4 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Каспийден Алтайға дейін" автоэкспедициясы оңтүстік астанаға келді

28 октябрь 2014, 0:41
"Каспийден Алтайға дейін" автоэкспедициясы оңтүстік астанаға келді Маңғыстау облысынан шығып, еліміздің әр өңірін аралап келе жатқан дүбірлі автокеруен Қазақстанның оңтүстік астанасы ‒ Алматы қаласына ат басын тіреді. Қалаға келген күннен бастап мәдени-рухани орталықтарға, тарихи орындар мен көрікті жерлерге саяхат жасады.

Алматыға келген күні экспедиция екіге бөлініп, бірі Үшқоңыр жайлауына жол тартса, екінші топ қаланың демалыс орталықтары ‒ Медеу мен Көктөбе жаққа және «Ұлттық халық аспаптар музейі» мен ҚР Тұңғыш Президенті саябағына барды. Екі топ та Алматының әсем табиғатын тамашалап, басты миссиялары ‒ сурет және видео коллекциясын жинап, әлеуметтік желілер арқылы көпшілікпен әсерлерін бөлісіп отырды. Сол күні кешке «Қазақстан» қонақүйінде блогерлермен кездесу өткізіп, Қарағанды облысы туралы видеосюжеттің тұсаукесерін жасады. Блогерлерге сұхбат беріп, экспедициядан көрген-білгенін, түйген ойларын айтты.

Автокеруеншілер: "Экспедициямыз оңтүстік астанамыз - Алматы қаласына келді. Арнайы Алматыға біз екі күнімізді арнадық. Солтүстік өңірден келгеннен бері Жетісу жерінің ауа-райы жылы қарсы алған болатын. Ал, кетер күні қар жауып кетті. Ауа-райының құбылмалдығы Алматы үшін үйреншікті жағдай. Бәрімізге белгілі, Алматы - еліміздің ірі қаржы және туризм орталығы. Экспедициямыздың негізгі мақсаттарының бірі - ішкі туризм болғандықтан, Алматының мақтан тұтар жерлеріне қарай бет алдық. Сапарымыз 1961метр биіктікте орналасқан Медеу мұз айдынынан басталды. Сіздерге белігілі, Медеу дүниежүзінде таулы аймақта орналасқан ең ірі спорт кешені екенін. Оның аумағын 10,5 мың шаршы метрді алып жатқан жасанды мұз айдыны алып жатыр. Медеуде коньки тебуден 200 астам әлемдік рекордтар жасалынған. Медеуден кейінгі бағытымыз- Көктөбе болды.

Салыстырмалы биіктігі 370 метрде орналасқан демалыс орны қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті жері. Осы жерде біз құсбегі Елтай Жұмағұлұлымен кездестік. Ол құсбегілік пен саятшылықтың қыр-сырымен бөлісті. Елтай бүркіт бағуды әкесінен үйренген екен. Осы дәстүрді жеті атадан бері сақтап келе жатқан көрінеді. Елтайдың Дауыл деген бүркіті республикалық жарыстардың төрт дүркін чемпоны. Қазір Елтай бабалар дәстүрін сақтау мақсатында, қос ұлын осы өнерге тәрбиелеуде. Осы кездесуден кейін, экспедициямыз Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайын тамашаладық. Осында біз қазақ музыкасының тарихымен танысып, белгілі тұлғалардың жәдігерлерімен таныстық. Мұражайдан кейін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың туған ауылына барып, ұстазымен кездесіп, сұхбат алдық",- дейді Алматыдағы бірінші күн туралы.

"Каспийден Алтайға дейін" автоэкспедициясы оңтүстік астанаға келді


















"Каспийден Алтайға дейін" автоэкспедициясы оңтүстік астанаға келді



















"Каспийден Алтайға дейін" автоэкспедициясы оңтүстік астанаға келді



















Ал, екінші күні, яғни 27 қазанда автоэкспедиция "Сұңкар" шаңғы трамплин кешенімен танысты. Осыдан кейін, Алматының орталық көшелерінде автошеру өткізіп, еліміздегі ең үлкен оқу ордасы ‒ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өткізіп, Маңғыстау облысы туралы арнайы сюжеттерін көрсетті. Саяхаттың мақсатын түсіндіріп, Отанды сүюге шақырды. ҚазҰУ студенттері де автокеруеншілерді ыстық ықыласпен қарсы алып, тіпті арнайы өлең де шығарды. Әдеттегідей, италияндық әнші Сон Паскаль ән шырқап, жастарды маңайына үйіре алды. Соңынан бәрі естелік суретке түсіп, тілек кітапшалары мен тақтайшаға жастардың лебізі жазылды.
Студенттер белсендісі, ҚазҰУ-дегі Жастар ұйымы комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіқадіров осы шарадан алған әсерін былайша жеткізді:
«Бұл экспедицияның басталғанын естігеннен бері өз қаламызда күтіп жүрген едік. Ал, бүгін Алматыға, тіпті ҚазҰУ-ға келуі үлкен қуаныш болған секілді. Біз, ҚазҰУ жастары осы республикалық шараға аз ғана болса да, пайдамызды тигізгенімізге қуаныштымыз. «Менің елім-Мәңгілік ел» деген экспедицияның шығуы ‒ тарихи оқиға. Ал, осы экспедицияның құрамында болу ‒ елдің әр бір жас патриотының арманы шығар. Егер мен осылай саяхаттауға шақырса, ойланбастан барар едім».

Шара біткен соң, экспедиция еліміздегі жалғыз метроны тамашалауға барды. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы ең үлкен кинотеатрмен танысып та үлгерді. Осылай, Алматы қаласындағы сапар аяқталды.

Экспедиция техникалық жұмыстарын ретке келтіріп, қайта жолға шығып кетті.

Керуеннің келесі барар нүктесі ‒Жамбыл өңірі, тарихқа тұнып тұрған Тараз қаласы қаласы.
Просмотров материала: 2 257

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 627 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 461 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 081 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 131 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 420 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 213 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 352 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 578 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 635 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 795 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 491 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 934 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 391 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 231 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 052 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 254 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 325 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 996 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 387 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 109 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 121 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 956 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 787 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 045 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 989 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 504 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 977 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 823 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 100 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 436 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 841 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 795 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 843 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 802 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 028 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 173 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930