7 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте мұғалімдер шу шығарды

30 ноябрь 2021, 9:24
Шымкентте мұғалімдер шу шығарды
Шымкенттегі №115 мектепте былтыр бас бухгалтер ауысқалы мұғалімдер жалақысын алудан қалған. Зейнетақы қорына аударымдар бірде түссе, бірде түспей қалатын көрінеді.

Биыл келген директор мәселені шешпек түгілі, ұжымға бас көтермеуін ғана талап ететін көрінеді. Ақыры сабыры таусылған педагогтар бүгін қаланың білім басқармасындағыларды шақырып шу шығарды, деп хабарлады КТК.

Мұғалімдердің айтуынша, бірде айлық жырымдап берілсе, кейде мүлдем берілмей қалады. Одан қалса Еркебұлан есімді есепші ұстаздарды жеке-жеке шақырып, жалақы түгілі, "мектепке қарызсыңдар" деп, өз есебін көрсетеді екен.

"Мен негізі 187 мың алуым керек. Содан 36 мың-ақ қолыма тиді. Кредитім бар. Оны үкімет күте тұрмайды ғой. Әсіресе үйсіз жүрген жастарға қиын, зейнетақы қоры да быт-шыт болды. Мына кісілердің барлығы кредит алғысы келеді. Ол да жоқ. Айлық мүлдем жоқ. Біреуі 400 мың қарыз. Біреуін 200 мың қарыз қылып қойған. Бәріміз қарызбыз, әйтеуір. Түсініксіз. Түсіндірмейді", - дейді Нағима Пернешова.

Түсініксіз жағдайда қарыз болғандардың зейнетақы қорына бөлінген қаржысы да жоқ. Яғни жарнаға деп айлықтан ақша ұсталғанымен, жарнаға бір бөлігі түссе, кейде мүлдем аудармайтын көрінеді. "Оқу жылы басталғалы қарызсыңдар" деп, мектептің жарығы мен интернетін де өшіретінді шығарған.

Биыл қыркүйек айында тағайындалған директор сабырға шақырғаннан, бөлек істейтіні жоқ дейді. Енді айлық берер уақыт жақындағанда ұжым тағы да не директор, не есепшіні таппай отыр.

"Білім басқармасы ешқандай жауап бере алмаса, осы мектептің мәселесін шешіп бере алмаса, не үшін отыр? Сонда біз әр келген директорға жем болуымыз керек пе? Әр келген есепші ақшамызды жеп кете беруі керек пе?", - деп ашынды Мақпал Құлжанова.

Ұжым шулап басшыларын талап еткен соң білім басқармасынан бір топ шенеунік жетті. Мәжіліс залы болмаған соң ұжымды аядай сыныпқа жинап, шағымдарын тыңдады. Айтуларынша былтырдан бері болып жатқан бассыздықты бүгін ғана білдік деген олар енді төбе көрсетпейтін директор мен есепшіні іздеп тауып, мәселені шешеміз деп сендірді.

"Осы жердің есепшісін табамыз. Сол кісінің құжаттарын көтере отырып, осының бәрін анықтап, әрмен қарай жұмыс істейміз. Жалпы бюджеттен барлық мектепке уақытылы қаржы қаралып, уақытында игеріліп жатыр", - дейді Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Рыскелді Әліш.

Шенеунік сөзіне сенсек былтырдан бері жалғасып келе жатқан былықты бас-аяғы он күнде тексеріп нүктесін қоймақ. Жетпей қалған ақшаны да, зейнетақы қорына түсуі тиіс жарнаны да түгелдеп тастаймыз деп бекініп отыр. Жедел тексерістің соңы директор мен есепшіге оңай болмайтын сияқты. Себебі осы уақытқа дейін жоғарыдан түгел түскен қаржы ұжымға қитұрқылық жолмен жетпей қалғаны белгілі болса, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.
Просмотров материала: 2 227

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 178 174 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 674 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 177 267 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 317 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 614 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 418 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 554 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 784 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 928 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 082 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 713 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 041 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 434 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 264 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 087 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 292 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 349 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 029 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 425 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 144 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 150 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 980 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 820 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 082 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 021 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 536 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 045 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 854 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 123 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 485 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 868 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 820 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 868 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 836 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 064 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 207 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031