22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістан облысының 38 ауыл мектебі интернетке қол жеткізеді

Түркістан облысының 38 ауыл мектебі интернетке қол жеткізеді
ЮНИСЕФ-тің GIGA бастамасын іске асыру жобасы аясында барлығы 19 976 оқушы білім сапасын жақсартуға мүмкіндік алады.

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілдігінің делегациясы Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп интернетке қол жеткізген бес ауылдық мектепке сапар жасады. Барлығы бір ай ішінде GIGA бастамасы шеңберінде интернет-желісіне 38 мектеп қосылатын болады.

Сапар барысында ЮНИСЕФ пен Үкіметтің бастауыш және орта мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және балаларға білім беру сапасын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамасына мониторинг жүргізілді. Сапарға ЮНИСЕФ, Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш индустриясы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ аудандық әкімдіктердің өкілдері, мектеп директорлары, информатика мұғалімдері, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

GIGA-бұл ЮНИСЕФ пен Халықаралық электр байланысы одағының әрбір мектепті кең жолақты интернетке қосу жөніндегі жаһандық бастамасы, оған әрбір баланы сапалы білім алу және одан әрі мамандық таңдау үшін кең ауқымды мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан қосылды.

Бастама мақсаттарының бірі-бүкіл ел үшін және әр бала үшін жеке-жеке цифрлық байланысты қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым құру. Бүгінгі таңда әлемнің 41 елінде 1 000 0000 мектеп GIGA картасына енгізілді, ал 3200 мектеп бастаманың серіктестеріне айналды. ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Қазақстанда олардың қатарына Түркістан облысының 38 ауыл мектебі енді.

Сапар аясында делегация Ақбұлақ, Шағыр, Қабылсай, Талдықұдық және Лесхоз кенттеріндегі 19 976 оқушы оқитын мектептерде болды. GIGA бастамасының арқасында бұл кенттерде орнатылған интернет мектептерге оң әсер етеді. Оқушылар онлайн-білім беру ресурстарына қол жеткізе алады.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен атап өткендей: «Мен Түркістан облысының мектептеріне барып, бірлескен жобамыздың көрнекі нәтижелеріне қуанышпен көз жеткіздім. COVID-19 пандемиясы мектептер мен оқушыларды интернетке қосу әр баланың білім мен жаңа білімге тең қол жеткізуіне кепілдік беру үшін өте маңызды екенін тағы бір дәлелдеді. Мен Қазақстанның GIGA бастамасын қолдағанына және осы жоба бойынша өңірде көшбасшы болуға шешім қабылдағанына қуаныштымын. Біз шынымен де жастарға сапалы білім алуға, сәйкесінше, жұмысқа орналасуға жақсы мүмкіндіктерге ие болуға және өзіміз үшін өнімді болашақ құруға көмектесеміз деп сенемін.»

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың тамыз айында Түркістан облысы әкімдігі мен ЮНИСЕФ арасында жаңа бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды, оның аясында 38 мектеп интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілді. Бұл іс-шаралар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ЮНИСЕФ және Халықаралық электр байланысы одағы арасындағы 2021 жылғы 19 мамырдағы GIGA бастамасын бірлесіп іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға кіреді.
«Балалардың сапалы, қолжетімді білім алуына жағдай жасап, балаларды қолдап, өз қамқорлықтарына алған ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қорына өз атымнан және ауыл мектептерінің атынан алғыс білдіремін», - деді Арыс қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бірінші басшысы Әшімхан Момбеков.

Жоба нәтижелерімен Түркістан облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев бөлісті: «Ауылдық және қалалық балалар арасындағы білім беру саласындағы цифрлық алшақтық қазіргі уақытта толыққанды сапалы білім алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының біздің облысымыздағы мектептерді интернетке қосу жөніндегі бастамасын қолдадық және әрбір бала өз әлеуетін толық іске асыруы үшін өз деңгейінде қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».

Сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін мұғалімдердің құзыреттілігі мен цифрлық дағдыларын арттыру ерекше маңызды. Ол үшін желтоқсан айының басында GIGA бастамасы шеңберінде интернетке қосылған Түркістан облысының 20 бастауыш және орта мектептерінің мұғалімдері аралас оқыту бойынша 72 сағаттық онлайн-бағдарламадан өтеді және инклюзивті аралас оқыту курсы бойынша платформа арқылы әдістемелік қолдау мүмкіндігіне ие болады. Аралас оқыту аудиториялық оқытудың дәстүрлі формаларын электронды оқыту элементтерімен үйлестіруді көздейді.

Интернетке қолжетімділіксіз білім беру жүйесіндегі қиындықтар туралы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Тілеубердин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Мажинбеков Махсат Аралбайұлы айтып берді: «Былтырғы қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісі әлсіздігінен қиындықтар туындаған болатын. Алайда Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына кең жолақты интеренет желісін орнатқаннан кейін Online Mektep, Kundelik.kz электронды күнделікті тұтастай пайдалануда мүмкіндіктер алудамыз, әсіресе, біз сияқты ауыл мектептеріне осындай кең жолақты интернет желісі өте қажет болатын».

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қабылсай» жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Жүзжанов Шаттық Спартакұлы жобаның тиімділігін атап кетті: «Қазір Қазақстан мектептерінің басым бөлігіне цифрлық оқыту ресурстары жеткілікті. Осы мәселерді шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына кең жолақты интеренет желісін орнатуда көрсеткен қамқорлығы үшін, жоғары сапасы мен тиімділігі және өзекті мәселелерді шешуге дер кезінде көмек көрсеткендері үшін ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы, оқушылар және өз атымнан ризашылығымды білдіремін».

Ордабасы ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Болашақ» негізгі орта мектебінің директоры Ильясова Назира Насырханқызы жобаға қатысушылардың барлығына алғысын білдірді: «ЮНИСЕФ» халықаралық ұйымына,Артур ван Дизен мырзаға,Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы Өтебаев Елнұр Рақымбердіұлына, Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмағанбетовнаға үлкен алғысымды білдіремін.Еңбектеріңізге табыс тілеймін!».

Сонымен қатар, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім мен дағдылар жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Татьяна Адерихина «Мектептерді интернет желісіне қосу мұғалімдер мен оқушылар тарапынан аралас оқыту мен сабақ беру және оқудағы кемшіліктердің орнын толтырудың нысаналы бағдарламаларына қатысу кезінде цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытуда қосымша күш-жігерді талап етеді, алайда олар цифрлық революцияның және пандемиядан туындаған өмір талаптарының жаңа жағдайында білім беру сапасын арттыра алады».

2022 жылдың екінші тоқсанында Түркістан облысының бастауыш және орта мектеп оқушыларының пандемияға байланысты білімдегі кемшіліктерін өтеу бойынша бағдарламаларды бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ақпараттық-талдау орталығымен (АТО) ынтымақтастықта интернетке қосылу жылдамдығын мониторингтеу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде мектептерде интернет қызметтерінің сапасын мониторингтеу және бағалау үшін интернеттің нақты жылдамдығы туралы мәліметтерді беретін бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылатын болады. Бұл жұмыс Қазақстанның GIGA халықаралық бастамасына қатысумен тікелей байланысты.
Просмотров материала: 631

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 183 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 015 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 656 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 680 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 988 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 902 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 049 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930