15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«ҚазАвтоЖол» жұмысына салғырт қарай ма: Алматы облысындағы жолдардан 900-ге жуық кемшілік табылды

08 декабрь 2021, 14:43
«ҚазАвтоЖол» жұмысына салғырт қарай ма: Алматы облысындағы жолдардан 900-ге жуық кемшілік табылды
Алматы облысында төселген автожолдарда ақау аз емес. Тендерден миллиондап теңге тапса да жолды сапасыз жасайтын компаниялар кемшіліктерді көп жіберіп қана қоймай, оларды жоюға мән бермейді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облысы бойынша филиалы жауапсыздықпен жасалған жолдарды жоюмен күресіп келеді. Мекеме басшыларының ақпаратынша, мамандар биыл автожолдардың сапасын тексеру үшін 1351 рет тексеруге шығып, 2064 сынама жасаған. Асфальтты талапқа сай төсеу бойынша да, құрылысқа қажетті материлдардың сапасында да ақаулар кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.



Аудан мен ауыл арасындағы күре жолды қойып, республикалық маңызы бар автожолдардың өзінде апат тудыратын ақаулар табылады. Тек республикалық маңызы бар жолдарға 890 рет тексеруге шыққан мамандар 865 кемшілікті тапқан.

«Автожолдар республикалық, қалааралық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып төрт санатқа бөлінеді. Жөндеуден өткен немесе жаңадан төселіп жатқан күре жолдардың бәріне тексеру жүргізіп, сапасын қадағалаймыз. Соның ішінде халықаралық маңызға ие аймақтарға деген бақылау қатаң. Біз төселген жолды ғана емес, қолданылған материалдарды да зертханаға әкеліп тексереміз. Жол жабындысының құрамы, оның суға қанығуы, тығыздығы сынды толып жатқан талаптарға сай болу керек. Біздің қызметіміздің мақсаты – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Кемшіліктерімен күресеміз. Біздің орталық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды да тұтас қамтиды», - деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалындағы зертхана меңгерушісі Айгерім Жылқыбаева.

«ҚазАвтоЖол» жұмысына салғырт қарай ма: Алматы облысындағы жолдардан 900-ге жуық кемшілік табылды


«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бір тармағы автожолдың сапасын жақсарту. Жақсы жол – жарқын өмірдің көрінісі. Көпке ортақ күре жолға қарап-ақ халықтың тұрмысын анықтауға болады. Даңғыл жолдардың сайрап жатуы ел дамуының драйвері саналады. Облыс аумағында 10 мың шақырымға жуық автожол болса, олардың 2822 км республикалық маңызға ие. Оның ішінде 338 км ақылы жолдар саналады. Ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын жолдарды күтіп-ұстау «ҚазАвтоЖол» ЖШС-ға міндеттелген. Қаржы көп қолданылатын күре жолдың сапасына қатысты шағым әсіресе қыс айларында көбейеді. Мамандар жол сапасын қадағалау барысында 277 өрескел кемшілікті тапқан. Бұл ақаулар жолдың 26% құрайды.

«Облыс бойынша жолдың сапасын тексеруге шығатын 5 маман бар. Әкелген сынамаларға зерттеу жүргізетін тағы 5 қызметкер зертханада отырады. Онда бөлек жылжымалы зертханамыз бар. Алыс аудандарда жасалып жатқан төсеніштердің сапасын жылжымалы зертхана арқылы анықтаймыз. Әдетте шағым жолға тапсырыс беруші әкімдіктерден түседі. Тексеріс кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерлерді де бірге ертіп аламыз. Кемшіліктер жол белгілерін қою, уақытша айналма жолдың қауіпсіз болуы бойынша да кездеседі. Тексеру бетон жамылғысының тығыздау коэффициенті, асфальт бетон қоспасының сумен қанығуы, қалдықты түйіршіктер деп бөлінеді. Бұлардың көрсеткіші дұрыс болмаса жолдың бүлінуіне әсер етеді. Асфальттың қалыңдығын да тексереміз. Төсеніштің қалдыңдығы жасалып жатқан жолдың санатына байланысты әртүрлі болады. Осындай қалыңдықта болу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Құрылыстың сметалық жобасына байланысты асфальттың қалыңдығы да әртүрі болады», - деді жол сапасын зерттеумен айналысатын инженер Сұңғат Ұзақбайұлы.



