18 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құдандалы екенін растады

07 декабрь 2021, 9:26
Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құдандалы екенін растады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы құттықтауынан кейін ақын Жүрсін Ерманның 70 жасқа толғанын, ең бастысы, эфиопиялықтармен құда болғанын жұрттың бәрі білді. Осыдан кейін мәселенің мән-жайын тереңірек білу үшін тілшілер қауымы ол кісіге лап қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір ел арасында Тедрос Гебрейесустың – құдасы Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтауы қызу талқыланып жатыр. Бірі бұған таң қалса, біразы "аралас некеге жол берді" деп ақынды жазғырды. Жүрсін Ерманның өзі шетелде білім алған жиен немересін эфиопиялықтарға ұзатқанына еш өкінбейді, делінген КТК жаңалықтарында.

Үстіне шапан, басына бөрік киген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың қазақ тіліндегі құттықтауы әлемжеліде желдей есті. Ол 70 жасқа толған құдасы Жүрсін Ерманға жылы лебізін білдіріп, ақынның бір шумақ өлеңін де оқып берді.

Жүрсін Ерман жиен немересіне батасын беріп, осыдан үш жыл бұрын Тедрос Гебрейесустың үлкен ұлына қазақ салтымен ұзатқанын айтады. Елімізде өткен сол дүбірлі тойдан кейін ақын халықаралық ұйымның басшысымен жүзбе-жүз кездеспепті. Ал осы құдасының Женевадан жеткен құттықтауынан кейін айтыс жанашырына «аралас некеге не үшін жол бердің» деп жазғырып жатқандар көп екен.

Менімен ақылдасқан ешкім жоқ. Ылғи сыртта болған бала ғой. Менталитеті басқаша болды. «Теңін тапса тегін бер» дейді ғой. Біз батамызды беріп шығарып салдық. Мені жазғырып несі бар? Өз ата-анасы бар. Әкесі – Дәулет Тұрлыханов. Шешесі – менің қызым Ардақ Ерманова. Батамды беріп, қарап отырдым қызығын. Жаңа ғана видео қоңыраумен сөйлестім.
Ақын Жүрсін Ерман

Қоғамда қызу талқыланған видеодан кейін ақынға қоңырау шалып пандемия қашан аяқталатынын құдаңнан сұрап білші дегендер де табылыпты. Тіпті Жүрсін Ерман денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалады деп алдын ала болжам жасағандар да болыпты.

Біреулер менен сұрайды: «Құдаңыздан сұраңызшы, пандемия қашан кетеді екен» деп. Ол Құдай емес қой. Қайдан біледі? Халықаралық ұйым болғанымен, ол да пенде. Адам ғой. Құдаммен телефон арқылы сөйлесемін. Бала-шағаның жайын біліп. Немерем аударып отырады.
Ақын Жүрсін Ерман

Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен мыңжылдық құда болғанына еш өкінбейтінін айтады. "Өзге ұлт өкілдері төл мәдениетімізбен танысып, тілін сындырып, қазақша сөйлеуі, керісінше қуантады", – дейді ақын. Ал оның немерелері әлемнің қай түкпірінде тұрса да салт-дәстүрімізді ұмытпай, үнемі насихаттап жүргенін жеткізді.

Айта кетсек, 2 желтоқсанда ақын 70 жасқа толған. Қарағандыда өткен сол тойға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы келе алмай, құттықтауын видео арқылы жолдапты.


Просмотров материала: 639

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 061 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 660 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 170 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 219 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 575 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 412 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 507 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 800 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 286 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 384 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 686 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 495 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 178 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 355 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 514 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 640 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 016 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 052 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 015 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 212 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 370 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930