7 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент: былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті

07 декабрь 2021, 12:55
Президент: былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімінде бейнебайланыс режимінде сөз сөйледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын және бүгінге дейін 150-ден астам компания Президент сыйлығының иегері атанғанына назар аударды.

– Биылғы салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Егемендік кезеңінде Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Соның нәтижесінде жаңа заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда, – деді Мемлекет басшысы.

Президент отандық бизнестің елімізді индустрияландыру үдерісіндегі үлесі туралы айта келе, соңғы 10 жылда өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласының көрсеткішінен асып, 13 пайызға жеткенін атап өтті.

– Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл мақсатқа 9 триллион теңгеден астам инвестиция жұмсалды. 220 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 3 есе өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті. Қазақстанда өңделген өнімдер бүгінде 131 мемлекетке экспортталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент: былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті

Мемлекет басшысы отандық өнеркәсіпті, медицина ғылымын цифрландыру ісіндегі жетістіктерге тоқталды.

Президент өз Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру міндетін жүктегенін еске салды. Оның пікірінше, бұл аса маңызды мақсат. Оған қол жеткізу үшін барлық мүмкіндік бар және қажетті жағдайлар жасалуда.

Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа қолжетімділігін қамтамасыз ететін «Өнеркәсіп саясаты туралы» Заңды тезірек қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы отандық бизнестің көрші елдердің нарығына шығуы үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту қажеттігі жөнінде айтты.

– «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы табысты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар тағы төрт трансшекаралық хаб: оның екеуін Ресеймен шекарада, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекарада бір-бірден салу жоспарлануда. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға және нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Президент.



Мемлекет басшысы елімізде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және сапаны бақылаудың заманауи жүйесін енгізудің маңыздылығына назар аударды.

– Кәсіпорындардың бизнес-процестеріне жасалатын диагностика осы саладағы жаһандық үрдістерге сай болуға тиіс. Бұл жерде, ең алдымен, цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін пайдалану туралы сөз болып отыр. Осыған байланысты «Алтын сапа» конкурсының талаптарын Сапаны басқарудың еуропалық қорының (EFQM) жаңа моделіне біртіндеп сәйкестендіру керек. Біз үздік халықаралық үлгілер мен тәжірибелерге сай болуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспейтініне ерекше назар аударды. Бұл – индустрияландыру үдерісін тежейтін факторлардың бірі.

– 2025 жылға қарай 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үкімет аталған өндіріс орындарында жұмыс істейтін білікті кадрларды осы бастан дайындауы керек. Бүгінде мемлекет жұмыс берушілерге нақты қолдау көрсетіп отыр. Жұмыс орнында оқыту, «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» сияқты жас мамандарға қолдау көрсету шаралары іске асырылуда. Мемлекет тарапынан тиісті субсидиялар қарастырылған. Дегенмен, әлі де жеткіліксіз. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жұмыспен қамтуды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қосымша шараларды пысықтауы қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев індет кезінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне зор қолдау көрсеткен отандық кәсіпкерлер мен Қазақстандағы халықаралық компаниялар әлеуметтік жауапкершілік қағидасын әрдайым берік ұстанатынын атап өтті.



Бұдан бөлек биылғы «Парыз» байқауына қатысушылардың әлеуметтік жобаларға және қайырымдылық шараларға 20 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсағаны атап өтілді. Олар 7 мың жаңа жұмыс орнын ашқан.

– Елімізді өркендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бизнес өкілдері барынша атсалысуда. Осы орайда мен барша кәсіпкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ осы байқауларға қатысқан кәсіпорындарға арнайы алғыс айтамын. Әсіресе, еңбек ұжымдарын бөлек атап өткім келеді. Бұл марапаттар – көп жылғы қажырлы еңбектің жемісі, – деді Мемлекет басшысы.

Президент конкурс жеңімпаздарын жариялап, шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ бүгінгі марапат олардың жұмыстарының одан әрі табысты болуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Биыл «Алтын сапа» конкурсының «Үздік индустриялық жоба» номинациясын «YDD Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қарағанды облысы) иеленді, «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша ««Агрофирма TNK» (Ақмола облысы) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үздік атанды. «ПО Глобал-Спецодежда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Ақтөбе облысы) мен «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қазақстандық филиалы (Батыс Қазақстан облысы) «Парыз» конкурсының бас жүлдесін иеленді. Жеңімпаздарға жүлделерді Премьер-Министр Асқар Мамин табыстады.
Просмотров материала: 500

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 976 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 788 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 757 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 697 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 688 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 580 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 325 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 355 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 851 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 004 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 730 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 367 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 516 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 423 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 341 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 177 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 146 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 492 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 183 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 093 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 325 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 849 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031