16 февраля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біз қандай ұлтпыз?!

15 август 2014, 18:11
Біз қандай ұлтпыз?! Қытай орталығы Пекин қаласында дүниеге келген жас жазушы Айдос Амантай өзінің «Айдос – Шолпан» романы арқылы миллиардтар елінің қаламгерлерін тәнті етіп отыр. Қытай тілінде жазылған романның постмодерндік сипаты мен мазмұндағы жаңалығын айтып жатқан қытайлық сыншылар, жазушының болашағынан үлкен үміт күтуде.

Қытай тілінде жазылған бұл романның алғашқы таралымы 10 мың данамен басылып, оқырманның қызығушылығын тудырған. Ол жиырмаған жетпей, «Ең кемел қиықтар» атты жыр жинағын да шығарыпты. Айдос тілі қытайша шыққанынан қарамастан, өз қалауы бойынша Атамекенге келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін биыл аяқтап, Қытайға кетті.

Осында жүріп, қазақша үйренді. Болашақта Америкаға барып, шығармашылық ізденіске жол ашпақшы көрінеді. Бар арманы әлемге әйгілі жазушы болу әрі қазақтың рухани болмысын сөз өнерімен кестелеу көрінеді. Жуырда Қытайдың сайттарына жарияланған «Қазақ мәдениеті» атты ой-толғамы жарық көріпті. Біз арғы беттегі қандастарымызыдң сайттарынан сол мақаласын ықшамдап, газетке беруді құп көрдік. Пекинде туған қазақтың өз ұлтын қалай танығаны оқырманды бей-жай қалдырмас деген ойдамыз.

Біз қандай ұлтпыз

Американдық Джон өткен апта Алматыдан кетті, көңілсіздік меңдеп алды.

Қайыршыға көзқарас

Жер асты өткелегінде бір қайыршы әйел тұр. Оның ауғанстаннан қашып шыққан тәжік әйел екенін білдім. Қасына кішкене баласын ертіп алыпты. Оның қасынан көптеген қандастарым өтіп жатты, ара-тұра азын-аулақ тиындарын тастап кетеді. Қайыршыға ақша берген оң қолмен емес, сол қолмен беру керек және қайыршының көзіне қарамаған абзал. Басқа қазақтар қалай істейтінін білмеймін, әйтеуір кішкене кезімнен бастап маған шешем:

– Қайыр бергенде сол қолыңмен бер, – деп ескертіп отыратын. Бір жолы оң қолыммен беріп едім, шешемнің жата кеп ұрысқаны бар. Мен қайыршының көзіне қарамау туралы америкалық Джонға айтқанымда, бар білетін қазақшасымен ол «түсінбеймін» деді. Мен де түсінбеймін. Бәлкім «Құранда» солай жазылған шығар. Бірақ іздеп таппадым. Мен америкалық досыма қайыршының көзіне қарамай, сол қолыммен ақша беріп жүргенімді айтқанымда, ол менің мұндай надандығымды бетіме басып, «Америкада қайыршыларды кемсіту әрекеті жоқ», – деді. Мен сонда ғана қазақтың көп ырым-жырымдарының көбі мәдениет емес, қарабайырлық екенін сездім. Американдық христиан мүриті. Ол Алматыға келгенде маған:

– Сендердің өзбектерді ұнатпағандарың жарамайды. Олар да сендердің мұсылман туысқандарың, – деген. Сонда қасымыздағы кейбір қазақ студенттер таласа-тармаса шулап кететін.

– Мен қазақтың адай руынан боламын. Адайлар қазақтың ең текті, сорпа бетіне шығатын, қаны асыл руы есептелінеді, – деп. Мұндай жағдай көп қайталанушы еді. Сонда бұл ұлттан не үміт қалды?..

Америкалық қазақстандық студенттерге сабақ бергелі келген ұстаз, алматылықтар күніне неше түрлі жиын, басқосулар өткізіп, өздерін Америкаға мақтап кеп жататын. Біз деген бай... Бізде мұнай көп. Біз деген атақты... Дәл сол кезде мен бетімді бүркеп алып, америкалық досым Джонға:

– Мұндайларды ұнатпаймын, араласқым жоқ, – деп айттым. Ол таңырқағандай:

– Не үшін, сенде сонау алыстан кеп отырсың, өз ұлтыңды сүймесең не үшін келесің бұл араға, – деді. – Бұл сенің ұлтың, өз қаның...

Шындығында, америкалықта арамыза және қатігездеу келеді, бірақ ол мыналармен салыстырғанда сүйкімділеу...
Джон бұл араның мән-жайын барған сайын біліп келеді, саған сәттілік тілеймін, досым.

