16 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жастарды медиаақпараттарды сыни бағалауға үйретуіміз қажет - Мәжіліс депутаты Г.Ықсанова

25 декабрь 2013, 19:28
Жастарды медиаақпараттарды сыни бағалауға үйретуіміз қажет - Мәжіліс депутаты Г.Ықсанова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінде халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру қажеттігі турасында айтып, барша қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсенді игеруге шақырып келеді. Соңғы 10 жылдың ішінде ақпараттану деңгейі ерекше мәнге ие болу үстінде.

Бұл ретте, өсіп келе жатқан жас буынның дүниетанымы тек қана қарапайым білім беру үдерісінен, отбасылық құндылықтардан және дәстүрлі БАҚ-тардан алған ақпараты негізінде қалыптасып отырған жоқ. Сонымен бірге басқа да ақпарат көздерінен, әсіресе оның ең бастысы Ғаламтордан мол ақпарат алуда. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Гүлнәр Ықсанова аталған салада орын алып отырған бірқатар проблемаларды қозғады.

- Гүлнәр Мұстақымқызы, бүгінгі таңда сөз Ғаламтордан ақпарат алу турасында ғана болып отырған жоқ. Сонымен бірге «медиа білім алу» туралы да айтылуда. Осыған орай біздердің алдымызда қандай преспектива бар?

- Шындығында бүгінде «параллель мектеп» термины бар. Ол аталған проблеманың өршіп келе жатқандығын көрсетеді. Білім беру мен дәстүрлі БАҚ байыпты бәсекелеске тап болып отыр. Бұл - ақпараттық технологиялармен тұрақты түрде жаңартылып отыратын жаңа ақпараттық орта. Бірақ, ең алдымен ғылыми-техникалық прогресс жаһандық коммуникацияның әмбебап тәсіл табуына мүмкіндік берді. Кітап, кино, музыка, театр, БАҚ сынды дәстүрлі білім көздерінің қатарын ұялы байланыс, ғаламтор, сандық телеарна, компьютер сияқты жаңа бағыттар толықтырды. Ақпараттық ортаның өзгеріске ұшырауы ең бірінші жастарға әсер еткендігі сөзсіз. Жастар ендігі уақытта еш қиындықсыз әлеммен байланысқа шығып, сөйлесе, өзінің шығармашылық идеяларымен бөлісе алады. Ал өзіндік бағыт таңдау, өзінің жеке шынайы әлемін қалыптастыру мүмкіншілігі жастарды одан әрі еліктіре түсетіндігі түсінікті.

- Демек, жастарда коммуникативтік кеңістік пайда болып отыр. Ал бұл жастарға не береді?

- Ғаламтордың виртуалды шындығы біртіндеп заманауи адамның ерекше тіршілік ету ортасына айналып келеді. Дәл осы орта тақау арада өзіндік бірегейлік, өзін-өзі жүзеге асыру және коммуникативтік кеңістік қалыптастыру векторларының біріне айналады. Бұл қазіргі таңда тұлғаның социумда жемісті ықпалдасуы үшін қажет. Жастардың жаңа мүмкіншіліктерді пайдалана алуы ең алдымен өзіне тікелей байланысты екендігі анық. Дегенмен, онда мемлекеттің де қоғамның да үлесі бар. Жастар аудиториясының медиалық тәлім-тәрбиесі саналы әрі ондай да болмауы мүмкін. Саналы медиалық тәлім-тәрбие барынша сауатты аудиторияның өзіне ұсылған контентті сыни бағалай алатындығын көрсетіп отыр. Жастар ақпараттық қолдау жеткілікті әрі барлық жағдай жасалған кезде өзінің өздіксіз білім алуын жемісті жүзеге асыра алады.

- Жастардың медиалық тәлім-тәрбиесі саналы болуына қалай қол жеткізуге болады?

