30 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Желіде тараған видеодан кейін интернат директоры жұмыстан қуылды

15 ноябрь 2021, 15:03
Желіде тараған видеодан кейін интернат директоры жұмыстан қуылды
Степногордегі Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында болған оқиғадан кейін осы мекеменің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде тараған видеодан кейін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев Степногор қаласына барып, шұғыл кеңес өткізді. Сол жерде Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының директоры Тұрсынбай Тоққожиновты жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Ал облыстық денешынықтыру және сопрт басқармасының жетекшісі Әсет Бүкібаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Бұдан бөлек, Степногор қаласы әкіміне оның орынбасары Гүлнәз Әбілованы тәртіптік жазаға тарту ұсынысы енгізілді. Ол осы салаға жауап береді. Сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны басқарады.

Шұғыл жиын кезінде мектеп-интернатында болған оқиғаның мән-жайы да жарияланды.

21 қазанда 8-сынып оқушылары жатақханада өздерін бір класс төмен оқып жүрген балаларды соққыға жыққан. Біреуі бәрін видеоға түсірген.

Сол күні психолог жатақхананы аралағанда видеоны көріп қалады. Сосын бірден интернат басшылығына хабар берді. 29 қазанда директордың шешімімен бұзақылық жасап, оқушыларды соққыға жыққандар оқудан шығарылды.

Алайда білім беру мекемесінің басшылығы құқық қорғау органдары мен кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияға есеп бермеген. Осылайша, тиісті органдарға хабар беру тәртібі бұзылды.

Артынан видео ата-аналар чатында тарады. Сөйтіп, 12 қарашада жергілікті пабликте жарияланды. Келесі күні кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өтті.

Ал Ақмола облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) және 194-бабы, 2-тармағы (Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Просмотров материала: 11 622

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 138 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 819 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 319 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 360 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 737 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 698 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 731 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 064 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 737 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 774 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 978 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 830 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 950 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 600 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 476 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 431 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 706 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 455 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 864 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 658 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 478 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 313 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 165 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 523 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 407 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 896 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 259 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 218 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 459 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 854 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 209 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 295 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 222 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 465 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 602 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930