3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте бала босанып алған оқушы тығырыққа тірелді

17 ноябрь 2021, 9:37
Шымкентте бала босанып алған оқушы тығырыққа тірелді
Шымкентте 15 жасында босанған жас ана сәбиімен оңалту орталығын паналап отыр. 9 сыныпта оқитын қыздың баласынан айрылып қалу қаупі бар. Құжаты болмағандықтан сәби балалар үйіне жіберілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір орталық мамандары ана мен баланы бір бірінен айырмаудың жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бет жүзін көрсеткісі келмеген Гүлмираның ұлының әкесі де кәмелет жасқа толмаған. Биыл ғана мектеп бітіріпті. Гүлмира 13 жасында өзінен үш жас үлкен жігітпен мектеп-интернатта оқып жүріп танысады. Бір жылдан кейін аяғы ауырлаған. Алайда жігіт 7-сыныпта оқитын қызбен жақындасқанын біразға дейін мойындамапты. Тіпті алғашқыда бауырына басқан жігітінің анасы да бала дүниеге келген соң айнып шықты дейді.

Гүлмира, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жағдайымды жасап жүрген. Сөйтіп өздерінің ісі жабылғаннан кейін мінездері де өзгеріп кетті. Анасы екеуміз осы қалада пәтер жалдап тұрғанбыз, босанғаннан кейін. Мамасы өзі қарап тұрды, пәтер жалдап, менімен бірге тұрды.
Гүлмираның ұлы қазір жеті жарым айлық. Алайда осыған дейін баланың әкесі бір де бір рет іздемепті. Бастапқыда ұлымның әкесін қорғап қалу үшін анамның бірге тұратын азаматы зорлады деп өтірік те айтқанмын. "Қазір оған сезімім суыды" деген жас ана осындай қателік жасағанына қатты өкініп отыр.

Гүлмира, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол жігітпен кездескеніме, танысқаныма ..бірақ баламды қолыма алғаныма емес..ол жігітпен танысқаныма қатты өкінемін. Алдағы жоспарым өзімнің үйім болған соң визажист мамандығына түссем деймін. Мықты визажист болам деп үміттенемін.. Баламды кішкене өскеннен кейін балабақшаға беремін...
Гүлмираның арманы асқақ. Ата-анамнан көрмеген мейірімді бауыр ет баламнан аямаймын дейді. Тіпті өзінен кейінгі сіңлілерін де қолына алғысы келеді. Орталыққа тамыз айында жеткізілген ол алғашқыда білім алуды ойлауға да шамасы болмаған. Қазір 9-сыныпта оқитын оқушыға орталықтағылар қосымша оқытушы жалдап отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір орталықтағылар бірінші кезекте жас анаға баспана әперудің амалын жасап жатыр екен. Бұл үшін арнайы есеп шот ашылып, оған қайырымды азаматтар ақша салуды бастап кеткен. Орталық басшысы сондай-ақ, қыздың әкесіндегі 2 млн теңгені де осы қорға аудартудың амалын жасап жатқанын жеткізді. Кезінде алданған қыздың өтемақысы ретінде жігіттің ата-аналары жер рәсімдеп берген екен.
Малика ЖҮСІПОВА, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әкесі енді алған ақшасын бергісі келмейді. Өйткені оның айтуынша қазір қасында шешесі бар, сол шешесі көмек берсін деген әңгімемен тоқталып тұр. Алғанын мойындап отыр. Оны мойындап отырған баланың әке жағы да айтып отыр: "Біз бердік, біздің ешқандай кінәміз жоқ" деп.

Гүлмира келер жылы 16-ға толады. Оған дейін ұлына туу туралы куәлік те ала алмайды. Дәл осы орталықта қазір Гүлмираның өз анасы да тұрып жатыр. Кезінде бес баласын күйеуіне тастап кетіп қалған келіншекті мұнда ұстап тұрудың өзі де оңайға соқпай тұр, - дейді Малика Жүсіпова. Тек Гүлмираның сәбиін балалар үйіне алып кетпеуі үшін осылай етуге мәжбүр екенін айтады.

Малика ЖҮСІПОВА, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Заң бойынша ол баланы балалар үйіне алып қоюы мүмкін. Екіншіден, қыз деген әлі 16-ға толмаған. Сол себептен осы "Көмекке" мамасын да алдыртып, қамқоршысы жасаттырып жатырмыз...

Түркістан облыстық полиция департаменті қыз әкесінің күдікті деп танылған кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты шағым-талабы жоқ болғандықтан, істі тоқтатқан. Сондай-ақ оған екі тараптың татуласуы себеп болған. Ал бүгін қыздың ата-анасы білім басқармасына шақыртылды. Орталық басшысының айтуынша, анасы тастап кеткен бес баланың жәрдемақысын әкелері әлі күнге дейін алып отыр. Сондай-ақ жомарт жандар жалғызбасты әкеге үй де алып берген көрінеді.

Просмотров материала: 4 731

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 124 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 795 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 294 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 340 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 708 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 530 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 854 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 514 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 891 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 814 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 438 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 136 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 855 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 421 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930