23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Онлайн оқу фонограммамен ән айту сияқты

06 декабрь 2021, 16:25
Онлайн оқу фонограммамен ән айту сияқты
5 желтоқсан күні Алматыда VIII Халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдерінің форумына спикер ретінде қатысқан белгілі математик Асқар Жұмаділдаев республиканың түкпір-түкпірінен жиналған үздік мұғалімдермен бірге жаратылыстану ғылымы саласындағы мәселелерді ортаға салды.

Форумнан соң Azattyq Rýhy тілшісі белгілі математикпен білім саласындағы өзекті мәселелерге қатысты сұхбаттасты. Ғалым кеше қайтқанына қырық күн толған шәкірті Ақназар Қажырмұратты өкінішпен еске алып, дарынды жастардың шетелге кетуі, онлайн білімнің сапасы, жалпы орта мектептердегі білім деңгейіне қатысты пікірін білдірді.

ВУНДЕРКИНДТЕРДІ МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНА АЛУ КЕРЕК ПЕ?

Ол дегеніңіз бос сөз. Мен талай вундеркиндтерді көрдім, алдымнан талайы өтті, талайын қолдадым. Вундеркинд деген 9-сыныптың оқушысының 11- сыныпқа арналған есепті шығаруы. Онда тұрған не бар, ешкім жаңа есеп ойлап шығарып жатқан жоқ қой?! Айналып келгенде солардың барлығы бірдей болады. Тек, Ақназар сынды бірен-сараны ғана оза шауып шығады. Ал, енді оларға күзет қою керек, қарауға алу керек деген болмайтын әңгіме. Ондай күзет ғалымға да ұнай қоймайды. Ғалымға қажетті деңгейінде құрмет көрсетілуі керек. Иранға барсаң «ұстаз» дейді, сол – аса құрметті лауазым. Қалғанының бәрі болмайтын әңгіме.

Меніңше, Ақназар елден кетпегенде, әлі де өмір сүретін еді. Кейде адамның миы шаршап, жанартау сияқты атқылайды, сондай кездері адам өзін ұстай алмайды екен. Білім жақсы нәрсе, бірақ оның үлкен кемшілігі бар: егер тек сол салада күні-түні жүре берсең, миың атылып кетуі мүмкін. Фанатик деген сөз бар, мен діни фанатиктерді ұнатпаймын, бірақ ғылымдағы фанатиктерді жақсы көремін. Ислам әлеміндегі ең соңғы ғалым-ұстаз Ұлықбекті өзінің туған ұлы Абдулатиф өлтірді. Ол әкесін «намаз оқып, Құдайға құлшылық жасаудың орнына жұлдыз санап кеттің» деп айыптады. Ғылымның да фанатиктері бар, бірақ оған да қатты беріліп кетуге болмайды. Әсіресе, жас бала үшін. Себебі, оның миы жарылып кетуі мүмкін.



БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ШЕТЕЛГЕ КЕТУІ ТУРАЛЫ

Біздегі проблема жастарда емес, сол жастарды түсінетін шалдардың азайып кетуінде сияқты. Менің де кейбір шәкірттерім ғылымды тастап, басқа жақсы ұсыныс бергендерге кетіп қалып жатады. Бірақ мен оларға түсіністікпен қараймын, сапалы маманға сұраныстың болуы жақсы көрсеткіш. Біздің ғалымдарды шетелге шақырып жатса, мақтану керекпіз. Әл-Фараби осында туды, бірақ ғылымды Араб елдерінде жасады. Осыны ұмытпауымыз керек!

Кілең ақылдылардың жаппай елден кетуі – үлкен кешенді проблема. Мұнда ақсақалдардың, мемлекеттің кінәсі бар. Америка шаңсорғыш сияқты, кез келген адамды алып кете алады. Бір кездері менің де Америкаға барғым келген, бірақ ол жақта біздің ауылдың жыңғылы, шеңгелі, жантағы жоқ. Ауылға барып шөп ора алмаймын. Қазір ол шешіміме өкінбеймін. Асып бара жатқан түгім жоқ, бірақ ешкімнен кем емеспіз. Менің жақсы көретін сөзім бар: «Ешқашан ешкімнен артықпын деп айтпа, кем емеспін» деу керек.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ САПАСЫ

Бүкіл республикадағы орта білімнің деңгейін мен айта алмаймын. Ол мектепке байланысты. Үлкен қалаларда мен білетін мықты мектептер бар. Ауылдарға келсек, ол жақтан менің аса хабарым жоқ. Бала тереңді жақсы көреді ғой, ата-аналардың да балаларын элиталы, жақсы мектептерге апаруы заңды құбылыс.