Оның діні басқа болса да, күніне қара көже ішіп, қалтасындағы ақшасын қазақтарға қағып беретін. Оның ақшасын алатындардың кейбірі қайыршы болмаса да, азырақ пайдаға қызығып алып кететін қазақтар жоқ емес, сондай кезде менің қаным қайнап, жұдырығымды ала жүгіретінмін. Сонда Джон менің алдымды тосып: «Мейлі, ала берсін, мейір бағыштау дегеніміз осы...», – дейтін. Оның қарыз ақша беру дағдысы өзгеге ұқсамайтын. Оған қарыз алған ақшаңды қайтармайсың, қайта келесі бір адамға тоқтаусыз отыруың керек. Көптеген қазақтар оны жынды деп боқтайтын, одан жүз доллардан артық ақша алып алса да, оның жүзі айналып кеткен соң маған:

– Айдос, қарашы мына американдыққа, ақшаның қадірін білмейтін жынды, күндердің күнінде осының зардабын тартады, – деуші еді беттері бүлк етпей. Әкесінің басы... Джон, сен нағыз азаматсың!..

Ол менімен қазақ мәдениеті туралы беріле сөйлесуге құштар еді. «Досым, сен Түркияға барсаң болады. Ислам мәдениетін сезінесің. Бұл жердегі қазақтар сені: «жат діннің өкілі, сектант, жоғал» дейді ғой Джон саған». Сен үнемі тілек тілейтінсің, мен сенен «Неге?» деп сұрағанымда: «Қазақ өзіне тиесілі бақытын тауып алуы керек. Кедейлерге жақсы көзқараста болыңдар. Қазақ ұстаздар оқушыларға жауапкершілікпен қараса, оқушылар да ынталы болар еді... Студенттер күнде түнгі клубқа барып, құйрықтарын бұлғаңдатқанша, біраз нәрселерге ой жүгіртіп, білім іздесе, сонда ғана қазақ бақытты болар», – дейтінсің...

«Сенен гөрі ол көмекке мұқтаж»

Қазақ ұлттық университетіндегі француз тілінен сабақ беретін қазақ ұстаз бір қыз баланы аямай боқтап, оның тапсырмасын бетін лақтырып жіберді. Себебі, оның тапсырмасында қателіктер көп еді. Компьютер мұғалімі де тапсырманы жыртып, студенттің бетіне лақтырғанға құмар. Сол ұстаздар ең төмен жалақы алып жүреді де, өзінен бір саты жоғары бастық келсе, алдарында құрша жорғалап, өздері боқтайтын студенттерден бетер имеңдеп қалушы еді.

Мен тапсырмаға бір кестені сызғыш істетпей, қолмен сызғаным үшін басыма салып кетті. Ойлашы, мен осы мақаланы бірер қазақтың көргенін армандаймын. Бейжіңде бірде бір мұғалім маған тиісіп көрмеген еді. Ал Қазақстанда 22 жастағы атпал азамат болып қалған мені университет ұстазы басыма ұрды да: «Ұят жоқ», – деді. Мен бұл іске қатты ашуландым. Джон маған түсіндіріп: «Сенене гөрі, сол сені ұрған мұғалім көп көмекке мұқтаж. Сен оған рахмет айтуың керек, – деді...

Ораза айт күні мен мешіттен шығып келе жатып едім, қалың қайыршы мені қоршап алды, дұрыс, намаз өтеп болғасын, қайыр-садақ беру тура. Бұл жердегі қайыршылар шетінен ақша талаушыға айналып қалған. Мен ақша беріп келсем, ең соңында тұрған біреуі менен қайыр сұрады. Мен қалтамда қалмағанын айтсам, ол маған ашу шақырып, боқтап, жерге түкірді... Ашуымның келгенін қара... Кітапта қайыршыға қайыр ет деген, бірақ барлық жарлыға демеген секілді еді. Тағы түсінбегенім, мешіттің алдында мұнысы несі?! Джон маған мұндай адамдарды сүюің керек, тұрмыс осыларды мүшкіл халге түсіріп қойған, амалсыз қайыр тілейді деген.

Қош бол, Джон!

Джон бір жолы тоналып қалды. Ол ұрыны ұстап алғаннан кейін, оған жекірудің орнынаодан тағы да ақша алатынын-алмайтынын сұрайды. «Сен қаржыдан тарығып жүрген болсаң, мен саған тағы да ақша беремін, бірақ менің бір шартым бар, сен сөзсіз ұрлығыңды тастап, жақсы адам боласың, өзің адал қызмет тауып, табан ет, маңдай теріңмен жан бағасың, осыған келісетін болсаң, мен саған көп көмек қыламын, ақша беремін» деген. Джон ұрыларды да өз інісіндей көріп, жанашырлық көрсететін.

Джон кеткен күні мен әуежайда жападан жалғыз құлазып қала бердім. Бүкіл Алматы бір уыс қалаға айналды да, иен атыраптай сезілді. Бұл арада Қазақстанда өмір бойы қалу деген болмайды, кету керек шығар. Сол күні әуежайдан екі сағат бойы жаяу жүріп, үйге әзер жеттім...

(Жалғасы бар)

Кала мен дала газетi
Просмотров материала: 2 995

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 135 367 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 135 169 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 134 822 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 134 848 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 135 157 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 054 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 222 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 321 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 676 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 833 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 092 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 574 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 739 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 621 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 440 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 568 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 737 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 407 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 759 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 508 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 509 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 349 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 192 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 435 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 373 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 896 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 274 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 229 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 448 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 801 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 213 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 208 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 249 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 416 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 565 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728