12 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Шүйлігудің қажеті жоқ": Назарбаев 30 жыл бұрын болған оқиғаны айтып берді

06 декабрь 2021, 10:15
"Шүйлігудің қажеті жоқ": Назарбаев 30 жыл бұрын болған оқиғаны айтып берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік алу жолында кездескен қиындықтарды еске алды. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті "Тәуелсіздік тағылымы" мақаласында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы 1991 жылдың 1 желтоқсанында ел тарихындағы тұңғыш президент сайлауы өткізіліп, халықтың 98%-тен астамы қолдау білдіргені еркін қимылдауына жол ашқанын жазды.

Оның айтуынша, 12-13 желтоқсанда Ашхабадта Орталық Азия республикаларының басшыларымен бас қосып, жағдайды саралай, Қазақстанның ТМД-ға тең құқылы мүше болуға әзір екені жөнінде ортақ мәлімдеме жасаған.

"Ертеңінде көптен күткен күн туып, Жоғарғы Кеңестің 1991 жылдың 14 желтоқсанында өткен 12-шақырылған 7-сессиясының талқылауына "Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заң шығарылды. Еліміздің жетекші заңгерлерінің қатысуымен алдын ала сараланып, сараптамадан өткізіліп, қапысыз даярланған заң бірден-ақ мақұлдануға тиіс болатын. Оның үстіне өзге республикалар мұндай заңдарын әлдеқашан қабылдап қойған. Бірақ жағдай біз күткеннен басқашалау болып шықты", - деп жазды Назарбаев.

Жоғарғы Кеңес залындағы отырысқа вице-президент Ерік Асанбаев қатысқанымен, Назарбаев талқылауды кабинетіндегі байланыс арқылы жіті бақылағанын айтты.

"Әлі есімде, күн тәртібі жария етілісімен-ақ бір депутат: "Біз кімнен және неден тәуелсіздік алғалы отырмыз?! Өзіміз 70 жыл бойы сөгіп келе жатқан Ресей империясы үлгісімен енді Қазақ империясын құруға ұмтылып жатқан жоқпыз ба осы? ", – деп арандатушылық пиғылдағы сұрағын бастап кетті", - деп еске алды Елбасы.
Айтуынша, көп ұзамай тағы бір депутат оны қостай түсіп: "Біз тәуелсіз мемлекет жариялау мәселесін талқылаудамыз. Ертең таңертең 17 миллион халықтың тең жарымы – орыстілді қауым бөтен мемлекеттің азаматтары болып шыға келмек. Жолдастар, бұлай етуге болмайды ғой", деген.

"Ал енді бір "халық қалаулысының": "Тек қазақ қана Қазақ КСР-інің немесе Қазақстан Республикасының президенті бола алатыны жөніндегі ұсынысты маған қатысты алғанда азаматтық теңқұқылыққа жасалған қиянат деуге бола ма, жоқ па? ", – деген сұрағына орай депутат Сұлтан Сартаев оған қазақ елінің президенті "мемлекеттік тілді және ұлтаралық келісім тілін қатар меңгерген адам" бола алатыны жөнінде заңда тайға таңба басқандай жазулы екенін ескертті", - деп жазды Елбасы.

"Мен әдейі, этика сақтап және ол уақыттың алыста қалғанына, заман-төреші бәрін әлдеқашан өз орнына келтіргеніне байланысты қазір олардың атын атап, түсін түстеуді жөн көрмедім. Әрине, олардың мұндай "батыл" сөйлеуінің ар жағында қолтығына су бүркетін сыртқы күштердің бар екенін де бірден аңғардым. Бірақ маған қателесуге де, ашуға бой алдыруға да болмайтын еді", - дейді Назарбаев.

Айтуынша, заң жобасын екі күн бойы талқылаған депутаттар ортақ мәмілеге келе алмаған. Талқылау әбден тығырыққа тірелген кезде 16 желтоқсан күні түстен кейін Назарбаев Жоғарғы Кеңеске барып, депутаттарға мән-жайды түсіндіргенін жазады.

"Бұл заңды қабылдауымыз керек, өйткені жалғыз біз ғана қалдық. Көпұлтты Қазақстан халқының алдында біздің арымыз таза. Бұл – барлығы әр сөзіне үңіле отырып оқитын маңызды заң. Менің сайлауалды бағдарламам, біз шешкелі отырған барлық мәселелердің түйіні – осы. Басты мәселе – мемлекеттік тәуелсіздік мәселесі. Артық шүйлігудің, ешқандай мән-маңызы жоқ сөздерді қосудың қажеті жоқ. Заңды осы күйінде басым көпшілік дауыс арқылы қабылдау керек деп санаймын", - деген Елбасы.

Оның айтуынша, осы сөзден кейін қарсы сөйлеген депутаттардың біразы сабасына түсіп, заң жобасы көпшілік дауыспен қабылданды.

"Бұл бәріміз көптен күткен айшықты мезет, тарихи оқиға еді. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Алдын ала ойластырумен, зор ұйымдастырушылықпен, қапысыз дайындықпен жүзеге асты. Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізсек те, оған барар жолда бабалар қаны аз төгілген жоқ. Тәуелсіздік сол киелі қанның өтеуі еді. Мен мұның бәрін біз сенген, тәрбиелеген бүгінгі жас ұрпақ білсін, санасына сіңірсін деп әдейі жазып отырмын", - деп еске алды Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Тәуелсіздікті жариялау оңай емес, оны бүкіл әлемге мойындату одан да қиын екенін атап өтті.

"Мен Қазақстан тәуелсіздігінің осындай биік деңгейде мойындалуын да алдын ала ойластырып қойған едім", - деп жазды.
Просмотров материала: 3 016

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 143 362 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 143 164 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 823 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 844 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 143 152 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 657 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 791 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 275 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 478 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 562 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 848 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 851 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 734 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 554 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 689 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 841 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 514 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 873 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 611 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 616 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 459 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 298 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 547 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 490 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 001 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 411 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 333 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 569 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 920 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 329 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 317 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 359 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 302 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 523 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 672 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930