21 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда қоғамдық көліктің жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін

25 ноябрь 2021, 12:48
Алматыда қоғамдық көліктің жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін
Жаңа тарифті келесі жылдан бастап іске қосу жоспарланған. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайыновтың сөзінше, қоғамдық көліктермен жүрудің шынайы құны қазіргі бағадан екі есеге жоғары. Оның сөзінше, жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте көптеген өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Мысалы, жаңа тасымалдаушы талаптар саясаты жасалады. Билік жаңа шарттарда жұмыс істей алатын компанияларды ғана тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«80 теңгелік ақы төмен тариф, нақты баға екі есеге жуық жоғары. Жаңа жылдан кейін тарифтерді қаншаға өзгертуге болатынын қарастыруымыз керек шығар. Бұл өзекті мәселе. Бағаны кәсіпорындар мен тасымалдаушылар көтеруге дайын, себебі жол ақысы олардың негізгі табысы, бірақ біз халықтың төлем қабілетіне де қараймыз. Десе де жол ақысын көтеру мәселесінің уақыты жеткен, нақты қанша деген сұрақты әлі айта алмаймын», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов.

Қазіргі уақытта Оңай картасы арқылы жол жүру құны 80 теңге болғанмен, қолма қол төлем 150 теңге. Қалада қазіргі уақытта 151 бағыт бойынша 2400-ден астам қоғамдық көлік жүреді. Қоғамдық көліктердің жұмысын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес тасымалдаушылар үздіксіз субсидияланады. 151 қалалық бағытқа қызмет көрсету бойынша 21 тасымалдаушы компания жұмыс істейді. Бағыттар бойынша 2 441 автобус жүреді. Оның ішінде 515 газ автобусы, 196 троллейбус, 15 электр автобусы және дизельдегі 1 715 автобус бар.

«2021 және 2022 жылдары «Алматыэлектротранс» ЖШС коммуналдық автобус паркі 300 газ автобусын сатып алуды жоспарлаған. Бұдан өзге, жеке инвестор 2022 жылы қалалық бағыттарға қызмет көрсететін 200-ге дейін газ автобусын сатып алу, көлік санын 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту, жаңа автобус паркін салу мәселесін қарастыруда. Бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде. Сондай-ақ, 2022 жылы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта автобус паркін салу жоспарланған», - деді Алматы әкімінің орынбасары.
Просмотров материала: 675

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 278 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 916 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 405 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 467 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 830 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 925 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 981 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 289 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 995 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 180 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 670 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 703 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 460 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 319 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 052 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 557 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 264 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 480 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 343 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 178 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 037 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 361 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 258 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 742 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 093 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 328 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 708 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 078 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 019 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 146 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 090 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 296 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 452 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930