18 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әйелдердің зейнет жасын қысқартуды талап еткен қазақстандық аналар наразылыққа шықты

09 ноябрь 2021, 16:05
Әйелдердің зейнет жасын қысқартуды талап еткен қазақстандық аналар наразылыққа шықты
Қазақстанда 60 мыңға жуық әйел үкіметке "зейнетке 63-те емес, бұрынғыдай 58 жаста шығу керек" деген талап қойып отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылыққа шыққан аналар әйелдерге 55-жастан кейін еңбек ету қиын екенін айтады. Ширек ғасырдан бері ауыр жұмыс істеп жүрген олар немере бағып, үйде отырар кезде таңнан кешке дейін жұмыста жүреміз десе, Еңбек министрлігі "тиісті заңды өзгерту үшін біраз зерттеу қажет, барлық аналардың айтылған талабын ескереміз" деп сендіргендей болды. Бұл туралы 31-арна хабарлайды.

Аналар әйелдердің зейнетке шығу жасын жылда өсірмей, керісінше, қысқартсын дейді. Өйткені қазірден денсаулығымыз сыр бере бастағанда 63 жасқа дейін еңбекке жарамсыз болуымыз мүмкін деп отыр.

“Елу бес жастан асқаннан кейін әйелдердің денсаулығы жұмыс жасауға келмейді. Оны бүкіл Қазақстан әйелдері жақсы біледі. Көп балалы аналар олар 63-ке дейін зейнет жасына жете алмауы мүмкін. Қазір біздің денсаулығымыз мына біздің әлеуметтік жағдайға байланысты өте төмен!” – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кенжеш Сембаева.

Алматылық аналар да Абай ескерткішінің маңын бір сәт әнге бөлеп, өткен-кеткендердің жүрегін сыздатты. Мұнда да жиналған әйелдерден арнайы жасақ көп. Талап қойып келген аналардың көбі қара жұмыс істейді. Ауыр жұмыстан онсыз да қажыдық деген олардың айтуынша, қазір 60 мыңға жуық әйел зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр.

“Алпыс мыңдай қол қойылды. Барлығы қатысамыз деген ниетте болды. Бірақ белгілі бір себептермен шыға алмай қалды. 2018 жылы заң өзгергенде мен 55-те едім. 55-те маған айтты, сен 58-де шығасың деп. Мен енді биыл 58-ге толып отырмын. Енді айтады 62-де шығасың дейді. Мен енді 62-ге келгенде 65-те шығасың демесіне кім кепіл? Ешқандай кепілдік жоқ оған”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Құрақбаева.

Ал жауаптылар зейнетақы жасы елдегі демографиялық және экономикалық жағдайға байланысты өзгерді дейді. Әйелдердің талабын заңға енгізу үшін қазір арнайы жұмыс тобы құрылыпты.

“Бүгінгі күні әйелдер қозғалысының барлық ұсыныстары бірінші вице-министр Әділ Ахмадиевтың төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырыстарында қаралады. Бұл ұсыныстарды қарау әлі аяқталған жоқ”, – дейді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Әйгерім Бекетова.

Әйелдердің зейнетке шығу жасының қысқару-қысқармау әзірге үлкен сұрақ. Мамандар, министрлік өкілдерінен құралған жұмыс тобында наразылыққа шыққан әйелдер де бар, сондықтан, талаптарының барлығын ескереміз деп сендірді. Жұмыс тобының соңғы отырысы осы айдың соңында өтеді. Алайда елорда мен Алматының аспанына ән әуелетіп, зарлы үндерін үкіметке жеткізгісі келген әйелдер болса "талабымыз орындалмаса наразылықты тоқтатпаймыз" деп отыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда ерлер 63 жаста, әйелдер қазір 60 жастан зейнетке шығады. Алайда 5 және одан да көп бала туған немесе асырап алып, 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53-інде, Семей ядролық сынақ полигонының радиация қаупі ең жоғары аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жаста зейнетке шыға алады. "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы бойынша әйелдердің зейнетке шығатын жасына 2018 жылдан бастап жыл сайын алты ай қосылып келеді. Осылайша, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы ерлердікімен теңестіріліп, 63 жаста зейнетке шығады.
Просмотров материала: 6 694

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 200 388 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 003 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 199 500 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 199 554 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 199 920 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 658 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 726 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 029 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 620 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 702 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 903 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 601 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 641 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 277 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 796 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 518 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 212 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 610 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 415 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 305 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 137 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 987 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 300 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 211 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 706 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 568 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 056 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 289 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 667 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 043 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 985 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 099 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 051 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 246 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 399 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031