Жолдың сапасыздығын санайтын сарапшылар өрескел ақаулар, маңызды және маңызды емес ақаулар деп бірнеше санат бойынша кемшіліктерді жіктейді. Одан бөлек құрылыс жүргізу барысында жаңа материалдарды, конструкцияларын, технологияларын, машиналары мен жабдықтарын да қамтиды. Кемшіліктерді тіркеп қана қоймай, оны жою туралы да ескертулер беріледі. Алайда жіберген қателіктерді жоюға асықпайтын компанияларда аз емес. Мәселен, жергілікті санатқа жататын жолдарда анықталған 132 кемшіліктің көбін мердігер компаниялар түзеуге тырыспақ түгілі, жауап та бермей айналып өткен.

«Өрескел кемшіліктер, яғни маңызды ақаулар 381 (44%), маңызды емес ақаулар 252 (30%) қамтыды. Сонымен қатар 1018 сынама алынып, оның 316 (31 %) талапқа сәйкес келмеді. Облыста жергілікті атқарушы органдар есебіндегі жолдар жалпы ұзындығы – 6811,3 шқ, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар – 6167,5 шқ, аудандық маңызы бар жолдар – 643,7 шқ құрайды. Жол құрылысын қадағалап, жолдың сапасыз болуына жол бермеу үшін күресіп келеміз. Жергілікті атқарушы органдар есебіндегі жолдарға 313 жұмыс орнына шығып қадағалау барысында 132 ақау мен ескерту тіркелді. Оның ішіндегі 32 өрескел ақаудың 28-і сол қалпы жөнделмеген. Бұл мердігер мекемелер жасаған жолдың 88% құрайды. Анықталған маңызды ақаулар 79 (60%) рет тіркелгенмен, 64 ақау, яғни 81% сол қалпы қалпына келтірілмеген. 21 маңызды емес ақаудың 16-сы, яғни 76% жойылмады. Сонымен қатар 1046 сынама алынып, оның 625 (60%) талапқа сәйкес келмеді», - деді Әйгерім Лекерқызы.



Ұлттық сапа орталығының облыстық филиалы биыл 161,5 млн теңгеге келісімшартқа отыруды жоспарлағанмен, қазіргі таңда 175 млн тг жұмысын жасап шыққан. Жолдың сапасын тексеріп беруді көбіне облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және аудандық автомобиль жолдары бөлімдері береді. Биыл филиалдың қызметіне 23 мемлекеттік мекеме жүгінген. Республикалық маңызы бар күре жолдың күтіміне «ҚазАвтоЖол» жауапты болғанмен, ол компания есертулерді мүлдем елемейді екен. Алматы-Өскемен, Сарыөзек-Көктал, Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-Құрметі-Көлсай көліне кіреберіс жолында, Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Қырғызстан, Алматы-Космостанция автожолдарында апат тудыратын қауіпті жайттар анықталған.

«ҚазАвтоЖол» участкелеріне шығу барысында анықталған ақаулар мен бұзушылықтар бойынша жолданған хаттарға жауап қайтарылмағандықтан Жол полиция департаментіне 20 тамызда 1 нысан бойынша, 11 қыркүйек күні 2 нысан, 17 қыркүйекте 1 жол құрылысы, 7 қазан күні 1, 29 қазанда 1 нысан, 11 қарашада 1 хат жіберілді. Алматы облысы бойынша биыл 3 жерге жолдың үстіңгі қабатының ылғалдығымен температурасын бақылайтын жүйе орнатылды. Жол белгілері бойынша Республикалық маңызы бар және жергілікті автомобиль жолдарының жол белгілерін тексеру жұмыстары Жол полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Ішінара тексеру қорытындысы бойынша 115 жол белгісінің 68-і талапқа сәйкес келмейтіні анықталды, оның Республикалық маңызы бар жолдарға тиесілі 100 жол белгісінен 64-і талапқа сәйкес келмейтіні, жергілікті автомобиль жолдарының 15 жол белгісінен 4-еуі талапқа сәйкес келмейді. Филиал Алматы – Карағанды – Нұр-Сұлтан – Петропавловск және Ташкент – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы – Қорғас жолдырын салу барысына үлес қосты. Сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын сапалы салуға бақылау жүргізіп келеді», - деді филиалдың мамандары.
Просмотров материала: 638

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 642 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 474 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 101 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 150 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 432 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 058 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 193 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 418 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 417 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 583 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 310 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 838 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 207 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 916 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 761 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031