Ол тек медиаконтентті тұтынып қана қоймай, сонымен бірге оны сыни бағалауды үйренуі тиіс, медиақпаратты шығармашылық тұрғыда пайдаланушыға айналуы қажет. Ал ол үшін оған сәйкесінше медиа білім беру керек әрі мұны мектеп кезінен қолға алған дұрыс. Балалар мәліметтер алу, медиаконтент шығару, олармен алмасу үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуі қажет. Ең бастысы, оңтайлы таңдау, тану әрі кей жағдайда агрессивті не болмаса қауіпті сипаттағы медиаконтентті сыни бағалай алуы керек. Мәселен, Ұлыбританияда медиа білім беру саласындағы педагогикалық стратегияға сәйкес педагогтер ең алдымен медиа арқылы адамның жеке тұлғасын дамытуға, шығармашылық әрі коммуникативтік қабілетін, сонымен бірге сыни ойлай білуін, түсінуін, медиамәтінді сараптап, бағалай алуын қалыптастыруға баса назар аударылады.

Медиалық тәлім-тәрбие оқушылар мен студенттерде жалпы білім беру барысында мектепте, колледждерде, ЖОО-ларда қалыптасуы тиіс. Оны негізгі пәндермен бірге, сондай-ақ жастар орталықтарында дербес оқытуға да болады.

- Кейде жас буын көзбе көз сөйлесуден, сондай-ақ жазудан әрі оқудан қалуы мүмкін деген қауіптің де айтылып қалатындығы белгілі. Сіздің көзқарасыңызша, мұндай нұсқа қаншалықты шындыққа жақын?

- Шынында жастар кітапты емес, олардың электронды нұсқасын оқуды қолайлы көреді, ал интернет-ресурстар журналист кадрларды кәсіби дайындауда арнайы бағытқа айналып отыр. Интернет-блоктар қашықтықтар мен түрлі мәдениеттер тосқауыл бола алмайтын ақпаратты жедел әрі тиімді алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда ғаламтордың пайда болуының салдарынан жастардың аз оқитындығы рас. Дегенмен бұл ретте көмекке жас оқырмандар үшін мүлдем жаңа мүмкіншіліктер ашатын әрі кітапхана қызметін кеңінен енгізуді қола алған интернет технологиялардың өзі-ақ көмекке келеді. Айтпақшы, бұл технологиялар жастардың кітапқа, мұражай мен театрға қызығушылығын туындата алады.

- Жастардың білім алуын кеңейту үшін ғаламторды тағы қалай қолдануға болады?

- Тиісінше ыңғайы болған жағдайда интернет жастардың мәдениетпен араласуына демеу бола алады. Мәселен, қазіргі уақытта виртуалды мұражай дамуда, электронды нұсқада әлемнің көптеген танымал мұражайлары ұсынылған. Қазіргі әлемде шетел тілдерін білу де зор маңызға ие болып келеді. Бүгінде электронды нұсқада оқу материалдарын алуға, шетел тілдерін мультимедиалық нысанда оқуға әрі интерактивті жаттығуларға машықтануға мүмкіндік бар. Шетел тілдерін қашықтан оқу да қолжетімді болып келеді.

- Сіз әңгіме барысында Ғаламторда агрессивті әрі қауіпті контенттердің де кездесетіндігін атап өттіңіз. Ал жастардың дәл сондай ақпаратты таңдамауы үшін не істеу қажет?

- Әрине, Ғаламторда ғылым қоғамдастық қалыптастырған ақпараттың бір бөлігі ғана бар, ал қалғандары стихиялық түрде толықтырылған. Сондықтан да осы ерекшелікті қаперде ұстау қажет. Жастардың медиаақпаратты сыни бағалай білуі, сараптай алуы, оны бара-бар қабылдай алуы аса маңызды. Біздің жаңа сын-қатерлерге қаншалықты тиімді жауап бере алатындығымызға біздің болашағымыз тәуелді. Контенттің басым бөлігі барынша төмен кәсіби деңгейге, ең бастысы төмен мәдени деңгейге ие. Бұл негізгі тәуекелдерді қалыптастырады - соның салдарынан жас буынның құндылықтар мен моральдық-өнегелік координаттың басқа жүйесін алу қаупі туындайды. Өсіп келе жатқан жастар үшін барынша тартымды болып отырған ақпараттық технологиялар тек қана көңіл көтеру емес, сонымен бірге білім алу құралы болуы үшін мемлекет бұл саламен айналысатын жаңа институттардың құрылуына қол ұшын созуы тиіс.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Автор: Марлан Жиембай, Қазақпарат
Просмотров материала: 2 412

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 800 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 631 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 259 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 307 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 589 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 065 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 200 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 425 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 427 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 592 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 319 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 841 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 209 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 917 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 813 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 763 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 989 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031