Кейде ақылды, парасатты әкімдер өз өңірлерінің білім сапасын арттырудың жолын табады. Мен білетін таудың басында орналасқан Жыланды деген ауыл бар. Ол жаққа өзің бара алмайсың, автобус жүрмейді. Сол ауылдан Бауыржан Оспанов деген азамат сапалы оқытушылар құрамы бар мектеп ашты. Оларға үй салды, жағдай жасады. Ондай мектептерді әр өңірде салып жатқан азаматтар бар екенін естимін. Осындай азаматтарды көптеп насихаттау керекпіз, олар туралы мүмкін болса сіздер де айта жүріңіздер. Ауылға сапалы маман баруы үшін жалақы, жағдай болуы тиіс.

Жалпы орта білімнің сапасын Білім және ғылым министрінен сұрау керек. Ал, мен білім саласындағы проблеманы айта аламын. Біздегі бірінші проблема – тақта мен бор. Қазір жұрттың бәрі интерактивті тақтаға көшіп жатыр. Шындығында баланы оқытудың ең оңай, ең дұрыс тәсілі тақтаға бормен жазып сабақ түсіндіру. Егер, сен математиканы түсіндіретін болсаң, сенің тақтаң үшке бөлінуі керек. Біреуінде формула, екінші жағында мысал, үшінші бөлігінде есебіңді түсіндіріп жатасың. Шетелдің үздік оқу орындарында ең бірінші көзге түсетін тақта. Тақтаның ені кем дегенде 3 метр, ұзындығы 5 метр, өз үш қабат болады, оның қасында сүртетін сүлгісі болуы тиіс. Мультимедиа, интерактвиті білім деген жай сөз ғой. Бала жылдамдыққа қуанады, бірақ ең жақсы тәсіл жазып-сызып көрсету. Біздің балалар математикадан емтихан тапсырғанда ең жоғарғы балл жинап жатады. Себебі, бізде әлі күнге дейін Кеңес кезеңінен қалған мұғалімдер бар және солардың әдістері ең дұрысы.

«ОНЛАЙН ОҚУ ФОНОГРАММАМЕН ӘН АЙТУ СИЯҚТЫ…»

Онлайн оқыту деген қазір амалдың жоқтығынан болып жатыр. Сабақты адамның түріне қарап берген жақсы. Комыпютердің ар жағындағы балаға сабақ беру маған ешқандай шабыт бермейді. Ақын өлең оқығанда, біреу «па, шіркін» деп айқайлап, оның арқасын қоздырып отыруы керек. Қарама-қарсы отырғанда жаңа сөз, жаңа шабыт, жаңа ой келеді. Ал, сен бала алдыңда отырмаса, роботқа айтып отырғандай әсерде боласың. Бұл да әртістердің өнері сияқты. Әнді фонограммамен және тірідей айтуға болады. Онлайн деген фонограмма ғой.

Онлайн оқуда білім нашарлады деп мұғалімдерге кінә артуға болмайды. Біздің ауылдағы Қызылөткел деген жерге барсам, директоры «бес мұғалімді жұмыстан қудым» деп мақтанып отыр екен. Сосын мен: «Бауырым, есеп шығара алмайтын мұғалімдер бар. Жарайды, сен бес мұғалімді қудың. Олардың орнына кімдерді алдың? Сенің кезек күтіп тұрған адамың жоқ. Алматыда болса бір сәрі, кадр көп. Қайдағы адам бармайтын ауылға қандай мұғалім барады?» деймін.

