7 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰҚК жедел қызметкері Назарбаевқа қатты әсер еткен қылмыс туралы әңгімелеп берді

09 ноябрь 2021, 12:32
ҰҚК жедел қызметкері Назарбаевқа қатты әсер еткен қылмыс туралы әңгімелеп берді
Мемлекет қиын күндерді бастан өткізген 90-жылдардың соңында ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мемлекеттік резервті жымқыруға қатысты ауқымды тергеу амалдарын бастады. Қоймадағы құнды қорды ұрлау фактілері анықталғаннан кейін арнайы қызмет жоғары лауазымды шенеуніктерді тергеуге алды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Жанармай мен консервілер жоғалып кетті

"Елордадағы пункттердің бірінде жанар-жағармайдың ізім-ғайым жоғалғаны туралы агенттен келіп түскен хабарлама күдік тудырды. Яғни, құжат бойынша барлығы дұрыс та, бірақ іс жүзінде ешқандай бензин болмаған", - деп ҰҚК сайты жедел қызметкерлердің бірінің естелігінен үзінді келтірді.

Ашық ұрлық пен немқұрайлылық фактілері жаға ұстатты. Басқа өңірлерде де тексеру басталып, кейіннен қылмыстық іс қозғалды.

"Мемлекеттік материалдық резерв қоймаларындағы былық жауапты тұлғалар істі құрдымға кетіргенін растады және қиын жағдай туындап қалса, оның салдары адам айтқысыз болар еді. Ол тек жанармайға ғана қатысты емес. Стратегиялық қордағы кейбір азық-түлікті (консервілер, макарон өнімдері, жарма және басқалар) кейбір әскери бөлімдерге сатқаны туралы фактілер де анықталды", - деп еске алды қызметкер.

Тез арада Қазақстанның әр өңірінде мемлекеттік резерв нысандарын тексеруді ұйымдастыру үшін жұмыс топтары құрылды. Барлық процесс орталықта үйлестіріліп, анықталған заң бұзушылықтар туралы барлық материал осы жаққа жолданып отырды.

Осылайша бірнеше айдың ішінде қажетті резервті сақтайтын шамамен 280 пункт тексерілген. Сондықтан ол операция ауқымды ғана емес, халықтық сипатта өтті. Себебі "өзекті мәселелерді жедел шешу үшін бүкіл республика бойынша ондаған агент пен жанашыр азаматтарды тартуға тура келді".

Қоймалар босап қалды

1999 жылдың жазында жасалған қылмыстардың беті ашыла бастады. 1996-2000 жылдары Қазақстанның мемлекеттік материалдық резерв комитетінің басшылығы негізінен жымқырылған материалдық құндылықтардың орнын толтыру және олардың бүтін сақталуын бақылаумен айналысты. Бірақ шенеуніктер бұл мәселені белсенді түрде тек қағаз жүзінде іске асырып келген. Шындығында ешқандай бақылау жүргізілмеген. Сонымен қатар қоймаларда сақтаулы тұрған құнды заттарды сатып, табысты өз қалтасына салуға болатын тауар ретінде қарастырып келген. Ал өздері сатқан тауарды қағазда жарамсыз немесе жою арқылы жаңартуды қажет ететін өнім ретінде көрсеткен.

Соның салдарынан қоймалар қаңырап, ондағы өнімдер құнсыз болды және төтенше жағдай туындап қалғанда, ол халық пен мемлекет қажеттілігін өтей алмайтын еді.

Ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп

Сол шақта мемлекет басшысының атына хат дайындалып, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы жағдай егжей-тегжейлі сипатталып, шұғыл шара қабылдамаса, ұлттық қауіпсіздікке қандай қауіп төнетіні туралы баяндалды.

"Жіберілген ақпараттың жарылған бомба секілді әсері болды. Мемлекеттік материалдық резерв қоймаларындағы былық туралы есеңгірететін деректер Қазақстан президентіне де қатты әсер етіп, біздің жұмысымыз жоғары бағаланды. Мемлекет басшысы үкіметтің кезекті бір отырысында қалыптасқан жағдайды айтып, шенеуніктерді сын тезіне алды", - деп жазылған естелікте.

Шенеуніктер өз кабинетінде қамауға алынды

Ондаған жедел қызметкер мен тергеуші құжаттарды тәркілеу және айғақтарды тіркеумен айналысты. Банктердегі есепшоттарға бұғау салынып, сан миллиондаған теңгенің келісімдері кері қатарылды.

1999-2003 жылдар аралығында ҰҚК экономикалық қауіпсіздік департаменті мемлекет мүлкін жымқыру және қиянат жасау фактілері бойынша 37 қылмыстық іс қозғады.

Жалпы сомасы 160 миллион теңге болатын материалдық құндылықтың жетіспейтіні анықталды. Орта буындағы басшылармен қатар мемлекеттік материалдық резерв комитетінің сол шақтағы төрағасы мен алдыңғы екі басшысы да абақтыға жабылды.

Осындай жағдай тағы қайталанбас үшін заңнамаға ауқымды өзгертулер енгізілді. Қабылданған іс-шаралар Қазақстан резервін құру және сақтау процестерін одан әрі жетілдіруге серпін берді.
Просмотров материала: 615

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 147 006 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 146 815 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 146 472 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 146 493 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 146 798 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 683 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 836 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 984 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 553 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 757 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 764 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 979 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 886 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 767 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 589 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 726 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 880 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 546 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 912 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 644 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 648 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 490 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 335 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 584 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 528 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 037 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 457 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 370 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 605 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 958 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 365 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 349 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 394 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 335 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 711 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031