әр салмақ дәрежесі бойынша 8 адамнан қатысады. Ауыр салмақта 8 адам шықпай қала ма деген болжам болған, дегенмен толып жатыр. Сайысқа 32 адам қатысады. Жобаға бір қатысқан адам екінші рет қатыспайды деген шарт жоқ. Әр кезең сайын қатысушылардың 60%-і жаңарып отырады», – дейді ол.

Айта кетері, «Өнер барысы» жобасы 16 желтоқсанда сағат 13.00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Боз кілемде Артур Төлепов, Асылхан Төлепов, Азат Жұмаділ, Бейбіт Көшқалиев, Аян Өтепберген, Арман Қоңыр, Рустем Жаныаманов, Дәулет Бижанов, Ғалым Махамбет, Еркебұлан Дайыров, Мейіржан Төребаев, Тәуекел Мүсілім, Қанат Әлжаппаров, Әділет Рахметолла, Құрал Молжанов, Ғалым Махамбет және басқа да өнерпаздар бақ сынайды.

Просмотров материала: 6 914

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 848 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 440 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 952 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 009 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 359 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 342 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 437 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 731 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 178 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 285 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 622 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 465 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 245 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 165 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 667 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 476 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 252 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 947 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 202 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930