Біз мұғалімдерге талап қоятын кезде, өзіміз жасап отырған жағдайға да қарауымыз керек. Бізде жақсы мұғалімдер жетерлік, бірлі-жарым есеп шығара алмайтындары болуы мүмкін. Интернет деген үлкен дию күш, жел, дауыл. Бірақ оны дұрыс пайдалану керек, білетін адам бәрін үйреніп алады.

Менің сабақ беріп келе жатқаныма талай жыл болды, бірақ ең мықты балалар ауылдан үшке бітіріп келгендер. Біз бала күнімізде қауын егетінбіз, сол пісерде қауынның түбіне бір қасықтан селитра қойып қоятынбыз. Одан қауын семіреді, бірақ дәмі жоқ. Медалист, олимпиада үздіктері дегеннің бәрі гәп қана. Мен білетін үздік ғалымдардың бәрі орташа оқыған, орысша білмейтін балалар. Оның сыры – ауылдың құдіретінде, ауылда қатты бір энергия, жігер болады. Ауылдан келген балаларда намыс бар. «Анау неміс мына бір есепті шығарып жатыр, мен неге соны шығара алмаймын?» деп тырысады. «Еврейдің естіген теоремасын мен неге істей алмаймын?» деп ойлайды. Егер сіздің аяғыңызды автобус басып кетсе «мынаның аяғымды басып кеткені ай» деп ұрсысқаныңыз намысқа жатпайды. Егер, сен ананың жасаған тірлігін жасай алмасаң, соған басың жетпесе, есебін шығара алмасаң намыс деген осы.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН АҒЫЛШЫНША ОҚЫТУ ДҰРЫС ПА?

Ағылшын бізге керек, бірақ мәселе оның қай тіл есебінде жүргенінде. Ағылшын тілі қазақ тілі есебінен жүруі керек деп жатыр, мен соған қарсымын. Математика, физика, химия, биология қазақ тілінде қалсын. Ағылшын тілінде оқытқың келсе, тарихты оқыт. Біздің Әбілқайыр ханды ағылшындар да біліп жүрсін. Біз неге Француздың корольдерін, орыстың Иван Грозныйын білеміз. Біздің де ешкімнен кем емес патша, сұлтандарымыз жетеді ғой…

Математика, физикада қалыптасқан үрдіс пен ойлау жүйесі бар. Мен қазақша «төрткен мен төртқара» десем, ісім жақсы шабады, әрмен қарай жорғалайды. Мұндай үрдісті айқайлатып тұрып айту керек. Мұндай үрдіс Кореяда, Малайзияда болған. Бірақ кейін олар оның дұрыс емес екенін түсінді. Сенің тілің екі жердегі екіге келмесе, ол неғылған тіл?! Қазақтың тілі бай дейсің, сол бай тіліңде есеп шығара алмасаң, ол несіне керек?! Қазақтың тілінде біреуді жер-көкке сыйғызбай мақтауға болады және жерге түсірмей жамандауға болады. Бірақ мезисті айта алмасаң, ол үшін мақтану кімге керек?!



Еске салсақ, 5 желтоқсан күні Алматыда VIII Халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдерінің форумы өтті. Форумға Асқар Жұмаділдаев, Мұхтар Өтелбаев, Қайрош Мәкішев, Аягүл Миразова секілді белгілі математиктер қатысты. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мен білім беру саласының басқа да білгірлері келді. Мамандар пандемиядан кейінгі білім беру саласындағы қордаланған проблемаларды көтереді. Сонымен қатар, шара аясында мұғалімдер арасында пәндік байқау өтіп, үздік мұғалімдер анықталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және ҚР БҒМ дипломымен марапатталды. Шараның маңызы – математика пәні мұғалімдерін қолдау, ынталандыру және тәжірибе алмасу, сала өкілдерін кәсіби алаңға жинау, Қазақстанның математикалық білімін әлемдегі жетекші орынға шығару.
Просмотров материала: 17 170

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 387 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 202 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 858 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 876 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 184 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 671 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 841 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 919 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 159 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 304 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 672 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 399 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 678 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 381 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 502 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 682 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 354 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 693 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 458 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 456 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 291 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 141 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 385 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 321 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 846 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 206 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 172 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 392 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 734 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 147 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 156 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 196 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 132 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 357 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 508 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031