15 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Коммунист емеспін". Сәуле Омарова АҚШ сенатында сұрақтарға қалай жауап берді?

19 ноябрь 2021, 14:41
"Коммунист емеспін". Сәуле Омарова АҚШ сенатында сұрақтарға қалай жауап берді?
АҚШ сенатында Ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына Сәуле Омарованың үміткерлігін ұсыну кезінде дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың банк істері және тұрғын үй комитетінің төрағасы, демократ Шеррод Браун Сәуле Омарованың сіңірген еңбегін сипаттай отырып, оның ғылыми еңбектерін тізіп айтып берді. Ол профессор Омарованың бұл қызметке ұсынылған алғашқы әйел, алғашқы басқа нәсіл өкілі және алғашқы эмигрант екенін баса айтты.


Сонымен қатар, Шеррод Браунның айтуынша, оның барлық сіңірген еңбегіне, біліктілігіне және жұмысқа қабылданар алдында бірнеше рет тексерілгеніне қарамастан, "кейбір республикашыл сенаторлар мұндай лауазым ең білікті үміткерге берілмеуі керек деп санайды".

"Сәуле Омарованың бұл қызметке тағайындалғаны туралы ресми жарияланғаннан кейін бір аптадан кейін The Wall Street Journal оның кеңестік өткенін әдейі атап көрсеткен мақала жариялады: Мәскеу мемлекеттік университетінде Лениндік стипендиямен оқу. 1980-1980 жылдары барлығы дерлік Кеңес Одағы Лениннің есімімен аталды, Милтон Фридман немесе Рональд Рейган шәкіртақысы ол кезде қолжетімді емес еді", - деді сенатор Браун.

Шеррод Браун Омароваға АҚШ банкінің басшылығында коммунизм орнатуға тырысты деп жалған айып тағылғанын айтты. Оның айтуынша, бұл мәлімдемелер оның шыққан жеріне негізделген.

"Профессор Омарова әділ, бейтарап және қатал валюталық бақылаушы болу үшін күш пен тәуелсіздікті көрсетті. Оның қаржылық дағдарыстың қайталануын болдырмау үшін жеке секторда да, мемлекеттік саясатта да тәжірибесі бар. Миллиондаған америкалық үйі мен жұмысынан айырылған дағдарыс", - деп қосты комитет төрағасы.

Кейінірек республикашыл сенатор Джон Кеннеди Сәуле Омарованың жас коммунистер тобының мүшесі болғанын айтты.

"Сенатор, сіз Кеңес Одағы кезіндегі жастардың коммунистік ұйымына мүшелігімді айтып тұрсыз ба? Мен КСРО-да дүниеге келдім. Бұл елде әрбір адам комсомол мүшесі болды. Бұл қалыпты прогресстің бір бөлігі болды. Бұл көп жылдар бұрын болды. Ал адамдар белгілі бір жасқа жеткенде бұл топтан автоматты түрде шығып кетеді", - деп жауап берді Омарова.

Содан кейін Кеннеди қазіргі федерал жүйені сынайтын бірнеше сұхбаттар мен ғылыми мақалаларды тізімдеді, сонымен қатар Омарова 2019 жылы Facebook-те социалистік және антикапиталистік көзқарастарды талқылайтын марксистік топқа қосылды деп айтты.

"Бұл Америка. Құрметсіздік көрсеткенім емес, бірақ сізді профессор деймін бе әлде жолдас деймін бе білмеймін", - деді сенатор.

"Сенатор, мен коммунист емеспін. Мен туған жерімді таңдаған жоқпын. Осы идеологияны талқылайтын Facebook-тағы бірде-бір топқа қосылғаным есімде жоқ. (...) Менің отбасым коммунистік режимнің кесірінен жапа шекті. Мен отбасымның жартысын білмей өстім. Сталиндік режим кезінде әжем екі рет өлімнен аман қалды. Осы оқиға есімде. Осы елге келдім, америкалық болғанымды мақтан тұтамын. Менің осында болуымның себебі де осы. Мен мемлекеттік қызметке дайын болғандықтан осындамын", - деді Сәуле Омарова.

Демократиялық сенатор Элизабет Уорреннің айтуынша, Сәуле Омарованың қарсыластары оның біліктілігі мен валюта бақылау басқармасының басшысы қызметін атқара алатындығы туралы ештеңе айта алмайды.

"Бұл республикашылдар үйлестіретін аяусыз жала жабу науқаны. Олар кішігірім бәсекелестерді жаулап алуды жалғастырып, өз клиенттерін тонап, жауапкершіліктен жалтаруды жоспарлап отырған алпауыт банктерді қолдайды. Уолл-стрит өзін қауіп төндіргендей сезінеді және олар құрметті тұлғаға жеке шабуыл жасады. Бұл қасақана, зұлым шабуылға қатысқан кез келген адам ұялуы керек", - деді Элизабет Уоррен.
Просмотров материала: 1 483

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 331 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 005 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 500 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 537 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 212 911 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 358 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 389 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 707 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 354 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 427 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 613 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 755 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 842 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 531 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 406 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 297 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 640 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 376 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 579 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 413 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 259 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 342 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 819 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 109 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 407 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 793 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 151 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 086 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 224 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 163 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 383 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 535 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31