3 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Есірткі сатып, адам өлтіреді»: Қазақстанда ең ауыр жаза алған әйелдер не үшін сотталған?

07 декабрь 2021, 15:57
«Есірткі сатып, адам өлтіреді»: Қазақстанда ең ауыр жаза алған әйелдер не үшін сотталған?
Қазақстанда әйелдерге арналған қатаң режимдегі жалғыз түзету колониясы Шымкентте орналасқан. 2018 жылдан бері бір ғасырға таяу тарихы бар түрмеге алғаш рет әйел адам басшы болып тағайындалған. Azattyq Ruhy тілшісі аталған мекеме бастығы Айнұр Әділбековамен әңгімелесіп, Қазақстан бойынша ең ауыр жаза алған әйелдер туралы сөйлесті.

Әділет подполковнигі Айнұр Әділбекова бұрын түрме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. Сол уақытта да, мекеме басшысы болған үш жылдан бері ол әйел ретінде сотталушылармен адами қарым-қатынас орнатуға көп көңіл бөлетінін айтып отыр.

«Әрине, мұнда тек аса ауыр қылмыспен сотталған қыз-келіншектер, әйелдер түседі. Бірақ, бәрі бір олар да адам, қылмыстық атқару кодексінің аясында жағдайды түсіндірсең, түсіністік танытады», - дейді Айнұр Әділбекова.

Қазақстан бойынша әйелдерге арналған қатаң режимдегі жалғыз колония 250 орынға арналған. Мекеме басшысының мәліметіне сүйенсек, бұл жерге айына 2-5 әйел қамалып отырады.

«Мекеменің толу шегі 250 сотталған адамға арналған. Қазір бұнда 243 сотталған әйел жазасын өтеп жатыр», - дейді ол. Сұхбат кезінде белгілі болғандай, жазасын өтеп жатқан осы 243 әйелдің ең жасы 25-те, ең кәрісі – 70 жастағы әжей екен.

«Түрмеде есірткі сату бабымен сотталғандардың саны 100-ден асады. Кісі өлтірген 17 әйел бар», - деп мәлім етті қылмыс статистикасына тоқталған Әділбекова.

Ең ауыр жаза алған әйелдермен жұмыс істесе де, Айнұр Әділбекова адамдықты бірінші орынға қойып, оларға көмек беру керек деген пікірін айтты. «Әйел ретінде оларға жаным ашиды» дейді түрме басшысы. Әрі ол соттың үкімін алған әйелдерді одан сайын қинамай, жазасын өтеген соң түзеліп шығуына аса мән береміз деп отыр.

«Қатаң басшымын деп айта алмаймын. Өзің әйел болған соң, әйелдердің жан дүниесін түсінуге тырысамын. Олардың жан дүниесі сөзсіз психикалық өзгеріске ұшырайды. Артында қалған бала- шағасы туралы көмек сұрап келеді. Сол кезде ана ретінде, бірақ заң аясында қолдан келгенше көмектескің келеді.

Сотталғанша олардың қолынан онсыз да кісен түспейді. Ал колонияға келгеннен кейін біз оларды кісендеп емес, көбіне түзетіп шығаруға әрекеттенеміз. Біздің мекеме жанында мектеп бар, колледж бар. Сотталғандар арасында тіпті мектепке бармаған азаматшалар бар. Сондықтан, біздің мақсатымыз – қылмыстық атқару кодексіне сәйкес, оларды тәрбиелеп, ары қарай түзу жолға салуға тырысу», - дейді Айнұр Әділбекова.

Сөз соңында көп жылдан бері қылмыс жасаған әйелдермен жұмыс істеп, олардың психологиясын зерттеп жүрген Айнұр Әділбековадан «әйел неге қылмысқа барады?» деп сұрадық.

«Басым бөлігі тұрмыстық жағдайда күйеуімен ұрысып, төбелесіп, пышақ салып алғандар деуге болады. Сондай-ақ, көбіне есірткі сатқан әйелдер. Менің ойымша, кішкентай кезінен жәбір көріп, психикасы өзгеріске ұшыраған әйелдер адам өлтіреді. Ал, материалдық қиындық көргендер есірткі сатады немесе алаяқтық жасайды. Менің ойымша, ең ауыр жаза алған әйелдер осылардың кесірінен қылмысқа барады. Әрине, олардың көбі қылмыс жасағанына өкінеді», - дейді жеке пікірін танытқан түрме басшысы.

Айта кетейік, бұл мекемеде ауру ұлына ем іздеп, үш адамды тапсырыспен өлтірген өскемендік киллер әйел жазасын өтеп жатыр. Ол ең ұзақ мерзім алған әйелдердің бірі. Сот оны 28 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Просмотров материала: 596

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 541 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 375 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 995 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 045 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 334 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 209 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 347 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 574 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 629 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 790 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 487 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 930 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 389 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 230 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 051 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 253 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 324 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 995 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 385 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 107 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 120 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 954 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 786 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 044 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 988 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 503 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 976 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 822 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 099 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 434 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 840 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 794 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 842 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 801 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 027 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 170 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930